• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтерін белгілеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 808 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14236 болып тіркелд

"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
  • 1
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М.Бердалин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 15 тамыз
  • 2
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 808 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтері
Р/с № Бөлініс атауы Өлшем бірлігі Саны Арнайы көлік құралының атауы
1 өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімді шығарумен және іске асырумен (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды қайта өндеумен және іске асырумен 1 өндірістік учаскеге дана 1 трактор
      1 автотиеуіштер
      1 экскаватор
      1 изотермиялық шанағы бар автомобиль
      1 вакуум автомобилі
      1 автоцистерна
      1 бульдозер
      1 комбайн
2 құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын 1 өндірістік учаскеге дана 3 трактор
      3 автотиеуіштер
      3 экскаватор
      3 трейлер
      3 автокран
      2 бульдозер