• Мое избранное
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығы. ​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 қазанда № 14311 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (16.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.07.2026, 12.07.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 05.06.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.04.2024 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (16.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (16.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 124 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10070 болып тіркелген, 2015 жылы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толыктыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімінің 6-тармағы (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12158 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 434 бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2020 жылғы № 264 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 жылғы № 541 Бұйрығымен (04.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.04.2024 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.09.2025 жылғы № 369 Бұйрығымен (22.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (16.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған тексеру – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жүзеге асырылатын көппәтерлі тұрғын үйдегі үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуын тексеру;
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – реновациялау шеңберінде Шарт) – уәкілетті компания мен реновациялау шеңберіндегі үлескер арасында жасалатын, тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл ретте бір тарап – көппәтерлі тұрғын үйді салуды қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге, ал екінші тарап реновациялау объектісін және (немесе) реновациялау объектісі шеңберіндегі жылжымайтын мүлікті қарсы беруді жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенеді;
2-2) реновациялау шеңберіндегі үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін алу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
6) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
7) үлес – салынған көп пәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрамына кіретін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес реновациялау шеңберіндегі үлескерге берілетін, көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер немесе тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;
8) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум);
9-тармақша 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылды: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
3. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4-тармақ 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылды: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5-тармақ 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылды: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
6. Көрсетілетін қызметті алушының Шартын немесе реновациялау шеңберінде Шартын есепке қоюға арналған өтінім, ЭЦҚ арқылы қол қойылған, үлескермен немесе реновациялау шеңберінде үлескермен жасалған Шартты немесе реновациялау шеңберінде Шартты, үлескердің немесе реновациялау шеңберінде үлескердің дербес деректерін және сатып алынған үлесі туралы мәліметтерді қамтиды.
Көрсетілетін қызметті алушы үлескердің немесе реновациялау шеңберінде үлескердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.
7. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою үшін өтінімді тіркеу ол жіберілген күні жүзеге асырылады.
Өтінім Жүйеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді тіркеу Жүйеде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген Жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе Көрсетілетін қызметті алушыға Жүйеде есептік жазба арқылы беріледі.
8. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою және есептен шығару Жүйеде өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жүйе арқылы автоматты тексеруді қолдануға Көрсетілетін қызметті берушінің келісімі болған кезде Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады;
Жүйе арқылы автоматты тексеруді қолдануға Көрсетілетін қызметті берушінің келісімі болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті беруші Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне дербес тексеруді жүзеге асырады.
9. Тексеру нәтижелері бойынша Көрсетілетін қызметті беруші Жүйеде Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін Жүйеде Көрсетілетін қызметті берушіге Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қою үшін өтінімді қайта жібереді.
11. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою кезінде, Көрсетілетін қызметті беруші реновациялау шеңберінде Шарттың немесе Шарттың есептік жазбасы туралы үзіндіге қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және Көрсетілетін қызметті алушының Жүйедегі жеке кабинетіне және Шартта немесе реновациялау шеңберінде Шартта көрсетілген реновациялау шеңберінде үлескердің немесе үлескердің электрондық поштасына жіберіледі.
Үлескерде немесе реновациялау шеңберінде үлескерде электрондық пошта болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы үлескерге немесе реновациялау шеңберінде үлескерге Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірменің тиісті жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілдермен үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
12. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты тоқтату немесе есептен шығару осы Қағидаларға Тізбенің 10-тармағында көзделген тиісті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
13. Реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа қосымша келісімдерді және электрондық нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйемен өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару өтінімді Жүйеде тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
15-тармақ 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылды: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
18. Егер Мемқызметтер туралы Заңында өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер Мемқызметтер туралы Заңында жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның дәлелді ұстанымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынады.
Жергілікті атқарушы
 органдардың тұрғын үй
 құрылысына үлестік қатысу
 туралы шарттарды және
 реновациялау шеңберінде
 үлестік қатысу туралы шарттарды,
 сондай-ақ олар бойынша талап ету
 құқықтарын басқаға беру туралы
 шарттарды есепке алуды
 жүргізу қағидаларына
 1-қосымша
нысан
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме

Құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы мәліметтер

Құрылыс объектісі туралы мәліметтер

Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі туралы мәліметтер

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігі немесе жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың немесе реновациялау шеңберінде үлестік қатысу туралы шарттың/ талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні

Үлескер немесе реновациялау шеңберіндегі үлескер туралы мәліметтер

Үлес туралы мәліметтер

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ үлескердің немесе реновациялау шеңберіндегі үлескердің шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруі

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа тоқтату немесе есептен шығару

2-қосымша 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылды: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@