«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекiтiлген
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысымен (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.08.2021 жылғы № 544 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында жүргізіледі.
3. Құқықтық мониторинг объектілері:
1) жаңа конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;
2) өзге де нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Осы Қағидаларда құқықтық мониторинг жүргізу мақсатында жаңа редакцияда қабылданған конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар, сондай-ақ жаңадан қабылданған конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар, заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қабылданған күнінен бастап бес жыл ішінде жаңа деп есептеледі.
Құқықтық мониторинг жүргізілуге жататын өзге нормативтік құқықтық актілер:
1) жаңа конституциялық заңдарды, кодекстерді, шоғырландырылған заңдарды, заңдарды қоспағанда, конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары түсініледі.
Құқықтық мониторинг:
1) заңда белгіленген тәртіппен күші жойылған нормативтік құқықтық актілер;
2) құқықтық мониторинг қолданысқа енгізілген күнінен бастап бес жыл ішінде жүргізілетін заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қоспағанда, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
3) мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық мәселелерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (13.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) республикалық бюджетті бекіту, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
6) халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілер бойынша жүргізілмейді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторингті олардың әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында белгіленген тәртіппен тұрақты негізде жүргізеді.
5. Құқықтық мониторингті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге қатысты жүргізеді.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – заң қызметтері) жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының әділет органдары жүзеге асырады.
8. Құқықтық мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі және олар бойынша жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ құқықтық мониторинг жүргізу мерзімдері осы Қағидаларда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингін жүргізу графиктерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдеріне сәйкес белгіленеді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
9. Қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін бағалау мақсатында мемлекеттік органдар заңдардың тұрақтылығы дәрежесіне талдауды жүзеге асырады.
2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдерін жүргізу және құқықтық мониторинг жүргізу графигін бекіту тәртібі
10. Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың заң қызметтері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құқықтық мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдерін (бұдан әрі – тіркелімдер):
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне (күші жойылған, өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу, халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларына (халықаралық шарттарды бекіту, қабылдау және оларға қосылу туралы қаулыларды қоспағанда);
3) Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Ұлттық Банктің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларына;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарына;
5) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарына;
6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларына, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдеріне, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларына қатысты жеке-жеке жүргізеді.
11. Орталық мемлекеттік органдар өздері әзірлеген не өздерінің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары, өздері қабылдаған орталық мемлекеттік органдардың актілері бойынша тіркелімдерді электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.
Мәслихаттар, әкімдіктер және тексеру комиссиялары жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша тіркелімдерді электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.
Мемлекеттік органдар тіркелімдерге мәліметтерді енгізуді нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
12. Құқықтық мониторингке жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, бірыңғай тіркелімдерді (бұдан әрі – бірыңғай тіркелімдер) электрондық түрде жүргізеді.
Бірыңғай тіркелімдерді жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
13. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде бірыңғай тіркелімдермен (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) салыстырып тексеру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркелімдерге енгізілген мәліметтер туралы ақпаратты нормативтік құқықтық актінің әрбір нысаны бойынша жеке-жеке жібереді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
14. Құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган алдағы күнтізбелік жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу графигін (бұдан әрі – график) айларға бөле отырып және құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құқықтық мониторинг жүргізу графигін мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды адам бекітеді.
Орталық мемлекеттік органдар график бекітілген не графикке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оны ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етеді.
График нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ мониторинг жүргізілген нормативтік құқықтық актілерді (осы жартыжылдықта қабылданған актілерді қоспағанда, әр жарты жыл сайын) оқтын-оқтын қайтуды көздейді.
Заң қызметіне сапалы ақпаратты уақтылы ұсыну графикте көзделген мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары ағымдағы жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде графикті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдарына жібереді.
3-тарау. Жаңа заңдар бойынша құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі
3-тарау 18.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілді ҚР Үкіметінің 10.08.2021 жылғы № 544 Қаулысына сәйкес
15. Жаңа заңдар бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде бес жыл бойы құқықтық мониторинг жүргізеді.
Жаңа заң бойынша құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі заң қолданысқа енгізілген күннен басталады.
Жаңа заңдар бойынша құқықтық мониторинг жүргізу кезінде әзірлеуші мемлекеттік орган реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу деңгейін, қабылданған нормалардың тиімділігін, сондай-ақ заң қабылданғаннан кейін туындаған өзге де салдарды бағалайды.
16. Жаңа заңдар бойынша құқықтық мониторингті заңды әзірлеген мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі не осы заң құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жүргізеді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Заңды әзірлеуге бірнеше уәкілетті мемлекеттік орган қатысқан не заңда бірнеше мемлекеттік органның құзыреті қамтылған жағдайларда тиісті мемлекеттік органдардың әрқайсысы осы нормативтік құқықтық актіде қамтылған өз құзыреті шегінде құқықтық мониторинг жүргізеді және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тиісті есептік ақпаратты жібереді.
17. Нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг жүргізу кезінде әзірлеуші мемлекеттік органдар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне жыл сайынғы жолдауларында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілерде қамтылған ақпаратты;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (13.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын шолуды;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым (заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ететін) жүргізген заңнаманың тиімділігін талдау (нормативтік құқықтық актілерді талдау) нәтижелерін;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2022 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау және қорыту нәтижелерін;
5) нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты прокурорлық қадағалау актілерін;
6) сот практикасын талдау, қорыту нәтижелерін;
7) мемлекеттік аудит (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындысы) нәтижелерін;
8) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды;
9) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар жүргізетін заңнама нормаларын қолдануға қоғамдық мониторинг қорытындыларын (ұсынымдарын);
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нормативтік құқықтық актілеріне қоғамдық мониторинг нәтижелерін;
11) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникация желілеріндегі, оның ішінде әлеуметтік желілердегі интернет-ресурстарда қамтылған ақпаратты;
12) нормативтік құқықтық актілерді құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін;
13) құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректерді;
14) заңнаманы жетілдіру жөніндегі талдамалық материалдарды;
15) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары мен ескертулерін пайдаланады.
Құқықтық мониторинг бойынша есепке міндетті түрде есепте көрсетілген мәліметтердің негізділігі мен анықтығын көрсететін тиісті материалдар қоса берілуге тиіс.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері графикке сәйкес жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін талдайды және нормативтік құқықтық актілерде кемшіліктер анықталған жағдайда есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде шаралар қабылдайды.
18. Тиімсіз іске асырылатын нормаларды жою мақсатында жыл қорытындысы бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қабылданған шаралар Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу, тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу, заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу не басқа заң жобаларына түзетулер енгізу болып табылады.
19. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері заң қызметтеріне талдау анықтамаларын немесе осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңа заңдар бойынша құқық нормаларында кемшіліктердің жоқ екені туралы анықтамаларды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Жаңа заң бойынша жүргізілген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есеп осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілгеннен кейінгі есепті жыл өткен соң он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
20. Жаңа заңдар бойынша құқықтық мониторинг жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында Әділет министрлігі жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелеріне қосымша зерделеу жүргізеді.
Бес жыл өткен соң құқықтық мониторинг жүргізу тоқтатылатын заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қоспағанда, жаңа заңдар бойынша құқықтық мониторинг жүргізу осы Қағидалардың 4-тарауында айқындалған тәртіппен жалғасады.
4-тарау. Өзге нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі
21. Өзге нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторингті мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізеді.
Уәкілетті мемлекеттік органдар өзге нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг жүргізген кезде қолданыстағы реттеудің тиімділігін, сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өзге де мән-жайларды бағалайды.
Өзге де нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдар пайдаланатын мәліметтер, сондай-ақ тиісті шаралар қабылдануға тиіс мерзімдер осы Қағидалардың 17-тармағында қамтылған.
22. Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қабылданған шаралар:
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысымен (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері бойынша – Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу, тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу, заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу не басқа заң жобаларына түзетулер енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша – Үкімет қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізу;
орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша – нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізу болып табылады.
23. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері заң қызметтеріне талдау анықтамаларын және осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес өзге нормативтік құқықтық актілер бойынша нормалардың кемшіліктері жоқ екені туралы анықтамаларды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
24. Жүргізілген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары Қазақстан Республикасының әділет органдарына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейін бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындысы бойынша есептер жібереді.
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында әділет органдары нормативтік құқықтық актіге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелеріне қосымша зерделеу жүргізеді.
Орталық мемлекеттік органдар қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдарына жібереді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары жинақталған ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін (ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін) жібереді.
25. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының әділет органдарына кадр, шаруашылық мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоспағанда, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары өткен тоқсанда қабылдаған актілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай жібереді.
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Әділет органдары оларды мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу үшін тиісті актілерді сұратады.
26. Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында әділет органдары мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқтын-оқтын, бірақ жылына кемінде екі рет мемлекеттік органдар мониторингінің нәтижелерін қарайды.
27. Мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз іске асырылатын құқық нормалары анықталған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде талдамалық анықтамалар жасайды.
Әзірлеуші болып табылмайтын мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормалары анықталған жағдайда мемлекеттік органдар талдамалық анықтама жасалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған не оны әзірлеуші болып табылатын, не оның құзыретіне жататын мемлекеттік органға хабарлама жібереді.
5-тарау. Баламалы құқықтық мониторинг
28. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым заңнаманың тиімділігіне талдау (нормативтік құқықтық актілерге талдау) жүргізеді.
Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау (нормативтік құқықтық актілерге талдау) нәтижелерін пайдалануы мүмкін.
29. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізеді.
30. Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізуге құқылы.
Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері жыл сайын тиісті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
31. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін өзге де мүдделі тұлғалар жүргізуі мүмкін.
Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде өзге де мүдделі тұлғалар мемлекеттік органдарға және олардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторинг нысанасына жатқызылған қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салулар жіберуі мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингінің нәтижелері уәкілетті мемлекеттік органның атына тиісті хат түрінде ресімделеді.
32. Қоғамдық мониторинг нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде пайдаланады.
6-тарау. Заңдардың тұрақтылығы дәрежесін айқындау
33. Заңдардың тұрақтылығы дәрежесі мемлекеттік органдардың осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңдардың тұрақтылығы дәрежесіне талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізу жолымен айқындалады.
Заңдардың тұрақтылығы дәрежесін талдауды әзірлеушілері болған не ол өздерінің құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
34. Мемлекеттік органдар талдау нәтижелерін құқықтық мониторинг қорытындыларымен бірге әрбір жылдың оныншы қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді.
34-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
35. Тұрақты нормативтік құқықтық актілер:
жыл бойы өзгерістерге ұшырамаған заңдар мен кодекстер;
нормативтік құқықтық актілермен жылына 3 реттен асырылмай өзгерістер енгізілген кодекстер.
Салыстырмалы түрде тұрақты нормативтік құқықтық актілер:
редакциялық сипаттағы, сондай-ақ заң техникасына қатысты түзетулерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілермен жылына 2 реттен асырылмай өзгерістер енгізілген заңдар;
нормативтік құқықтық актілермен жылына 4-тен бастап, бірақ 6 реттен асырылмай өзгерістер енгізілген кодекстер.
Тұрақсыз нормативтік құқықтық актілер:
редакциялық сипаттағы, сондай-ақ, заң техникасына қатысты түзетулерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілермен жылына 2 реттен көп өзгерістер енгізілген заңдар;
нормативтік құқықтық актілермен жылына 6 реттен көп өзгерістер енгізілген кодекстер.
36. Заңдардың тұрақтылығын айқындау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
37. Мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтердің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қосымша бақылау ретінде талдау нәтижелерінде қамтылған деректерге іріктеп қайта тексеру жүргізеді.
38. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
38-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
39. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;
2) Қазақстан Республикасының кодекстері;
3) шоғырландырылған заңдар;
4) Қазақстан Республикасының заңдары заңдардың тұрақтылығын айқындау объектісі болып табылады.
40. Мыналар:
1) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
2) халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілер;
3) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдар, сондай-ақ оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
4) қолданысқа енгізілгеннен кейінгі бірінші жыл ішінде қабылданған заңдар заңдардың тұрақтылығын айқындау объектісі болып табылмайды.
7-тарау. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды ақпарат
41. Жаңа заңдар бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындысы бойынша келіп түскен есептерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі есепті кезеңнен кейін он бес жұмыс күні ішінде талдайды.
41-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 5 тамызына дейінгі және жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізуі сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар енгізе отырып, қорытынды ақпаратты орналастырады.
42-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Заңдардың тұрақтылық дәрежесін талдау нәтижелері құқықтық мониторингтің жылдық қорытындыларымен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде жылына бір рет орналастырылады.
43. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
43-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.09.2022 жылғы № 687 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2022 жылғы № 209 Қаулысымен (10.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
____________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) 20___жылғы________ құқықтық мониторинг жүргізуге жататын нормативтік құқықтық актілердің тіркелімі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Нормативтік құқықтық актінің түрі |
Нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні |
Нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (органның құзыреті) |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу күні |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілген күні |
Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер |
Баған алынып тасталды (ескертуді қараңыз) |
Нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру туралы мәліметтер |
Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) қолданыс мерзімінің өтуіне немесе бұрын шығарылған нормативтік құқықтық актінің ережелері, оның бөліктері (бөлігі) қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлігін (бөліктерін) ауыстыратын жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты қолданысын тоқтату туралы мәліметтер |
Нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы мәліметтер |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
|
|
|
|
|
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2022 жылғы № 209 Қаулысымен (10.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20__жылғы_________ құқықтық мониторинг жүргізуге жататын ________________________________________________ (нормативтік құқықтық акті (актілер) нысаны көрсетіледі) бойынша бірыңғай тіркелім
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Нормативтік құқықтық актінің түрі |
Нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні |
Нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (органның құзыреті) |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу күні |
Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер |
Баған алынып тасталды (ескертуді қараңыз) |
Құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жауапты мемлекеттік орган |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
|
|
|
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 3-қосымша
_____________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) 20___ жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу графигі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі |
Мемлекеттік органның жауапты құрылымдық бөлімшесі |
Құқықтық мониторинг жүргізу мерзімдері мен нысаны (талдамалық анықтама/құқықтық мониторинг жүргізу кезінде құқық нормаларында кемшіліктің жоқ екені туралы анықтама) |
_____ жартыжылдық (I не II) |
|||
_________ AЙДАҒЫ НОРМAТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ AКТІЛЕРДІ ТAЛДAУ |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 4-қосымша
Құқықтық мониторинг нәтижелері «__________» Қазақстан Республикасының қабылданған Заңы бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша есеп (мемлекеттік әзірлеуші органның атауы)
I БӨЛІМ
1. Заңның атауы
2. Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында көрсетілген индикаторларға қол жеткізу деңгейі (көбінесе сандық есептеу арқылы берілуге тиіс)
Р/с № |
Бағаланатын индикатор |
Қойылған индикаторларға қол жеткізу деңгейі |
|
|
|
|
|
|
3. Заңды қабылдаудың оң салдары
4. Заңды қабылдаудың теріс салдары
5. Сот шешімдерін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау нәтижелері бойынша алынған деректерді көрсете отырып, жұртшылықтың қабылданған заңға қатынасы (интернет-ресурстардағы, әлеуметтік желілердегі және т.б. ақпаратты талдау)
* Заңды қабылдаудың оң және теріс салдарын сипаттау кезінде жаңа заңды қолдану практикасын талдау нәтижелері бойынша алынған деректерді көрсету қажет (атап айтқанда, келіп түскен өтініштерді, қолда бар сот актілерін талдауды ескере отырып және т.б.)
II БӨЛІМ
Р/с № |
Нормадағы кемшіліктердің түрі |
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі |
Нормативтік құқықтық акт сәйкес келмейтін актінің атауы түрі, бабы, бөлігі, абзацы, тармағы, қабылданған күні, нөмірі / талдамалық анықтамасының жасалған күні |
Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қолданылатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы) |
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған келтірілген нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Тиімсіз іске асырылатын нормалар |
|
|
|
|
2. |
Қайшы келетін нормалар |
|
|
|
|
3. |
Ескірген нормалар |
|
|
|
|
4. |
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар |
|
|
|
|
5. |
Қайталанатын нормалар |
|
|
|
|
6. |
Құқық нормаларының олқылықтары |
|
|
|
|
7. |
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы |
|
|
|
|
8. |
Өзге |
|
|
|
|
|
Жиыны: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
__________________ (мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін лауазымды тұлға)
(Т.A.Ә.)
20__ жылғы «___» ___________ _____________ қолы
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 5-қосымша
Құқықтық мониторинг нәтижелері Өзге нормативтік құқықтық актілер бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша есеп (мемлекеттік органның атауы)
I БӨЛІМ
1. Нормативтік құқықтық актінің атауы
2. Тиімсіз іске асырылатын нормалар
Р/с № |
Нақты тиімсіз іске асырылатын нормалар |
Практикада туындайтын проблемалар |
Ұсынылатын шешу жолдары |
|
|
|
|
|
|
|
|
II БӨЛІМ
Р/с № |
Нормадағы кемшіліктердің түрі |
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі |
Нормативтік құқықтық акт сәйкес келмейтін актінің атауы, түрі, бабы, тармағы, бөлігі, абзацы, қабылданған күні, нөмірі / талдамалық анықтамасының жасалған күні |
Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қолданылатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қайшы келетін нормалар |
|
|
|
2. |
Ескірген нормалар |
|
|
|
3. |
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар |
|
|
|
4. |
Қайталанатын нормалар |
|
|
|
5. |
Құқық нормаларының олқылықтары |
|
|
|
6. |
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы |
|
|
|
7. |
Өзге |
|
|
|
|
Жиыны: |
|
|
|
________________________________ (мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін лауазымды тұлға)
(Т.A.Ә.)
«___» ___________ 20__ жыл _____________ қолы
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 6-қосымша
20__жылғы ____ тоқсанда қабылдаған актілерінің тізбесі ________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
Р/с № |
Актінің қабылданған күні (күні, айы, жылы) |
Актінің нөмірі |
Актінің толық атауы (негізгі актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, негізгі актінің толық атауы) |
Ескертпе |
|||||
мемлекеттік тіркеуге жіберілмеген |
мемлекеттік тіркеуге жіберілген (ілеспе хаттың күні және нөмірі) |
тіркелген (мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі) |
мемлекеттік тіркеуден бас тартылған (әділет органдары хатының күні және нөмірі) |
мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаннан кейінгі қолданылған шаралар (күшін жою туралы актінің нөмірі және күні) |
мемлекеттік тіркеудің күшін жою (сот шешімінің күні мен нөмірі) |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 7-қосымша
«________________________________________________» (нормативтік құқықтық актінің атауы)
____ жылғы «___» _____ № ____ _____________________ (нормативтік құқықтық актінің нысаны)
жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Р/с № |
Құқық нормасындағы кемшіліктер түрлері |
Қолданыстағы редакция |
Нормада (нормаларда) анықталған кемшіліктер және (немесе) оларды қолданудың практикалық мысалдары |
Ұсынылатын редакция (ұсыныстар) |
1. |
Қайшы келетін нормалар |
|
|
|
2. |
Ескірген нормалар |
|
|
|
3. |
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар |
|
|
|
4. |
Тиімсіз іске асырылатын нормалар |
|
|
|
5. |
Қайталанатын нормалар |
|
|
|
6. |
Құқық нормаларының олқылықтары |
|
|
|
7. |
Артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы |
|
|
|
8. |
Өзге |
|
|
|
Мемлекеттік органның жауапты орындаушысы
(Т.A.Ә., лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы, жұмыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі)
Талдамалық анықтама жасалған күні: 20__ жылғы ______
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 8-қосымша
________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ________________________________________________ (нормативтік құқықтық акті (актілер) нысанын көрсету) Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде құқық нормалары кемшіліктерінің жоқ екені туралы анықтама
Құқықтық мониторинг жүргізу графигіне сәйкес 20__ жылғы ______ айда «____» (саны) нормативтік құқықтық актіге (актілерде) қатысты құқықтық мониторинг жүргізілді, оның ішінде мына нормативтік құқықтық актіде (актілерде) құқық нормаларының кемшіліктері жоқ:
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі |
Мемлекеттік органның жауапты орындаушысының Т.А.Ә. (лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы, жұмыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі) |
|
|
|
«___» ___________ 20__ жыл
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 9-қосымша
Заңдардың тұрақтылығы дәрежесін талдау ______________________________________________ ___________________________________ (заңнамалық актінің атауы)
Кіріспе
1. Құқықтық реттеу нысанасы.
2. Заңнама саласы.
Жалпы бөлім
Заңнамалық акт туралы ақпараттан тұрады.
1-кесте. Жалпы ақпарат
Р/с№ |
Заңнамалық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер |
Жауапты мемлекеттік орган |
Заңнамалық актіге өзгеріс және/ немесе толықтыру енгізу негіздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жалпы бөлімде жылдар және ай сайынғы көрсеткіштер, сандық өзгерістер бойынша өзгерістер серпіні көрсетіледі.
2-кесте. Заңнамалық актіге өзгерістер және/ немесе толықтырулар енгізілген заңнамалық актілердің жылдар мен айлар бойынша саны
Жыл/ай |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
Жиыны |
Жыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Құрылымдық талдау
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементтерінің санынан, өзгерістерге ұшырамаған нормалардың санынан және өзгерістер енгізілген (оның ішінде алып тасталған және қосылған жаңа құрылымдық элементтер) нормалардың санынан тұрады.
Құрылымдық талдау заңнамалық актінің жекелеген құрылымдық элементтерінің (тараудың, параграфтың, бөлімнің, кіші бөлімнің, баптың, тармақтың, тармақшаның, бөліктің) сандық өзгеру серпінін зерттеуден де тұрады.
3-кесте. Әр бапты салыстырмалы талдау
Р/с № |
Атауын көрсете отырып, өзгерістер енгізілген құрылымдық элементтің нөмірі |
Саны |
Өзгертілген ереженің мәні/мазмұны |
Заңнамалық актіге өзгерістер және/ немесе толықтырулар енгізген заңнамалық актілердің атауы және қабылданған күні |
Заңнамалық актіге өзгеріс және/ немесе толықтыру енгізу негіздері |
1. |
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар |
|
|
|
|
2. |
2-бап. |
|
|
|
|
3. |
3-бап. |
|
|
|
|
4. |
2-тарау. |
|
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
Заңдардың тұрақтылығын талдау
Акт қабылданған кезден бастап және есепті кезең үшін тұрақтылықтың ең жоғары және ең аз кезеңі көрсетіледі.
* нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылығы кезеңі – бұл нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және/ немесе толықтырулар енгізу жүзеге асырылмаған уақыт кезеңі;
* нормативтік құқықтық актілер тұрақтылығының ең ұзақ кезеңі – нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және/ немесе толықтырулар енгізу жүзеге асырылмаған уақыттың ең аз кезеңі (нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер арасындағы ең аз уақыт кезеңі);
* нормативтік құқықтық актілер тұрақтылығының ең қысқа кезеңі – нормативтік құқықтық актідегі өзгерістер және/ немесе толықтырулар арасындағы ең қысқа уақыт кезеңі.
Негізгі тұжырымдар
Заңдардың тұрақтылығын талдау заңдардың өзгеру серпінін, жекелеген нормалардың өзгеру санын зерттеуден, сондай-ақ заңдардың тұрақсыздығының негізділігін анықтаудан тұрады.
«Негізгі тұжырымдар» бөлімінде нормативтік құқықтық актінің тұрақтылығы, салыстырмалы тұрақтылығы және тұрақсыздығы, сондай-ақ заңдардың тұрақсыздығының негізділігі айқындалады.
Заңдардың тұрақтылығын талдау әртүрлі уақыт кезеңінде алынған нәтижелерден (нормативтік құқықтық актінің қабылданған кезден бастап жылдар бойынша және есепті кезең ішінде тұрақтылығын салыстырудан), нормативтік құқықтық актінің өзгерістері қарқындылығын арттыру немесе төмендету көрсеткіштерінен де тұрады.
Мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін лауазымды тұлға (Т.A.Ә.)__________ ____________________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы) «____»______________ 20 __ ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 729-құжат).
2. «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 145 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 285-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 175-құжат).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |