• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 130, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 268, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 209, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170 және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 72, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14/167 бірлескен бұйрығы

Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 29.07.2016 жылғы № 477, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.08.2016 жылғы 601, ҚР Қорғаныс министрінің, ҚР Ұлттық экономика министрінің, ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2016 жылғы № 736 және ҚР Энергетика министрінің Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысының 3, 7, 14-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының тиісті орынбасарларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан РеспубликасыныңҚорғаныс министрі Ә. Жақсыбеков
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Рау
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 28 наурыздағы № 130
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 4 мамырдағы № 268
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 30 мамырдағы № 209
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 11 сәуірдегі № 68-Ө
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрінің
2013 жылғы 11 наурыздағы № 72
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14-167
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желілерінің (бұдан әрі - БЗБЖ) ұйымдастырылуын, негізгі міндеттерін және жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. БЗЖБ іс-қимылдарына жалпы басшылықты және оларды үйлестіруді заңнамаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен объектілер мен аумақтарда кезек күттірмейтін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу БЗЖБ құзыретіне кірмейді.
Қосымша:
1) Осы Қағидада байқау техникалық құралдардың көмегімен қоршаған орта объектілерінің, азық-түліктің, тамақ және жемшөп шикізатының, ауызсудың радиоактивті заттармен (бұдан әрі - РЗ), уландырғыш заттармен (бұдан әрі - УЗ), қатты әсер ететін уытты заттармен (бұдан әрі - КӘУЗ) және биологиялық (бактериологиялық) агенттермен (бұдан әрі - БА) улануын (ластануын) уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін барлаудың тәсілі, тұрақты мониторинг деп түсініледі, оның ішінде онлайн режимінде де.
2) Зертханалық бақылау қоршаған орта объектілерінің сынамаларында, азық-түлікте, тамақ және жемшөп шикізатында, ауызсуда, клиникалық материалда негізгі агентті анықтау (БҚ үшін - ерекше индикация өткізгеннен кейін) деп түсініледі.
3) Индикация РЗ, УЗ, КӘУЗ, БА-мен улану (ластану) фактілерін растауға және олардың түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралар кешені деп түсініледі.
2. Байқау және зертханалық бақылау құрылымы
4. Байқау және зертханалық бақылау:
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде ауызсудың, тамақ және жемшөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті, химиялық, биологиялық бактериологиялық улануын (ластануын) уақтылы анықтап, индикациялау;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды басқару органдарына, халыққа РЗ, УЗ, КӘУЗ, БА-мен улану (ластану) орны, уақыты және ауқымы туралы шұғыл хабарлау, халықты қорғау бойынша шаралар қабылдау мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
5. Осы Қағидаға 1-қосымшада БЗБЖ құрылымы келтірілген.
6. Осы Қағидаға 2-қосымшада БЗБЖ құрамы келтірілген.
7. БЗБЖ құрылымына кіретін Қазақстан Республикасының академиялық және салалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің тізбесі осы Қағидаға 3-қосымшада келтірілген.
8. Облыстық, аудандық (қалалық), объектілік БЗБЖ-ның қызметін үйлестіруді министрліктердің және ведомстволардың аумақтық бөлімшелерімен (ведомстволық бағынысты ұйымдарымен) бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.
9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары:
1) қоршаған орта мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, жағдай деректерін жинау, қорытындылау және талдау кезінде;
2) бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды жою кезінде;
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің және ұлттық қауіпсіздік, кедендік бақылау комитеттерінің мамандандырылған мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша ведомстволық бағынысты аумақта БЗБЖ-ға кіргізілгендердің қызметін үйлестіреді.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылауының негізгі міндеттері
10. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне:
1) мекемелер (метеоалаңдар, станциялар) орналасқан аудандағы жерде радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуаттылығын өлшеу;
2) атмосфералық ауаның, судың (ашық су айдындарының) және жергілікті жердің УЗ және КӘУЗ-бен улануын анықтау;
3) қоршаған ортаның радиоактивті ластану, химиялық улану әсерін анықтау;
4) қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің үлестік және мөлшерлік белсенділігін анықтау;
5) зерттеліп жатқан сынамалардың радионуклидтік құрамын белгілеу;
6) атмосфераның жерүсті қабатынан ауаның, аэрозольдердің, ашық су айдындарындағы судың сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру;
7) басқа министрліктер мен ведомстволардың БЗБЖ мекемелерін метеорологиялық деректермен қамтамасыз ету жүктеледі.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне:
1) азық-түлікті, ауызсуды және тамақ шикізатын жұқпалы аурулар қоздырғыштарымен улануына зертханалық бақылауды және сараптаманы қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге (қорытынды бере отырып) қатысу, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың БЗБЖ мекемелеріне бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда әдістемелік көмек көрсету;
2) қоршаған орта объектілерінде, азық-түлікте, ауызсуда, тамақ шикізатында, сондай-ақ науқастардан және адамдардың мәйіттерінен алынған материалдарда УЗ, КӘУЗ және БА-мен радиоактивті ластануын (улануын) анықтау және бағалау, оларды индикациялау әдістерін әзірлеуге қатысу;
3) қызмет көрсетілетін аумақта және жаппай зақымдау ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама базасында құрылатын құралымдардың (эпидемиологиялық барлау топтарының, санитариялық-эпидемиологиялық жасақтардың және т.б.) күштерімен санитариялық-эпидемиологиялық (радиациялық, химиялық және бактериологиялық) барлау жүргізу;
4) микроағзалардан бөлінген штаммдар мен токсиндерді идентификациялауды жүзеге асыру;
5) мекемелер (ведомстволық бағынысты ұйымдар) орналасқан аудандағы жерде радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуаттылығын өлшеу;
6) бақыланатын объектілердегі азық-түліктің, ауызсудың және тамақ шикізатының сынамаларында радионуклидтердің үлестік және мөлшерлік белсенділігін анықтау;
7) соғыс және бейбіт уақытта микробиологиялық құралдардың, жауынгерлік рецептуралар мен жұқпалы аурулардың (қоздырғыштардың) түрін белгілеу;
8) қоршаған ортадан, азық-түліктен, ауызсудан және тамақ шикізатынан іріктеп алынған сынамаларды белгілі қоздырғыштармен улануына зерттеу;
9) РЗ, УЗ, КӘУЗ, БА-мен уланған қоршаған ортадан, азық-түліктен, ауызсудан және тамақ шикізатынан сынамаларды іріктеп алу және іріктеп алынған сынамаларды тасымалдауды және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарында оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
10) БЗБЖ мамандарын даярлау жүктеледі.
12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне:
1) азық-түлікте, ауызсуда, тамақ және жемшөп шикізатында, сондай-ақ науқастардан, жануарлар мен құстардың өлекселерінен алынған материалдарда РЗ, УЗ, КӘУЗ және БҚ-ны анықтау, бағалау және индикациялау ұсынымдарын әзірлеу;
2) ветеринариялық барлау жүргізу;
3) жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының зертханалық диагностикасын өткізу;
4) РЗ, УЗ, КӘУЗ және БА-мен уланған жануарлар мен құстарға зертханалық зерттеу жүргізу;
5) бөлінген микроағзалардың идентификациясын жүргізу;
6) мекемелер орналасқан аудандағы жерде радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуаттылығын өлшеу;
7) жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттардың, жемқор шикізаттарының және судың сынамаларында радионуклидтердің үлестік, мөлшерлік белсенділігін анықтау;
8) ауыл шаруашылық жануарлары мен құстардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, жемқор шикізаттарының және судың УЗ және КӘУЗ-бен улануын анықтау, сондай-ақ олардың индикациялауын жүзеге асыру;
9) қорытынды бере отырып, РЗ, УЗ, КӘУЗ және БА-мен уланған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, судың (ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін), сондай-ақ жемқор шикізатының ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізу;
10) жоспарланып жатқан қорғау іс-шараларын негіздеу мақсатында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды болжау және бағалау;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, су сынамаларын, сондай-ақ РЗ, УЗ, КӘУЗ, БҚ уланған науқастардан, жануарлар мен құстардың өлекселерінен, материалдарды жинақтау және күдік тудырған жағдайларда зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитарлық сараптама жасау үшін басты мекемелерге жеткізу;
12) РЗ, УЗ, КӘУЗ уланған топырақ, өсімдіктер, азық, су, минералдық және органикалық тыңайтқыштар сынамаларын жинау және зертханалық зерттеулер жасау үшін бас мекемелерге жеткізу;
13) қоршаған орта объектілерінде УЗ, КӘУЗ және ауылшаруашылығы мекені аумағында және өсімдік өсіру объектілерінде өсімдіктер ауруы қоздырғыштарының болуын анықтау, УЗ және КӘУЗ индикациялау жүргізу;
14) ветеринариялық зертханаларға әдістемелік көмек көрсету және БЗБЖ мамандарын даярлауды ұйымдастыру жүктеледі.
13. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрілігіне:
1) радиациялық және химиялық барлау жүргізу;
2) басқару органдарын радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) және экологиялық улану (ластану) туралы хабардар етуді ұйымдастыру, ықтимал улану (ластану) аймағындағы халықты хабардар ету;
3) сыртқы ортаның (жұмыс аймағының) улануына зертханалық бақылау және байқау жасайтын БЗБЖ мекемелерінен радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) және экологиялық улану (ластану) туралы ақпаратты жинақтау және оларды қорытындылау;
4) төтенше жағдайлар аймағында және улану ошақтарында, қозғалыс жолдарында, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар барысында дозиметриялық және химиялық бақылау жасауды ұйымдастыру;
5) халықты радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) улану (ластану) жағдайындағы іс-қимылға оқыту жүктеледі.
14. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша радиоактивті, химиялық, биологиялық улану (ластану) аудандарына радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізуге қатысу;
2) әскери бөлімдер мен мекемелер орналасқан жерлердегі радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды үнемі бақылауда ұстау;
3) төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде хабардар ету және байланыс жүйесіне қатысу;
4) БЗБЖ құрылымына кіретін министрліктердің, ведомстволардың аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет ету жүктеледі.
15. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрілігіне:
1) КӘУЗ өндіретін, сақтайтын және өңдейтін объектілердегі авариялар, сондай-ақ оларды бейбіт және соғыс уақытында да тасымалдау кезінде КӘУЗ әсерінен болған залалады азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
2) төтенше жағдай аймақтарында, улану ошақтарында ықтимал химиялық улану ахуалын болжау және бағалау;
3) химиялық қауіпті объектілерден КӘУЗ-бен химиялық улану туралы ақпараттарды алу және қорытындылау;
4) химиялық қауіпті объектілерді және олардағы КӘУЗ-ды есепке алу;
5) химиялық қауіпті объектілерге барып тексеру жүргізу;
6) радиациялық ахуалға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) иондалған сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру;
8) иондалған сәулелену көздерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
9) мекемелер орналасқан жерлерде радиациялық ахуалға тұрақты бақылау жүргізу жүктеледі.
16. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне:
1) жануарлар мен құстарға жұқпалы ауруларға зертханалық диагностикалау жүргізу;
2) РЗ, УЗ, КӘУЗ және БА-мен уланған жануарлар мен құстарға зертханалық зерттеулер жүргізу;
3) жануарлар мен құстардың, мал шаруашылығы азығының, өсімдік шаруашылығының улануын айқындау, сондай-ақ оларды индикациялау;
4) жоспарланған қорғау іс-шараларын негіздеу мақсатында биологиялық ахуалды болжау және бағалау жүктеледі.
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі мекемелерінің жұмыс істеуі және ақпаратты беру тәртібі
17. БЗБЖ жұмыс істеуі үш режимде жүзеге асады:
1) күнделікті қызмет режимінде (бейбіт уақыт, қалыпты радиациялық, химиялық және биологиялық ахуал, эпидемияның, эпизоотийдің, эпифитотийдің болмауы) байқау және зертханалық бақылау жоғары тұрған басқару органының регламенттейтін құжаттарымен (ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, жарғылар) әрбір мекемеге белгіленген міндеттер көлемінде жүргізіледі. Байқау және зертханалық бақылау нәтижелері туралы ақпарат бекітілген регламент бойынша бағыныстылыққа сәйкес жоғары тұрған ұйымға ұсынылады.
2) жоғары әзірлік режимінде (радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалдың нашарлауы, эпидемияның, эпизоотийлердің, эпифитотийлердің қатері, ықтимал төтенше жағдайлардың және соғыс қауіпінің туындауы туралы қысқа мерзімді болжамның болуы) байқау және зертханалық бақылау осы Қағидада көзделген міндеттер көлемінде жүзеге асырылады.
Табиғи ортаның аса қатты улануы туралы ақпаратты бағыныстылық бойынша жоғары тұрған ұйымға және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жагдайлар саласындағы тиісті аумақтық уәкілетті органына және басқа министрліктер мен ведомстволардың өзара іс-әрекет етуші БЗБЖ-ға бір мезетте ұсынады.
Ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 137 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдайлардың қаупі туындаған немесе оны жою кезіндегі ақпаратты беру жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асады.
3) төтенше жағдай режимінде (бейбіт уақытта төтенше жағдайдың туындау және оны жою, соғыс уақытында зақымдаудың заманауи құралдарын қолдану) байқау және зертханалық бақылау осы Қағидада көзделген міндеттер көлемінде жүргізіледі.
18. Шұғыл ақпаратты (төтенше жағдайлар туралы) бағыныстылық бойынша жоғары тұрған ұйымға және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтағы бөлімшелеріне және басқа министрліктер мен ведомстволардың өзара іс-әрекет етуші БЗБЖ-ға:
қоршаған ортада (ауада, топырақта, суда), азық-түліктерде, тамақ және жемшөп шикізатында фондық мәннен асып кеткен немесе рұқсат етілген шекті концентрациялар РЗ, КӘУЗ, сондай-ақ УЗ және БА анықталуы туралы;
адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің аса қауіпті жұқпалы ауруларға жаппай шалдығуының (улануының) өршуі туралы;
гидрометеорологиялық апат жайттары туралы ақпараттарды бір мезетте ұсынады.
Шұғыл ақпарат (хабарландыру) формалды және формалды емес түрде бар байланыс құралдары арқылы тез арада беріледі және хабарланған сәтінен бастап 30 минуттан кешіктірілмей жазбаша түрде жолданып расталады.
Ахуалдың дамуы туралы келесі ақпарат (егер де осындай хабарламалардың мерзімі ерекше белгіленбесе) кем дегенде 2 сағат сайын беріледі.
Анықтама ақпарат - сұралған сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында тәулік ішінде атқарылған іс-шаралар туралы жинақталып өңделген ақпарат - күн сайын 7.30 және 16.00 сағатқа қарай беріледі.
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісінің  схемасы
 
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желілерінің құрамы
1) салалық ғылыми-зерттеу мекемелері;
2) жоғарғы оқу орындарының кафедралары (зертханалары), гидрометеорологиялық, химиялық, токсикологиялық, радиологиялық, микробиологиялық, гигиеналық, ветеринарлық, агрохимиялық және фитопатологиялық үлгідегі зертханалар (бекеттер, станциялар);
3) Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, оның аумақтық органдары;
4) «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның аумақтық филиалдары;
5) «Қазаэросервис» (КАС);
6) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдар (МСЭҚАО);
7) теміржол көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бөлімдік органдары;
8) обаға қарсы станциялар (ОҚС);
9) аумақтық ветеринариялық зертханалар (АВЗ);
10) ветеринариялық-санитариялық пункті (ВСП);
11) ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (ҚР АШМ АӨК МИК АИ);
12) өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер (ӨКШБ);
13) Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының өндірістік (объектілік) зертханалары;
14) азаматтық қорғаныстың химиялық-радиометриялық зертханалары (АҚХРЗ);
15) радиациялық және химиялық байқаудың объектілік бекеттері (РХБОБ) болады.
№ 3 қосымша
БЗБЖ ҚҰРЫЛЫМЫНА КІРГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ
ТІЗБЕСІ

Р/с №

Зертханалар атауы

Ведомстволық тиістілігі

Орналасқан жері

Байқау және зертханалық бақылауды жүргізу мүмкіндіктері

1

Топырақтану мен гидрохимиялық талдау зертханасы

ҚР ҰЯО РМК ГЗИ ЕМК

ШҚО 071100 Курчатов қаласы, «Меридиан» алаңы

Ауызсу, жерасты, жерүсті суларын және қатып қалғаннан басқа топырақ класының барлық түрлерін сынау (№ 1 нысанда атап өтілген көрсеткіштер бойынша)

2

Кешенді экологиялық зерттеулер орталығы

ҚР ҰЯО РМК ЯФИ ЕМК

Алматы қаласы, Ибрагимов көшесі, 1

Табиғи және өнеркәсіп объектілері (топырақ, түпті шөгінділер, өсімдік, минералды шикізат, құрылыс материалдары, өнеркәсіптік қалдықтар, ауа сүзгілері) альфа, бета және гамма- сәулелену радионуклидтері

3

ҚР ҚК Арнайы әскерлерінің бас басқармасы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана қаласы, Абай көшесі, 25

ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

4

77070 әскери бөлімінің есептеу-талдау станциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Қарағанды қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 13

Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасатын әскери бөлімдер мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

5

32355 әскери бөлімінің есептеу - талдау станциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Семей қаласы, Интернационал көшесі, 9

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында орналасатын әскери бөлімдер мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

6

51051 әскери бөлімінің есептеу - талдау станциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 45А

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында орналасатын әскери бөлімдер мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

7

03858 әскери бөлімінің есептеу - талдау станциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 2А

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында орналасатын әскери бөлімдер мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

8

21140 әскери бөлімінің есептеу - талдау станциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана қаласы, Абай көшесі, 25

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

9

29011 әскери бөлімінің есептеу - талдау станциясы

ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақтау қаласы, шағын аудан 14, 2 үй

ҚР ҚК Әскери-Теңіз Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің орналасу жерлеріндегі радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және бағалау

10

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 34

бар

11

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Алматы қаласы, Қапал көшесі, 14

бар

12

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84

бар

13

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ» РМК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

бар

14

«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» РМК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

бар

15

«Республикалық карантиндік зертхана» ММ

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

010000 Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы, 8 ВП-1 (бас кеңсе)

бар

16

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

010000 Астана қаласы,

Б. Майлин көшесі, 16/4

бар

17

«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

010006 Астана қаласы, Дулатов көшесі, 187/2

бар

18

«Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» РМК

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

010006 Астана қаласы, Көктал 1 шағын ауданы, Абайға 150 жыл көшесі, № 22/3

бар