Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 470 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күннен бастап жеті, он және он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын Құжат ресімделген және оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тәртіппен беріледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ