Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 16.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Toggle Dropdown
2) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
Toggle Dropdown
3)жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
Toggle Dropdown
4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Toggle Dropdown
6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
Toggle Dropdown
7) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
Toggle Dropdown
8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
Toggle Dropdown
10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
11) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
12) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі
Toggle Dropdown
3. Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Toggle Dropdown
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
Toggle Dropdown
5. Жастар практикасын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.
Toggle Dropdown
6. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
Toggle Dropdown
7. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс беруші ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинет» арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
Toggle Dropdown
9. Жұмыс беруші өтінімде мынадай мәліметтерді: Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес кәсіпті, жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, білім деңгейін, кәсіби дағдыларды, жұмыскерлердің нақты санын, бос жұмыс орындарының болуын, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігін көрсетеді.
Toggle Dropdown
10. Жұмыспен қамту орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырады және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Toggle Dropdown
11. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, кәсіпті және еңбекақының мөлшерін көрсете отырып, кезекті қаржы жылы жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.
Toggle Dropdown
Жұмыс берушілердің тізбесі күнтізбілік жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
Toggle Dropdown
12. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің тізбесі бектілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімін әрбір өтінім бойынша «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізеді.
Toggle Dropdown
13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушінің кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға қатысуынан бас тартуы туралы шешім қабылдаған кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетіне» «Еңбек нарығы» ААЖ-дан себебі көрсетілген бас тарту туралы хабарлама түседі.
Toggle Dropdown
14. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның жұмыс берушінің өтінімдері бойынша оң шешімінің негізінде жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шартты (бұдан әрі – Шарт) жібереді.
Toggle Dropdown
15. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығынан Шарт түскеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оған Электрондық еңбек биржасында ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қояды.
Toggle Dropdown
16. Жұмыс беруші Шарттың негізінде жастар практикасын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде жастар бойынша бос орындарды Электрондық еңбек биржасында жариялайды.
Toggle Dropdown
Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) немесе немесе Ұлттық кәсіптер жіктеуішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіпке(мамандыққа) сәйкес келеді.
Toggle Dropdown
17. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар:
Toggle Dropdown
1) жеке басты куәландыратын құжатты
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) [35-бабына|662993542]] сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);
Toggle Dropdown
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжатты қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш береді.
Toggle Dropdown
Жеке басын куәландырғаннан және «Еңбек биржасы» ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар жұмыссызға қайтарылады.
Toggle Dropdown
18. Жұмыспен қамту орталығы жұмыссызадрға олардың келісімімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.
Toggle Dropdown
19. Жұмыссыз жұмыспен қамту орталығынан жолдама алған күнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінеді.
Toggle Dropdown
20. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығы берген жолдама бойынша жүгінген жұмыссыздарды жастар практикасына қабылдайды.
Toggle Dropdown
21. Жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын қабылдау немесе одан бас тарту туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
23. Жұмыс беруші жұмыссызға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.
Toggle Dropdown
24. Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.
Toggle Dropdown
25. Жұмыс беруші таратылған және жұмыс беруші жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайларда жастар практикасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан адамдар қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастырады.
Toggle Dropdown
26. Жастар практикасына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысады.
Toggle Dropdown
27. Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетеді.
Toggle Dropdown
28. Жұмыспен қамту орталығы жастар практикасын аяқтағаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Toggle Dropdown
29. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетінде» ай сайын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қатысатын жұмыссыздар туралы мәліметтерді толтырады және есепті ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына электрондық форматта жібереді.
Toggle Dropdown
30. Жұмыспен қамту орталығы есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейінгі мерзімде жұмыс берушілердің мәліметтерінің негізінде «Еңбек нарығы» ААЖ-ға жастар практикасына қатысатын жұмыссыздардың статустары бойынша деректерді қояды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі
Toggle Dropdown
31. Жұмыссыздаррдың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Toggle Dropdown
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
Toggle Dropdown
32. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
33. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді қоса қаржыландыруды және субсидиялауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
34. Жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуді жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай ай сайын жұмыспен қамту орталығы жүргізеді және екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарға (карточкалық) ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
35. Жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
Toggle Dropdown
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыланыруға № _______ шарт
Toggle Dropdown
______________________________ __________________ Жасалған орны Күні
Toggle Dropdown
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 516 бұйрық) және ___________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, респубикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20 ___ жылғы ___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе «Тараптар» деп аталатын бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ______________________ ауданы (қаласы) Халықты жұмыспен қамту орталығының атынан _______________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________ (директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын __________________________
Toggle Dropdown
негізінде әрекет ететін ____________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________ атынан (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны) ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Toggle Dropdown
жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыланыруға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:
Toggle Dropdown
1. Шарттың мәні
Toggle Dropdown
1.1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасын ұйымдастыру жіне қаржыландыру.
Toggle Dropdown
1.2. Шарттың жалпы сомасы __________________ теңгені құрайды, (жазбаша) оның ішінде республикалық бюджет есебінен ________ теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ________ теңге.
Toggle Dropdown
1.3. Жұмыссыздардың жалпы саны_____________ адамды құрайды. (жазбаша)
Toggle Dropdown
2. Тараптардың міндеттемелері
Toggle Dropdown
2.1. Тапсырыс беруші:
Toggle Dropdown
1) Орындаушыдан Шарттың уақтылы және тиіссінше орындалуын талап етуге;
Toggle Dropdown
2) Шарт талаптарының орындалуына барып тексеру жасауға құқылы. Шарт талаптарының орындалуын тексеру нәтижелері барып тексеру актілерімен рәсімделеді.
Toggle Dropdown
2.2. Орындаушы:
Toggle Dropdown
1) өз қаражаты есебінен жұмыссыздарға қосымша үстемеақы төлеуге;
Toggle Dropdown
2) жұмыссыздың талабы бойынша жұмыс нәтижесі жөнінде пікір (ұсыным хат) ұсынуға құқылы.
Toggle Dropdown
2.3. Тапсырыс беруші:
Toggle Dropdown
1) жұмыссыздарды олардың келісіммен Орындаушыға ________________ (жазбаша)
Toggle Dropdown
адамды жастар пракикасынан өтуге жіберуге;
Toggle Dropdown
2) Орындаушы ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде жалақы төлеуге;
Toggle Dropdown
3) жастар практикасын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына және адамдарда міндетті зейнетақы аударымдарының болуына ай сайын мониторинг жүргізуге;
Toggle Dropdown
4) жұмыссыздың жастар практикасына қатысуы және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметті жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге міндетті.
Toggle Dropdown
2.4. Орындаушы:
Toggle Dropdown
1) жастар практикасын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құруға;
Toggle Dropdown
2) жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүгінген жұмыссыздарды жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға;
Toggle Dropdown
3) жұмыссыз үшін кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітуге;
Toggle Dropdown
4) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы хабардар етуге;
Toggle Dropdown
5) Еңбек кодексіне сәйкес әрбір жұмыссызбен еңбек шартын жасауға;
Toggle Dropdown
6) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
Toggle Dropdown
7) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
8) жұмыссыздарды Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
9) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
Toggle Dropdown
10) жұмыссыздың еңбек кітапшасына (ол бар болса) жастар практикасынан өту кезеңін енгізуге;
Toggle Dropdown
11) № 516 бұйрықпен бекітілген жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді есепті ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруше ұсынуға;
Toggle Dropdown
12) Тапсырыс берушіге Шарт бойынша міндетемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды толық көлемде ұсынуға;
Toggle Dropdown
13) жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда мемлекеттің жұмыссыздарға жалақы төлеуге жұмсаған шығыстарын өтеуге;
Toggle Dropdown
14) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыссызбен жасалған және тоқтатылған еңбек шарты туралы ақпаратты енгізуге міндетті.
Toggle Dropdown
5. Еңбекақы төлеу
Toggle Dropdown
3.1. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді Тапсырыс беруші Орындаушының мәліметтерінің негізінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
6. Тараптардың жауапкершілігі
Toggle Dropdown
4.1. Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара басқа біреуге беруіне жол берілмейді.
Toggle Dropdown
4.2. Орындаушы жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, Шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзылуға жатады.
Toggle Dropdown
Шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте бір Тарап екінші тарапты бұл туралы кемінде бір ай мерзімде хабардар етуге тиіс.
Toggle Dropdown
4.3. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған заң бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.
Toggle Dropdown
5. Форс-мажор
Toggle Dropdown
5.1. Тараптар Шарт талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықта болмайды, егер ол Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
Toggle Dropdown
5.2. Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипатқа ие оқиғалар. Мұндай оқиғалар өртті, жер сілкінуін, су тасқынын, апатты жағдайларды және әскери әрекеттерді қамтуы мүмкін.
Toggle Dropdown
5.3.Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Toggle Dropdown
Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Орындаушы орындылығына қарай Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Келісімшартты орындаудың балама көздерін іздейді.
Toggle Dropdown
5.4. Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
6. Дауларды шешу тәртібі
Toggle Dropdown
6.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы тікелей келіссөздер процесінде араларында Шарт немесе соған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді шешуге барлық күштерін салуға тиіс.
Toggle Dropdown
6.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса онда тараптың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы мәселенің шешілуін талап ете алады.
Toggle Dropdown
7. Өзге де жағдайлар
Toggle Dropdown
7.1. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жазылды және Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалды.
Toggle Dropdown
7.2. Бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама почта байланысы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы жіберіледі. Осы күндердің қайсысы кейін туатынына қарай хабарлама ол жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
Toggle Dropdown
7.3. Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар жасалған Шарттың нысанында қосымша келісіммен рәсімделеді.
Toggle Dropdown
Орындаушы таңдауының негізі болып табылатын шарттардың өзгермеуі талаптарында жасалған Шартқа өзгерістер енгізу:
Toggle Dropdown
1) Шарт бойынша жұмыс орындары санының ұлғаюы;
Toggle Dropdown
2) Шарт бойынша қатысушылар санының ұлғаюы бөлігінде міндетті.
Toggle Dropdown
Егер жұмыс беруші жұмыс орнына біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың арасынан кандитатты таба алмаса, онда Тапсырыс беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімінің негізінде Шартқа өзгерістер енгізбей-ақ жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс орнының кәсібін (мамандығын) өзгертуі мүмкін.
Toggle Dropdown
7.4. Егер қаржы жылы ішінде бюджеттен жастар практикасын қаржыландыру көлемі азайса, онда Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндетемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда бір Тарап екінші Тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес. Тапсырыс беруші кемінде 2 (екі) ай бұрын Орындаушыға бюджеттен жастар практикасын қаржыландыру көлемінің азайғаны туралы хабарлама жібереді және бұл жағдайда Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілмейді.
Toggle Dropdown
8. Шарттың қолданылу мерзімі
Toggle Dropdown
8.1. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
Toggle Dropdown
8.2. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
9. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Toggle Dropdown
|
Тапсырыс берушi
|
Жұмыс беруші
|
|
_________________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы: __________________
ЖСК _____________________________
БСК ______________________________
БСН (ЖСН) _______________________
Коды _____________________________
__________________________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса)) __________________________________ (қолы)
|
заңды мекенжайы: ___________________
ЖСК ______________________________
БСК _______________________________
БСН (ЖСН) ________________________
Коды ______________________________
___________________________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса)) ___________________________________ (қолы)
|
Toggle Dropdown
Осы құжат «Электрондық құжат және электорндық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.
Toggle Dropdown
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
__________________ ауданының
Toggle Dropdown
(қаласының) халықты жұмыспен
Toggle Dropdown
қамту орталығының директорына
Toggle Dropdown
_____________________________
Toggle Dropdown
мекенжайы бойынша тұратын
Toggle Dropdown
_____________________________
Toggle Dropdown
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Toggle Dropdown
Мені _____________________________________________ кәсібі бойынша (кәсіптің/мамандықтың атауы) жастар практикасына жіберуіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Өтінішке мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) жеке басты куәландыратын құжатты
Toggle Dropdown
2) еңбек кітапшасын (бар болса);
Toggle Dropdown
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжатты беремін.
Toggle Dropdown
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
Toggle Dropdown
___________________ ______________ Күні қолы ------------------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы) Азамат _________________________________________________ өтініші 20 __ жылғы «___» ___________ қабылданды, № ___________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________.
Toggle Dropdown
___________________ ______________ Күні қолы
Toggle Dropdown
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Жастар практикасына № ____ жолдама
Toggle Dropdown
Жұмыссыз _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) 20 __ жылғы «__» _________ бастап 20__ жылғы «__» _________ дейін ____ ай мерзімге ___________________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны) ___________________________________________________________________ (кәсіп/мамандық атауы) мамандығы (кәсібі) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасу үшін жіберілді.
Toggle Dropdown
___________________________________________ ________________ Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Toggle Dropdown
Берілген күні Мөрдің орны ------------------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Toggle Dropdown
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
Toggle Dropdown
№ _____ жолдамаға хабарлама
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы)
Toggle Dropdown
20__ жылғы «__» ___________ жасалған № _____ еңбек шартына (20__ жылғы «__» _______ № _____ бұйрық) сәйкес азамат ____________________________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ____________________________________________________________________ (лауазым атауы) ретінде 20__ жылғы «__» _________ бастап 20__ жылғы «__» _________ дейін
Toggle Dropdown
_____ ай мерзімге жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімімен жастар
Toggle Dropdown
практикасына қабылданды.
Toggle Dropdown
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Жұмыс берушінің жауапты өкілі:
Toggle Dropdown
______________________________________ ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Toggle Dropdown
Берілген күні Мөрдің орны
Toggle Dropdown
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
20___ жылғы _________ үшін ________________________________-дегі (ай) (жұмыс берушінің атауы)
Toggle Dropdown
Жастар практикасына қатысушы жұмыссыздар туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
|
ЖСН
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндер
|
Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері
|
Қызмет көрсететін банк
|
карточкалық немесе ағымдағы шотының 20 мәнді нөмірі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|