Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14005 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Фильмді ұлттық деп тану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмді ұлттық деп тану қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Фильмді ұлттық деп тану қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы фильмді ұлттық деп тану Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында фильмді ұлттық деп тану тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш иесі) фильмнің продюсерлері болып табылса;»:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш иесі мәдениет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырады:»;
1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысандағы өтініш. Өтініште міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:»;
1) тармақшасының он бесіншісі абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініш берген күн және өтініш берушінің қолы;»;
4) тармақшасының абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаның – продюсердің мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтамасының және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке тұлға – продюсердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидаларының 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, уәкілетті органға түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер құжаттар осы Қағидаларының 4-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар қаралмастан, уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қайтарылады.
6. Ұсынылған құжаттарды қарастыру үшін уәкілетті орган, уәкілетті органның өкілдерінен және кинематография саласындағы мамандардан тұратын комиссия құрады. Комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшысынан тұрады.
Комиссияның шешімі оның отырысына қатысқан комиссия мүшелері мен төрағасының жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия хатшысы дауыс беру құқығына ие болмайды.
Комиссия хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Комиссияның фильмді ұлттық деп тану туралы шешімі комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |