Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 504 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС үшін тартылатын сарапшының соңғы бес жылда Хирш индексі бар рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде бес ғылыми мақаласы болуы тиіс. Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;»;
8), 9), 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
9) комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
10) МҒТС қорытындысы – ұйымдастырушының МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасаған ресми қорытындысы;»;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) ғылыми этиканың бұзылу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, қаржыландырудың бір көзінің шеңберінде өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны түрлі бағыттарға жолдауы, МҒТС объектісін өтінім берушінің қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;
12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беруші ұсынған МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі. ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушылар объектілерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркейді;
13) шекті балл – ғылымның басым бағытына бөлінген қаржыландыру көлемі аяқталатын МҒТС балы. Шекті балл ең жоғары балдан бастап, өтінімдердің «жоғарыдан төмен» сараланған тізіміндегі қаржыландырудың мәлімделген сомасын қосу арқылы анықталады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (оның ішінде ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары, нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер) МҒТС объектілері болып табылады.»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;»;
6), 7) тармақшалар алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және өзге де МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізу үшін конкурсқа өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде өтінім береді. Тапсырыс беруші сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мониторингінің индикаторлары мен жетекші сұрақтарын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.
Өтінім беруші ЖТН алған күннен бастап ұйымдастырушы өтінімдерді мынадай талаптардың сақталуы тұрғысынан тексереді:
1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісінде ЖТН болуы;
2) өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі (ерекше және қосымша шарттар болғанда);
3) талап етілген құжаттардың толық көлемде ұсынылуы;
4) плагиат және МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-қа бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы. Көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс;
5) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушыда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
6) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімнің электрондық нұсқасының қағаз нұсқасына сәйкестігі;
7) МҒТС объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болмауы немесе ғылыми этиканы бұзу фактілерінің анықталмауы;
8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болуы.
Ұйымдастырушы өтінімдер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін МҒТС объектілерін МҒТС жүргізбей қайтарады.
Тапсырыс беруші МҒТС объектілерін өтінім берушіге қайтарады және ұйымдастырушы қайтарған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қайтарылған МҒТС объектілерінің тізбесін өз интернет-ресурсында жариялайды.
Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін МҒТС объектілері тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң МҒТС жүргізуге жатады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – күнтізбелік он бес күннен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Сарапшылар құрамын іріктеу қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Ұйымдастырушы МҒТС нәтижелерінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына тапсырылған, әрбір бағалау өлшемшарты бойынша орташа және жоғары шекті баға алған МҒТС объектілерінің қорытынды балл шамасына қарай сараланған тізімін жасап, онда мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсетеді.
Сараланған тізім негізінде ұйымдастырушы шекті балды анықтайды және:
1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балдан жоғары МҒТС объектілерін қамтитын басым тізімді;
2) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балға тең МҒТС объектілерін қамтитын шекті тізімді;
3) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балдан төмен МҒТС объектілерін қамтитын резервтік тізімді жасайды.
Басым, шекті және резервтік тізімдерді қалыптастыру уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттамасында көзделген ғылымның әрбір басым бағытына бөлінген гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.