Bestprofi Logo

Бұйрық № 292 от 2016-06-28г./Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021 г.

Документ на казахском языке

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14012 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу, өзгерту және өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымда № 292 бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары

1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) базалық шек – белгіленген кезең ішінде шығарылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі;

2) жаңа қондырғылар – Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағына сәйкес келетін және тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) қолданылуы кезеңінде пайдаланылуға енгізілген қондырғылар;

3) қондырғының қуатын ұлғайту – өнімді шығару, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдаудың жылдық көлемін ұлғайту;

4) қондырғы операторының шотын бұғаттау – Кодекстің 94-2-бабының 3-тармағында көрсетілген талап етілетін құжаттарды бергенге дейін қондырғы операторының шотына салынған көміртегі бірліктерін пайдалануды уақытша тоқтатуы;

5) парниктік газдар шығарындыларына квота – Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде қондырғы операторы үшін белгіленген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;

6) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті –парниктік газдар шығарындыларының өнім бірлігіне арақатынасының көрсеткіші.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібі

4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу үшін қондырғы операторы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7702 болып тіркелген) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде шот ашады.

5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі қондырғы операторының (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) шотына Ұлттық жоспарда көрсетілген көлемдерге сәйкес, Кодекстің 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес оның күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аударылады.

6. Қондырғы операторы Ұлттық жоспардың алғашқы қолданылу жылының бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын ұсынады.

7. Қондырғы операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын Мемлекеттік тізілім операторына оларды бермегенге дейін қондырғы операторының шотын бұғаттау туралы хабарлайды.

7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

8. Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспары Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес бекітілетін Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанына сәйкес әзірленеді және валидациялауға жатады.

9. Қондырғы паспорты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген) бекітілген Қондырғы паспортының нысанына сәйкес әзірленеді және верификациялауға жатады.

10. Уәкілетті орган қондырғы операторынан осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін қарастырады.

11. Берілген құжаттардың толық еместігі және (немесе) сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді және Мемлекеттік тізілім операторына пысықталған құжаттар берілмегенге дейін қондырғы операторының шотын бұғаттау туралы хабарлама береді.

12. Қондырғы операторы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде оған енгізілген қондырғы бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды оны Ұлттық жоспарға енгізгеннен кейін үш айдың ішінде ұсынады.

13. Жаңа қондырғы бойынша квоталар беру жаңа қондырғы іске қосылған Ұлттық жоспардың есептік жылға арналған квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап жаңа қондырғы операторы Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады.

13-1. Жаңа қондырғы үшін квоталарды беру парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде жүзеге асырылады.

Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Кондырғы операторы жаңа қондырғы үшін сұратылатын квоталар көлемін Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлеміне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15396 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентін көбейту арқылы есептейді.

Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының деректерімен және өндірістік құжаттамасымен расталады.

Тізбеде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде, қондырғы операторы жаңа қондырғы үшін сұратылатын квоталар көлемін Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептейді.

14. Жаңа қондырғыға квоталар бірліктерін алу үшін қондырғы операторы уәкілетті органға тиісті қондырғыны іске қосқанға дейін бір айдан кешіктірмей мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа қондырғы/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш;

2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын;

3) қондырғының верификацияланған паспортын;

4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

15. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді.

16. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

17. Жаңа қондырғылар бойынша Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар көлемін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына жаңа қондырғы операторын, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және қондырғы операторына Мемлекеттік тізілімде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті хабарламаларды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Мемлекеттік тізілім операторы жаңа қондырғы бойынша квотаны қондырғы операторы тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

18. Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғысы (бұдан әрі – әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі) үшін квоталар беру Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады.

18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

18-1. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квоталарды беру парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде жүзеге асырылады.

Қағидалар 18-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі сұратылатын квоталар көлемін Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлеміне тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентін көбейту арқылы есептейді.

Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының деректерімен және өндірістік құжаттамасымен расталады.

Тізбеде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде, әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі сұратылатын квота көлемін Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептейді.

19. Квоталар бірліктерін алу үшін әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі уәкілетті органға шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын тиісті қондырғыға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есепті бергеннен кейін үш айдың ішінде мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа қондырғы/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш;

2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын;

3) қондырғының верификацияланған паспортын;

4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (филиал, өкілдік) заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

20. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді.

21. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

22. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бірліктерін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына әкімшілендірудің квоталанатын субъектісін, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне Мемлекеттік тізілімінде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті хабарламаларды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квотаны Мемлекеттік тізілім операторы тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

3-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі

23. Квоталарды өзгерту парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін беру арқылы жүзеге асырылады.

24. Қондырғы операторы Ұлттық жоспарда квоталар көлемі болмаған немесе жетпеген кезде парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін алу үшін мынадай жағдайларда:

24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Ұлттық жоспарды әзірлеу жылынан бастап және оның қолданылу кезеңінде базалық шекті қолдану негізінде квоталанатын қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзі енгізілген;

Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанатын қондырғының қуатын ұлғайтқан жағдайларда уәкілетті органға жүгінеді.

25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда, қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей, мынадай құжаттарды тапсырады:

25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш;

2) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

3) валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

4) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының басынан және оның қолданысқа енгізілу кезеңінен бастап көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көз енгізілген жағдайда);

5) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемін негіздейтін есептеулер (қуаты ұлғайған жағдайда).

Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың қосымша көлемі квоталардың негізгі көлемі жеткіліксіз болған жағдайда, қолданыстағы Ұлттық жоспар кезеңінде парниктік газдарды түгендеу туралы расталған есептер негізінде беріледі.

Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңі үшін парниктік газдар шығарындыларына қосымша көлемге өтініш берген жағдайда, қондырғы операторы осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 шілдеден кешіктірмей береді.

25-1. Жаңа стационарлық көзді енгізген кезде, қосымша квота көлемі өткен есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепке сәйкес осы көздегі парниктік газдар шығарындыларына тең көлемде беріледі.

3-тарау 25-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Қондырғының қуаты ұлғайған кезде, қондырғы операторы сұратылатын парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін мына формула бойынша есептейді:

М – парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемі;

Х – өткен есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепте көрстілген расталған өндіріс көлемі;

У – 2013-2015 жылдардағы өндіріс көлемінің орташа мәні;

Z – тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті.

25-2. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота беруге арналған резервтегі квота бірліктеріне өтініш беру мерзімі тиісті Ұлттық жоспардың соңғы есептік жылы бойынша есептілікті ұсынудың соңғы күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;

3-тарау 25-2-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

26. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәтінен бастап он бес күнтізбелік күні ішінде қондырғы операторы ұсынған құжаттарды қарайды.

26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қондырғы операторына және Мемлекеттік тізілім операторына қондырғы операторын және қосымша квоталар көлемін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде тиісті хабарламалар жібереді.

27. Қосымша квоталар көлемін Мемлекеттік тізілімнің операторы қондырғы операторының шотына уәкілетті органнан жазбаша хабарлама алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

28. Парниктік газдар шығарындыларына қатысты қайта қаралған квоталар көлемі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

29. Берілген құжаттар толық болмаған және сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды пысықтауға жібереді.

30. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

31. Қондырғы операторы, оның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушінің өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнің операторына мынадай расталатын құжаттар негізінде тиісті өзгерістер енгізілгені туралы хабарлама береді:

1) қондырғыны сатып алу-сату шарты немесе қабылдау-тапсыру актісі – қондырғы операторы ауысқан жағдайда (иеліктен айыру);

2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді мемлекеттік тізілім операторы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

32. Мемлекеттік тізілімнің операторы бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді енгізеді.

Парниктік газдар шығарындылары бойынша міндеттемелер Кодекстің 94-4-бабының 2-тармағына сәйкес жаңа қондырғы операторына беріледі.

33. Қондырғы операторы ауысқанда Ұлттық жоспармен белгіленген квоталар көлемі өзгерген жағдайда, қондырғы операторы осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға береді.

34. Қондырғы операторы таратылған жағдайда, уәкілетті органды жұмыс істеген мерзім ішінде парниктік газдарды түгендеу туралы есеппен қоса, өзінің қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

34-1. Таратылған қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган квоталардың пайдаланылмаған көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан ұлттық жоспар резервінің шотына ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағидалар 34-1-тармақпен толықтырылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

35. Уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 34, 34-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Мемлекеттік тізілім операторын парниктік газдар шығарындыларына пайдаланылмаған квоталар көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінің шотына ауыстыру туралы хабардар етеді.

35-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

35-1. Өткен есепті жылдардағы парниктік газдарды түгендеу туралы есепте расталған парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанған қондырғының қуаты төмендеген жағдайда уәкілетті орган тиісті Ұлттық жоспар кезеңінің қолданылу қорытындылары бойынша Кодекстің 94-2-бабының 5-тармағына сәйкес бір оператордың қондырғылары арасында дербес бөлінген квоталар көлемін қоспағанда, тиісті квоталар көлемін Ұлттық жоспар резервіне алады.

Осы Қағидалар 35-1-тармақпен толықтырылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Уәкілетті орган қондырғы операторын қондырғы қуатының төмендеуі нәтижесінде пайда болған алу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде квоталар көлемінің алынғаны туралы хабардар етеді.

Уәкілетті орган квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан Ұлттық жоспар резервінің шотына квоталар көлемін аудару қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді.

4-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу тәртібі

36. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу Мемлекеттік тізілімінде есептік жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есепке (бұдан әрі - есеп) сәйкес Ұлттық жоспардағы көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару) арқылы жүзеге асырылады.

37. Уәкілетті орган есеп тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілім операторына есептік жылдағы өтеу үшін квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квоталар бірліктерін беру қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.

38. Сатып алуға жоспарланған ретінде оларды өтеуге беру мақсатында ұсынылған есепте көрсетілген, Ұлттық жоспармен белгіленген көлемнен квоталардың жетпеген көлемін тікелей сату-сатып алу жолымен мәміле жасалған жағдайда, қондырғы операторы квоталар бірліктерін мынадай тәртіппен өтейді:

1) қондырғылар операторлары (сатушы және сатып алушы) уәкілетті органға мәміле жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қондырғылар операторлары (сатушы және сатып алушы), сатылған/сатып алынған квоталар бірліктерінің көлемі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген) бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Сауда жасау қағидалары) бағасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді ұсынады;

2) уәкілетті орган Сауда жасау қағидаларына сәйкес Мемлекеттік тізілімдегі қондырғылар операторлары шоттарының (сатушы және сатып алушы шоты) арасындағы тиісті квоталар бірліктерінің көлемін беру үшін квоталар көлемін көрсете отырып, беру қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді;

3) қондырғы операторы (сатып алушы) оның шотына сатып алынған квоталар салынғаннан кейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

4) уәкілетті орган қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына Мемлекеттік тізілімдегі квоталар көлемін көрсете отырып, тиісті квоталар көлемін беру қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді.

39. Сатып алуға жоспарланған ретінде оларды өтеуге беру мақсатында ұсынылған есепте көрсетілген, Ұлттық жоспармен белгіленген көлемнен квоталардың жетпеген көлемінің көміртегі бірліктерін сату-сатып алу бойынша тауар биржасында мәмілелер жасалған жағдайда, қондырғы операторы квоталар бірліктерін мынадай тәртіппен өтейді:

1) қондырғы операторы Мемлекеттік тізілім операторына көміртегі бірліктерін сату-сатып алу жүргізу қорытындылары бойынша биржалық мәмілені есепке алу парағын ұсынады;

2) қондырғы операторы (сатып алушы) оның шотына сатып алынған квоталар салынғаннан кейін Мемлекеттік тізілім операторына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

3) Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына тиісті квоталар бірліктерінің көлемін беруді жүргізеді.

40. Ішкі азайту бірліктерін алған жағдайда, қондырғы операторы Мемлекеттік тізілім операторына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді.

Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына тиісті ішкі азайту бірліктерінің көлемін беруді жүргізеді.

41. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін алған жағдайда, оларды өтеуге беру мақсатында қондырғы операторы бірліктерді мынадай тәртіппен өтейді:

4-тарау 41-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) қондырғы операторы оның шотына қосымша квота көлемі аударылғаннан кейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

2) уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына Мемлекеттік тізілімдегі квота көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квота бірліктерінің қосымша көлемін беру қажеттілігі туралы хабарлайды;

3) Мемлекеттік тізілім операторы үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квота бірліктерінің қосымша көлемін аударады.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына 1-қосымша

1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Жаңа қондырғы бойынша/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш

1. Қондырғы операторының /квоталанатын әкімшілендіру субъектісінің атауы


 

2. Жалпы мәліметтер:

2.1. Заңды мекенжайы

2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)

2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


 

3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарға сәйкес келетін қондырғы жататын экономика секторы


 

4. Ұлттық жоспардың қолдану кезеңінде квоталар көлемі резервінен парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі


 

Соның ішінде есептік жылда парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі


 

5. Ұлттық жоспар қолданылу кезеңі

20__ жылғы " " ___ бастап20__ жылғы " " _____ дейін

Парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемінің есептік жылы


 

6. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қондырғының верификацияланған паспорты (түпнұсқа);

2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары (түпнұсқа);

Басшы ____________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы) мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына 2-қосымша

2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


 

2. Жалпы мәліметтер:

2.1. Заңды мекенжайы

2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе (БСН)

2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


 

3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сәйкес келетін қондырғы жататын экономикалық қызмет түрі


 

4. Қолданыстағы Ұлттық жоспарға сәйкес белгіленген квоталар көлемі:


 

5. Квоталардың қосымша көлемі:


 

6. Квоталардың қосымша көлемі есебімен квоталардың жалпы көлемі


 

7. Квота көлемін өзгертуді сұрау себебі (қажеттісін белгілеу):


 

7.1.Қондырғы қуатын ұлғайту


 

7.2. Қондырғымен технологиялық байланысқан парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзін енгізу


 

8. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемі сұратылатын есептік жыл


 

9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

3) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылынан бастап және оның қолданылу кезеңі ішінде көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

4) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квоталар көлемін негіздейтін есептеулер (қуатын ұлғайтқан жағдайда).

Атауы ________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы _______________________Телефон _________________________электронды мекенжайы ____________

Орындаушы __________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)) _______Телефон _________________________

Басшы ____________________________

Бас бухгалтер ____________________

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы))_______(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)) _______

Басшы _____________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы). мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына 3-қосымша

3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.11.2020 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


 

2. Жалпы мәліметтер:

2.1. Заңды мекенжайы

2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)

2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


 

3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сәйкес келетін қондырғы жататын экономикалық қызмет түрі


 

4. Парниктік газдар шығарындыларына өтелетін квотаның жалпы көлемі

_________ тонна

4.1. Өтеу үшін сатып алынған квота бірліктері

__________ тонна

4.2. Шығарындыларды ішкі азайту бірліктері

__________ тонна

4.3. Квота бірліктерінің қосымша көлемі

__________ тонна

5. Есептік жыл

20__ жыл

Басшы _____________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы). мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание