• Мое избранное
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 тамызда № 14172 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 28 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2023 жылғы № 90/НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.04.2020 жылғы № 122/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар бекітілсін.
2. "Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10138 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
      _____________ Д. Абаев
2016 жылғы 22 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
      ____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 27 шілде
  • 2
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 20 шілдедегі
№ 319 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар
Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 жылғы № 353/НҚ Бұйрығымен (20.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.04.2020 жылғы № 122/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғауды қамтамасыз ету және оларды бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геодезиялық пункт – орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылған орталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желi пунктi;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілі.
2-тарау. Геодезиялық пункттерді қорғау
3. Мемлекеттік геодезиялық желінің геодезиялық пункттері (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық пункттер, жер бетіндегі белгілер мен осы пункттердің орталықтары), сондай-ақ арнайы геодезиялық желілер пункттері (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгілер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
4. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
5. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгіден және геодезиялық белгінің шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түріндегі сыртқы безендірмеден тұрады. Геодезиялық пункттің сыртқы безендірмесі болмаған жағдайда сыртқы белгінің негізі оның шекарасы болып табылады.
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшін пункттердің шекаралары мен қорғау аймақтары белгіленбейді.
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиіс.
6. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесі, геодезиялық белгінің шекарасы және оларды бойлай жағаланған ені 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттердің қорғау аймағы болып табылады.
7. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес геодезиялық пункттердің бүлінуінің немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы көрсетілетін қызметті берушіге хабарлауға, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
  • 1
8. Топографиялық түсірілімдер үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық және нивелирлiк желiдегі геодезиялық пункттердің тығыздығы:
елді мекеннен тысқары аумақтарда 1:25000 және 1:10000 масштабта – 50-60 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті;
елді мекендер (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер) аумақтарында 1:2 000 және одан ірі масштабта – 5-15 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті құрайды.
9. Геодезиялық пункттердің бүлінгендігі немесе жойылғандығы туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт жасайды.
3-тарау. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыру) тәртібі
  • 1
10. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында мазмұндалады.
11. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінішті (бұдан әрі – өтініш) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолы қойылған геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы сұрауды, зерттеу жүргізу үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты кәсіпорынға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) дайындайды және жолдайды.
15. Ведомстволық бағынысты кәсіпорын алты жұмыс күні ішінде бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын анықтауды, сондай-ақ геодезиялық пункттің орналасқан аумағына бару арқылы, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығын анықтауды қамтитын зерттеу жүргізеді.
Ведомстволық бағынысты кәсіпорын бір жұмыс күні ішінде зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге геодезиялық пункттердің тығыздығын, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы оң не теріс қорытынды жолдайды.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері оң қорытынды алған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты береді.
Теріс қорытынды алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындап, көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
  • 1
17. Рұқсаттар алу барысында:
1) геодезиялық пункттер тығыздығының, қолда бар геодезиялық желіні жаңарту және дамыту перспективаларының болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалар ақпараттық жүйесі арқылы көрсеткен кезде, мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, жоғары тұрған мемлекеттік органға және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
  • 1
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
1-қосымша
Нысан
20___жылғы «__» _______
Геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт
 _________________________________________ 
(елді мекеннің атауы, пошталық мекенжайы)
Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________________ 
(актіні жасағандардың тегі, аты, 
____________________________________________________________________ 
әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, заңды тұлғаның атауы) 
20 жылғы «__»________акт бойынша сақталуын бақылау үшін қабылданған 
____________________________________________________________________ 
(геодезиялық пунктті сақталуын қадағалау үшін беру актісіне сәйкес) 
___________________________________________________________орналасқан 
____________________________________________________________________ 
(геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі) 
геодезиялық пунктінің бүлінуі (жойылуы) туралы осы актіні жасадық. 
Қарау кезінде______________________________________________________ 
(орталықтың, сыртқы белгісінің, бағдарлық пункттердің 
____________________________________________________________________ 
және сыртқы безендірменің жай-күйі, геодезиялық пункттің бүлінуіне немесе 
____________________________________________________________________ 
жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кінәлі адамдар көрсетілсін) 
__________________________________________________________анықталды.
_____________________________________ ___________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы) 
_____________________________________ ___________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы) 
_____________________________________ ___________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
  • 2
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
2-қосымша
Нысан

«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

9 (тоғыз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) арналған рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

6

Төлемақы мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі

7

Жұмыс графигі

1) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

2) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында;

2) порталда орналастырылған.

8

Қажетті құжаттардың тізбесі

Электрондық құжат нысанындағы геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген негіздер

1) геодезиялық пункттер тығыздығының, қолда бар геодезиялық желіні жаңарту және дамыту перспективаларының болмауы;

2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  • 1
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
 инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
 министрлігінің
 Геодезия және картография комитетіне
 _____________________________________
 (тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
 _____________________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Нөмірі _________
 «___» _______ 20__ жыл
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш
____________________________________________________________________ 
(облыс, аудан, елді мекен) 
____________________________________________________________________
аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға (орнын 
ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.
Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі _______________________________ 
____________________________________________________________________
Геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініштің 
себебі ______________________________________________________________ 
(себебін көрсету)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 
  • 1
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
4-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті

Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат
Нөмірі _________
 «___» _______ 20__ жыл
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы 
_____________________________________________________________________ 
Геодезиялық пункттің орналасқан орны ___________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
(облыс, аудан, елді мекен) 
Қорытынды__________________________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]
 
  • 1
Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
5-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті

Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
 (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы
 _________________________________
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________
 «___» _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және 
картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы «___» _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен 
геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]