- 1
Весь документ
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 320 бұйрығымен бекітілген Нысан
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын
1) «Ұлттық экономика министрлігі» мемлекеттік мекемесі атынан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________ негізінде әрекет
ететін ____________________________________________________ және
2) «Қаржы агенттігі»:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы атынан
___________________________ негізінде әрекет ететін _________________
_____________________________________________________________________
арасында:
«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң);
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының 56, 78 және 79-тармақтарына;
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 4-тармағына және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларының 3-тармағына сәйкес жасалды.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер қолданылады:
1) борышкер – жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе микроқаржы ұйымы;
2) тапсырыс беруші – «Ұлттық экономика министрлігі» мемлекеттік мекемесі;
3) орындаушы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
4) уәкілетті орган – «Ұлттық экономика министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
2. Шарттың мәні
2. Орындаушы Бағдарламада айқындалған тәртіпте және шарттарда микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға/Бағдарламаның «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты аударуға міндеттенеді.
3. Тапсырыс беруші ____ жылы _________________________ теңге мөлшерінде қаражат аударады, оның ішінде
1) _________________________ теңге 087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы, 106 «Моноқалаларды, шағын қалалармен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру» кіші бағдарламасына сәйкес, 311 «Жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар» ерекшелігі бойынша микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін;
2) _________________________ теңге 087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы, 106 «Моноқалаларды, шағын қалалармен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру» кіші бағдарламасына сәйкес, 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының ең кемі бір кредитіне ішінара кепілдік беру үшін.
4. Төменде атап көрсетілген құжаттар және оларда айтылған талаптар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы уәкілетті органға есеп (бұдан әрі – субсидиялау туралы есеп);
3) осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішінара кепілдік беру туралы есеп (бұдан әрі – кепілдік беру туралы есеп);
4) осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын/ішінара кепілдік берілетін жобаның мониторингі туралы есеп (бұдан әрі – мониторинг туралы есеп).
3. Субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты аудару тәртібі
1) ____ жылы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін _________________________ теңге;
2) ____ жылы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне ішінара кепілдік беру 50% тең болатын соманы үшін ____________________теңгені аударады. Қаражаттың қалған бөлігін Тапсырыс беруші Орындаушыға аударылған қаражаттың бірінші бөлігі толық игерілгеннен кейін, Кепілдік шарттарының жасалу шамасына қарай, мынадай жолмен Орындаушыға аударады:
Кепілдік шарты жасалғаннан кейін Орындаушы Тапсырыс берушіге тиісті хабарлама жібереді;
Тапсырыс беруші Орындаушыдан Кепілдік шартын жасасу туралы хат алғаннан кейін, ішінара кепілдік сомасынан 20% мөлшеріндегі қаражатты Орындаушының ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.
6. Осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген қаражат есебінен Орындаушы Бағдарламада, Субсидиялау және кепілдік беру шарттарында айқындалған тәртіпті және шарттарды сақтай отырып, Өңірлік үйлестіру кеңесі/Орындаушының уәкілетті органы мақұлдаған Борышкерлерге субсидия беруді және ішінара кепілдік беруді жүзеге асырады.
7. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейінгі мерзімде осы Шарттың шеңберінде аударылған қаражат және субсидиялау көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.
8. Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде осы Шарттың шеңберінде аударылған қаражат және ішінара кепілдік көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушыға осы Шарттың талаптарына сәйкес микроқаржы ұйымдары берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге/екінші деңгейдегі банктер берген микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты аударуға міндеттенеді.
10. Тапсырыс беруші:
1) Тараптар үшін көзделген Шартпен белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |