Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комиттеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қазанда № 14322 болып тіркелді
Редакция 07.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары ;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысшыларына еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11758 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 7 (28735) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, электронды тасымалдауышта «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде елтаңбалы мөрмен және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электронды цифрлық қолымен расталған көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенант В. Жұмақанов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 62 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
қағидалары
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - ҰҚО) жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібін белгілейді.
2. Мамандық бойынша жұмыс өтіліне ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда жұмыс істеген барлық уақыты қосылады, сондай-ақ:
1) Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік өртке қарсы, фельдъегерлік, құтқару қызметтерінде және құралымдарында жұмыс істеген;
2) жүктілігі және босануы бойынша демалысы, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, маслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асырған;
4) егер шетелге жіберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
5) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының соттарында, прокуратура органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, ішкі істер органдарында, Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде еңбек сіңірген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретін лауазымдарда жұмыс істеген;
6) Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттік банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүйесінде жұмыс істеген;
7) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қазақстан Республикасының және бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарындағы мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ҰҚО және Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жүйесінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланында міндетті әскери қызмет өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын атқарған, оның ішінде әскери қызметшілердің тұтқында болған;
8) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі, қылмыстық-атқару қызметі, қаржы (салық) полициясы, кеден органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесінде, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет өткерген;
9) заңсыз жұмыстан шығарылуы кезінде мәжбүрлі жұмыста болмаған және кейін қайтадан жұмысқа алынған;
10) мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзіп даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда оқыған;
11) мамандық бейіні бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмысы;
12) қызмет саласына қарамастан ұқсас мамандық бойынша оның еңбек жолында атқарған лауазымдардағы жұмысы;
13) мемлекеттік қызметші лауазымындағы мемлекеттік қызметте болған уақыты;
14) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметі (жұмысы) кіреді.
2-1. ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының педагогтарына, ғылыми-педагогикалық және ғылыми қызметкерлеріне өтілін есептеу «Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
ҰҚК әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің медицина қызметкерлеріне өтілін есептеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14205 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асыралады.
3. Осы Қағидаларға сәйкес есептелетін мамандық бойынша жұмыс өтілі күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
4. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын арттыру құқығы туындаған жұмыскерлерге, өтілін ескере отырып лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
5. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын ҰҚО тиісті бөлімшесінің басшысының бұйрығымен бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данада дайындалады және: бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - қаржы бөлімшесіне (бухгалтерияға) беріледі.
7. Жұмыскердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындауға арналған еңбек қызметін растайтын құжаттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 62 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
жұмысшыларына еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары мен шарттары
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 13-қосымша 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысшыларына (бұдан әрі - ҰҚО) еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақылар белгілеу тәртібін, шарттарын айқындайды.
2. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақылар белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмысының барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ:
1) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы күштердегі мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінде, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында міндетті әскери қызметін өткерген;
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі, қылмыстық-атқару қызметі, қаржы (салық) полициясы, кеден органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесінде, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет өткерген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының соттарында, прокуратура органдарында, ішкі істер органдарында, Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде еңбек сіңірген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретін лауазымдарда жұмыс істеген;
4) жүктілігі және босануы бойынша демалысы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы үш жасқа толғанға дейін күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
5) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оны бітірген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзіп оқыған;
6) мемлекеттік қызметшілер лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтегі жұмыс істеген уақыты кіреді.
3. Осы Қағидаларға сәйкес еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жұмыс өтілі, сондай-ақ уақыты күнтізбелік есептеумен есепке алынады.
4. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы жұмысшылардың негізгі лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысына (ставкаларына) белгіленеді және ай сайын төленеді. Бұл ретте маусымдық жұмыстарда жұмыс істейтін уақытша жүрген жұмысшыларға үстемеақылар төлеу жүзеге асырылмайды.
5. ҰҚО жұмысшыларына бұрынғы есептелмеген жұмыс кезеңдері бекітілетін жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына үстемеақыларды белгілеу үшін жұмыс өтілін есептеу осы Қағидаларға сәйкес бұрынғы есептелмеген жұмыс кезеңдерін растайтын құжаттар түскен күннен бастап белгіленеді. Бұл ретте өткен уақыттағы еңбек ақысын қайта есептеу жүргізілмейді.
6. Еңбек сіңірген жылдарына үстемеақылар белгілеу құқығын құрамын ҰҚО тиісті бөлімшесі басшысының бұйрығымен бекітілетін тарифтік біліктілік комиссиясы анықтайды, сондай-ақ шешімі хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте шешімнің үзінді көшірмелері екі данада жасалады: оның бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - қаржы бөлімшесіне (бухгалтерияға) беріледі.
7. Жұмысшының мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеуге арналған еңбек қызметін растайтын құжаттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес анықталады.
ҰҚО жұмысшылар мамандығы еңбек қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Жұмыс және жұмысшылар мамандығының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес анықталады.