Toggle Dropdown
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда № 14305 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі ;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.01.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығына сәйкес (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 522 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8778 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) санында жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 391 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8753 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (28228) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы конкурстық тәртіппен ауыстырылатын лауазымдардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.01.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2020 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (12.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аға және жоғары басшылық құрам:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аппаратының және ведомстволарының;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарындағы;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністеріндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің саптық бөліністеріндегі;
6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердегі;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығымен (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ескерту: бос орындарға тағайындау үшін конкурс өзіндік қауіпсіздік бөліністерінде, «Р» және ішкі істер органдарының 7 - бөліністерінде өткізілмейді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу
қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) қызметке орналасу кезінде конкурс өткізу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ ІІО-ға қызметке қабылданушы кандидаттар үшін тағылымдама (бұдан әрі - тағылымдама) ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған және конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ІІО кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.
3. Конкурс жарияланғанға дейін:
1) білім беру ұйымына оқуға түсетіндерді қоспағанда, ІІО-ға қызметке алғашқы рет түсетін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса аяғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өтеді;
2) ІІО-ның кадр қызметтері «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту туралы сертификаты болған кезде және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды болған кезде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес азаматтарға қажетті құжаттар тізбесін береді, Заңда белгіленген қойылатын біліктілік талаптарын (бұдан әрі - біліктілік талаптар) түсіндіреді және олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін ІІО-ның әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жібереді.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2020 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (12.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
2) конкурстық комиссия құру;
3) азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала қарау;
4) кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;
5) конкурстық комиссия кандидаттармен өткізетін әңгімелесуі.
5. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерінің қаражаты есебінен жүргізеді.
6. ІІО қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, сондай-ақ конкурс жарияланған лауазым қысқартылған жағдайларда жарияланған конкурс, оны өткізудің кез-келген кезеңінде ІІО-ның интернет-ресурсында үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде жариялай отырып, тоқтатылуға жатады.
2-тарау. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратының ведомстволарында, бөліністерінде конкурс өткізу кезінде интернет-ресурсында ІІМ және мемлекеттік істер бойынша уәкілетті органда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланады. ІІО-ның аумақтық бөліністерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру ІІО-ның және мемлекеттік істер бойынша уәкілетті органда аумақтылығы бойынша интернет-ресурстарында жарияланады, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2020 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (12.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін азаматтарды (қызметкерлерді) жарияланған лауазымдарға тағайындауға (ауыстыруға) конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жол берілмейді.
9. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) ІІО-ның орналасқан жерін, пошталық және электрондық мекенжайын, кадр қызметінің телефондары мен факс нөмірлерін көрсете отырып, оның атауы;