• Мое избранное
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1034 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 01.06.2016 жылғы № 467 Бұйрығына сәйкес
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 26-бабы 2-тармағына, сондай-ақ «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрықта:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі Ережесі, осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрықта:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы Ережесі, осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
мына мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Р.С. Ошақбаев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Р.С. Ошақбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрдің міндетін атқарушы  A. Pay
  • 1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 1034 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2014 жылғы
8 қазандағы № 55 бұйрығына
1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 1034 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2014 жылғы
8 қазандағы № 55 бұйрығымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия), Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы тұрақты әрекет ететін консультациялық - кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін, осы ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
4. Комиссияның функциялары:
1) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуге өтінімдерді қарау;
2) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату мәселелерін қарау;
3) аккредиттеу материалдарын қараудың қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар шығару болып табылады.
5. Құжаттарды қарау кезінде Комиссия:
1) бірлестікті аккредиттеуге;
2) бірлестікті аккредиттеуден бас тартуға;
3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.
6. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
7. Комиссияның ұсынымы негізінде Министрлік аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту жөніндегі куәлікті беру туралы шешімді қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлікті немесе себептерін негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны Министрліктің тиісті шешімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бірлестікке береді.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 1034 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің бас сарапшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің сарапшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі (келісім бойынша)
«Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Кеме иелері және теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«КазАлко» Қазақстан алкоголь өнімдерін адал өндірушілер және сатушылар
«KazEnergy» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешенді ұйымдастыру қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан кіші авиация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан ұлттық индустриялық палатасы» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтар кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдау одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстанның техникалық реттеу және метрология жүйесі мүшелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Kaz Waste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Автокөлік құралдарын техникалық тексеру орталықтарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасы Автобуспен тасымалдаушылар және автобекеттер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстандық туристік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстанның қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«ІТ-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасы «Парасат» темір жол жолаушыларын тасымалдау қауымдастығы және агенттіктері» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындары жеткізушілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасының автокөлікшілер Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
«KAZLOGISTICS» көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
  • 1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 1034 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже
Осы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес қалыптастыру және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес):
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу.
2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олар Министрліктің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
2) көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Министрліктің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.
2. Сараптамалық кеңесті қалыптастыру тәртібі
4. Сараптамалық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген бірлестіктерінің, сондай-ақ мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың және мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптасады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір аккредиттелген бірлестігі мен мүдделі коммерциялық емес ұйым өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы Сараптамалық кеңестің құрамына қатысады.
3. Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі
6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:
1) Сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;
2) Сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
3) мыналар:
қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Сараптамалық кеңестің отырысын өткізуі;
тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге өткізуге бастамашы болуы;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;
5) Сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Сараптамалық кеңестің жұмыс орган жүзеге асырады.
Сараптамалық кеңестің жұмыс орган Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаменті болып табылады.
8. Министрлік жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін Министрлік белгілейтін мерзім ол Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аз болмауы керек.
9. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 8-тармағына сәйкес Министрлік белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
10. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
Сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жіберуді және/немесе оларды Министрліктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды келіседі;
Сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады.
11. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Сараптамалық кеңестің төрағасы болып табылады.
Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде оның отырысын шақырады, Сараптамалық кеңестің бетпе-бет отырыстардың хаттамаларына қол қояды (қажет болған кезде).
Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын оның орынбасарларының біреуі орындайды.
12. Сараптамалық кеңестің отырыстары бетпе-бет және сырттай тыс өткізіледі.
Бетпе-бет сараптамалық кеңестің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы сырттай тыс өткізіледі, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық сырттай тыс хаттама жасалады, оны тиісті орынбасармен қол қоюға болады.
13. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің жинақталған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде олардың жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде береді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы ұйым сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
15. Министрлік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейін олардың жобасына міндетті қосымша болып табылады.
16. Министрлік интернет-ресурста сараптамалық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша хаттамаларды, сараптамалық қорытындыларды және басқа материалдарды сақтайды.