Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 шілдеде № 14042 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 29.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 93 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8499 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 155 (28094) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті (Д.С. Мұқатаев) заңнамада белгiленген тәртiпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуін;
Toggle Dropdown
3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы тармақпен қарастырылған іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Toggle Dropdown
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
___________Т. Дүйсенова
2016 жылғы 21 маусым
Toggle Dropdown
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________Қ. Бишімбаева
2016 жылғы 30 маусым
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 15 маусымдағы
№ 165 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі – Талаптар) еңбек қызметі барысында мемлекеттік архив жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскерлер) өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртіпті, процедураларды және нормативтерді белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Талаптарда келесі ұғымдар пайдаланады:
Toggle Dropdown
1) архив – архив құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
2) архив қоймасы – архив құжаттарын сақтау үшін арнайы жабдықталған үй-жай;
Toggle Dropdown
3) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Toggle Dropdown
2-тарау. Еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары
Toggle Dropdown
3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар:
Toggle Dropdown
1) жұмыскерлермен өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік архивтің (бұдан әрі – архив) ғимаратын тиісті түрде ұсталуын және өндірістік құрал-жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар архивте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізу;
Toggle Dropdown
2) Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12743 болып тіркелген «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына сәйкес жұмыс жағдайлары бойынша өндірістік объектілеріне аттестаттау өткізу, соның қорытындысы бойынша денсаулыққа зиянды және қауіпті факторларды жою шараларын жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
3) архив ғимаратында апатты жағдайлардың дамуын және жұмыскерлеріне зиянды факторлардың әсер етуін болдырмау үшін іс-шаралар қабылдау;
Toggle Dropdown
4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмыскерлерді міндетті алдын ала (жұмысқа қабылдану кезінде) және мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексеруден өткізу және кәсіптік ауруға шалдығу белгілері танылған кезінде іс-шаралар қабылдау
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 тіркелген) бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне (бұдан әрі – Техникалық регламент) сәйкес өрт қауіпсіздігі жүйесіне, ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне, қорғау жүйесіне және жылыту жүйелеріне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлеріне өртке қарсы нұсқаулық жүргізу жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары
Toggle Dropdown
4. Жұмысты бастар алдында жұмыскер өзінің жұмыс орнын қарап шығады және жұмыс құрал-жабдықтарының (көшірме жасайтын машина және айқындау машинасы) жарамдығын тексереді.
Toggle Dropdown
5. Адамдар үшін қауіп төндіретін құрал-жабдықтың жарамсыздығын тауып алған жұмыскер, жарамсыз құрал-жабдықты желіден дереу сөндіру бойынша шара қабылдайды және бұл туралы тікелей архивтің құрылымдық бөлімшесінің бастығына, ал ол болмағанда – архив мекемесінің басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға хабарлайды.
Toggle Dropdown
4-тарау. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары
Toggle Dropdown
6. Архивтердегі жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыскерлердің өмірін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізу жолымен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
7. Архивте еңбек тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес сақталады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кезінде жұмыскер электр құралдарының, сөндіргіштердің, штепсельдік розеткалардың, сондай-ақ жеке компьютерлердің, принтерлердің, сканерлердің, көшіру аппараттарының, факстардың, тұрмыстық электр құралдары мен жарық құралдарының жарамдылығын тексереді.
Toggle Dropdown
5-тарау. Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары
Toggle Dropdown
9. От шыққан немесе өрт болған жағдайда архивтің жұмыскерлері дереу жұмысты тоқтатады, жеке компьютерді, электр құралдарын, жұмыс жабдықтарын сөндіреді, өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін шақырады және мемлекеттік архивтің басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға хабарлайды.
Toggle Dropdown
10. Апаттық жағдайларда архивтің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Өрт қауіпсіздігі қағидаларына және Техникалық регламентке сәйкес адамдар мен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайды.
Toggle Dropdown
11. Архивтің әр қабатында көрінетін, қол жетімді жерде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы қарастырылады.
Toggle Dropdown
6-тарау. Жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары
Toggle Dropdown
12. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыскерлер электр құралдарын, ұйымдастыру техникасын, оның ішінде дербес компьютерлерді, принтерлерді, сканерлерді, көшіру аппараттарын, факстарды, жарық беру құралдарын және өзге де құрал-жабдықты сөндіреді және тоқтан ажыратады.
Toggle Dropdown
13. Ауысым жұмысы кезінде жұмыскер жұмыс орнын жұмысқа жарамды күйінде тапсырады.
Toggle Dropdown
7-тарау. Өндірістік процестерге қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
14. Архив жұмыскерлері өндірістік процестер уақытында Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12743 болып тіркелген «Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығына сәйкес әзірленген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқаулығын басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
15. Жазатайым оқиғалар кезінде дереу медициналық көмек шақырылады және зардап шеккен жұмыскерге алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары қабылданады.
Toggle Dropdown
16. Жұмыс процесінде жұмыскерлермен жазатайым оқиға болған жағдайда оларға Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12521 болып тіркелген «Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады және төленеді.
Toggle Dropdown
8-тарау. Өндірістік орын-жайларға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
17. Архив өртке қатысты қауіпті нысандардан (мұнай сақтайтын орындар, бензоколонкалар, автотұрақтар, гараждар) және өндірістік нысандардан алшақ орналасқан арнайы немесе бейімделген ғимаратта орналасады.
Toggle Dropdown
18. Өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткiзу, сондай-ақ ғимараттар мен өрт сөндiретiн су көздерiне өту жолдары мен кiреберiстер әрқашан ашық болады.
Toggle Dropdown
19. Архив ғимараты архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау, өңдеу, пайдалану бойынша міндеттерді және әкімшілік-шаруашылық, техникалық, тұрмыстық сипаттағы міндеттерді орындауға арналған, негізгі және қосымша орын-жайлардың кешені болып табылады. Орын-жайлардың тиімді жоспарлануы күзет, өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықталады және төменгі қабаттағы терезелерде сыртқа қарай ашылатын металл торлармен қорғалады.
Toggle Dropdown
20. Архивтің ғимараты орталық сумен жабдықтау жүйесі арқылы шаруашылық-ауыз су, санитарлық-гигиеналық, технологиялық және өртке қарсы қажеттіліктер үшін суық және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
21. Архив ғимараттарында бумен, сумен және ауамен жылыту жүйелері қолданылады. Жылыту жүйесі үшін температурасы 100о С артық емес су, температурасы 100о С артық емес су буы, 45-70о С дейін қыздырылған ауа қолданылады. Архивтің жылыту жүйесі елді мекеннің орталық жылыту жүйесіне қосылады немесе автономды жылыту жүйесі болады.
Toggle Dropdown
22. Архив ғимараты орналасқан ауданда, атмосфералық ауадағы зиянды қоспалардың тәулік бойындағы орташа шоғырлануы мынадай гигиеналық нормалардан аспайды:
Toggle Dropdown
1) күкірт қышқылы – 0,1 мг/м3 ;
Toggle Dropdown
2) күкіртті газ – 0,05 мг/м3 ;
Toggle Dropdown
3) азот оксиді – 0,06 мг/м3 ;
Toggle Dropdown
4) хлор – 0,03 мг/м3 ;
Toggle Dropdown
5) күкіртсутегі – 0,008 мг/м3 .
Toggle Dropdown
9-тарау. Өндірістік құрал-жабдықтарға қойылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Toggle Dropdown
23. Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша кіріспе нұсқаулықтан өткен соң міндеттерін орындауға рұқсат етіледі. Нұсқаулық жүргізу және білімдерін тексеру туралы жазба нұсқаулықты тіркеу журналына енгізіледі (ерікті түрде).
Toggle Dropdown
24. Архивте құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының журналы жүргізілді (ерікті түрде).
Toggle Dropdown
25. Жұмыскер, өндірістік құрал-жабдықпен жұмысқа кіріскенде, құрал-жабдық пен жұмыс орнын қарап шығады, құрал-жабдықтың, қосылатын құралдардың дұрыстығын, қоршаулардың бекітілуінің болуы мен беріктігін, сақтандырғыш құрылғылардың, бұғаттағыштардың жұмысын, қорғағыш жерлендірудің болуын тексереді. Құрал-жабдықтарда ақаулар анықталған жағдайда жұмыскер жұмысқа оларды реттеуші немесе электрик түзеткеннен кейін кіріседі. Ақаулар түзетілгеннен кейін құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының журналына реттеуші немесе электрик оларды түзету туралы жазба енгізеді.
Toggle Dropdown
26. Құрал-жабдықтарды жөндеген және алдын-алу жұмыстарын жүргізген кезде реттеуші немесе электрик құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының журналына жазба енгізеді.
Toggle Dropdown
27. Жұмыс аяқталғанда жұмыскер құрал-жабдықтарды, жалпы енгізгіш сөндіргішті сөндіреді, жинайды, жұмыс орнын ретке келтіреді және құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының журналына жазба енгізеді.
Toggle Dropdown
10-тарау. Өндірістік құрал-жабдықтарды орналастыру және жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары
Toggle Dropdown
28. Әр жұмыскерге орналастыру нормасы бойынша үй-жайдың жалпы көлемінен 7,5 шаршы метр жұмыс алаңы бөлінеді.
Toggle Dropdown
29. Архив қоймалары мен үй-жайлары негізгі сақтау құралдарымен (стационарлық және жылжымалы металлды сөрелермен) жабдықталады. Архив қоймаларында оттан қорғайтын қоспалармен өңделген, стационарлық ағаш сөрелерін пайдалануға болады. Қосымша немесе арнайы жабдықтар ретінде металл шкафтарды, сейфтерді, сөре- шкафтарды қолдануға болады. Архив қоймаларында от шығуын болдырмау мақсатында, архив құжаттарын сақтауға арналған сөрелерді жылу көздеріне тым жақын орналастыруға рұқсат берілмейді.
Toggle Dropdown
30. Архив қоймаларында стационарлық сөрелер мен шкафтарды орналастыру мынадай нормативтерге сәйкес келеді:
Toggle Dropdown
1) сөрелер қатарларының арасындағы ара қашықтық (басты өту жолы) – 120 сантиметрден кем емес;
Toggle Dropdown
2) сөрелер арасындағы ара қашықтық (өту жолы) – 75 сантиметрден кем емес;
Toggle Dropdown
3) ғимараттың сыртқы қабырғасы мен сөрелер, параллельді қабырғалар арасындағы ара қашықтық – 75 сантиметрден кем емес.
Toggle Dropdown
31. Архив ғимаратында көлемі, салмағы немесе нысаны қол күшімен жылжытуға мүмкіндік бермейтін болса, архивтік құжаттардың орнын ауыстыру үшін лифт құрал-жабдықтары орнатылады.
Toggle Dropdown
11-тарау. Архивтік құжаттарды сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету талаптары
Toggle Dropdown
32. Құжаттарды кез келген жеткізгіштерде ұзақ уақыт сақтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының 109-тармағына сәйкес ауаның температуралық-ылғалдылық параметрлері қолданылады.
Toggle Dropdown
33. Архив қоймаларында желдетілмейтін тұрақты микроклимат аймағының қалыптасуын болдырмайтын, ерікті ауа айналымы қамтамасыз етілетін ауаны табиғи немесе жасанды түрде желдету қарастырылады.
Toggle Dropdown
34. Қала, аудан (елді мекен) шегінде архивтік құжаттарды жеткізу бірге баратын архив жұмыскері үшін қауіпсіз отыратын орны бар жабық автокөлікте жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
35. Жүкті тиеу және түсіру жұмыстары архивтің қатты және тегіс жамылғысы бар арнайы бөлінген аумағында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
36. Салмағы 20 килограммнан асатын жүктер үшін, сондай-ақ жүктерді 3 метрден астам биіктікке көтерген жағдайда тиеу және түсіру жұмыстарының механикаландырылған тәсілі міндетті болып табылады.
Toggle Dropdown
37. Ауыр салмақты қолмен көтеруге және орын ауыстыруға рұқсат етілетін шекті жүк нормасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12597 тіркелген) сәйкес анықталады.
Toggle Dropdown
12-тарау. Архив жұмыскерлерінің еңбек және демалыс режимі
Toggle Dropdown
38. Архив жұмыскерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.
Toggle Dropdown
39. Күнделікті жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген тәртіпте жасалатын еңбек және ұжымдық шарттармен анықталады.
Toggle Dropdown
13-тарау. Архив жұмыскерлерін кәсіптік іріктеуге және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі білімін тексеруге қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
40. Жұмысқа қабылданған тұлғалар алдын-ала оқытудан өтіп, кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
41. Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармағына сәйкес еңбек қарым-қатынастарын реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес архивтің штаттық кестесінде кәсіби инженерлік-техникалық бөлім қарастырылады.
Toggle Dropdown
42. Архивтің инженерлік-техникалық бөлімімен жұмыс істейтін электр сымдарына, электр желілеріне, электр құралдарына қызмет көрсетіледі және оларды жедел ауыстырып қосу, жөндеу, құрастыру және дұрыстау жұмыстары жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
14-тарау. Архив жұмыскерлерін арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Toggle Dropdown
43. Архив жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 болып тіркелген «Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15-тарау. Архив жұмыскерлерін санитарлық тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Toggle Dropdown
44. Архивті санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 тіркелген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
45. Архивте тазалауға арналған инвентарьды, жуу және дезинфекциялау заттарын сақтау үшін арнайы үй-жайлар бөлінеді.
Toggle Dropdown
46. Өндірістік үй-жайлар мен архив қоймаларында қабырғаларды, төбелерді, терезелерді шаңнан тазарта отырып толық тазалау жұмысы айына бір рет жүргізіледі.