• Мое избранное
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылы 2 құркүйектегі № 395 бұйрығы. ​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қазанда № 14351 болып тіркелді

Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.11.2018 жылғы № 807 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2018 жылғы № 81 Бірлескен Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты тексеру парағы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша мердігерге (қосалқы мердігерге) қатысты тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы объектілер салу жобаларын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиаттар бойынша тексеру парағы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарына қатысты тексеру парағы бекітілсін;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларына қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Бас прокуратурасының Құқықтық 
статистика және арнайы 
есепке алу жөніндегі 
комитетінің төрағасы 
__________ С. Айтпаева 
2016 жылғы 15 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 міндетін атқарушының
 2016 жылғы 2 қыркүйектегі
 № 395 бұйрығына
 1-қосымша
Тексеру парағы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында құрылыс субъектісі______
 _____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына
сәйкес)
 тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) _________________________қатысты
 (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
 Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
 _____________________________________________________________________
 Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                                (№, күні)
 Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
 _____________________________________________________________________
 Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
 _____________________________________________________________________
 Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
 _____________________________________________________________________
Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6
1 Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарлама талаптарының сақталуы        
2 Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламада көрсетілген деректердің сәйкестігі        
3 Хабарламаны қабылдау туралы талонның бар-жоғы        
4 Тапсырыс берушіде (құрылыс салушыда) жер учаскесіне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) тиісті құқықтың бар-жоғы немесе оны беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің бар-жоғы        
5 Бұйрықпен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың бар-жоғы        
6 Жобалар сараптамасының оң қорытындысының, оның ішінде жобалар сараптамасының қайталама қорытындысының (түзетудің) бар-жоғы        
7 Тиісті жауапкершілік деңгейінде лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғы        
8 Тапсырыс беруші (жоба немесе бағдарлама инвесторы) мен өзі таңдаған мердігер (бас мердігер) арасында жасалған шарттың бар-жоғы        
9 Мердігер ұйымда Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясының бар-жоғы        
10 Объект бірінші немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған жағдайда техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғалармен шарттың бар-жоғы        
11 Екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде қызметті жүзеге асыратын техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғамен шарттың бар-жоғы        
12 Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеген тұлғамен (жобаны әзірлеушімен немесе аттестатталған сарапшымен) авторлық қадағалауды жүзеге асыруға шарттың бар-жоғы        
13 Жобаларды басқару жөнінде инжинирингтік қызмет көрсетуге аккредиттелген ұйыммен шарттың бар-жоғы        
14 Мердігерге құрылыс алаңын ұсыну        
15 Тапсырыс берушінің (меншік иесінің) объект құрылысын техникалық және авторлық қадағалаумен сүйемелдеуді қамтамасыз етуі        
16 Нормативтік талаптарға сәйкес техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру үшін тиісті сарапшылар санының бар-жоғы        
17 Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз ету        
18 Құрылысқа пайдаланған объекті мен аумақты халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіз болатындай әрі негізгі конструкциялардың беріктігін, орнықтылығын және бүтіндігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру        
19 Мердігерді (шарт негізінде құрылысты жүзеге асырған кезде), жергілікті атқарушы органды, сондай-ақ тиісті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарын құрылысты тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешімді қабылдау туралы хабардар етудің бар-жоғы        
20 Құрылысты тоқтату немесе тоқтата тұру қажет болған жағдайда үш күн мерзімі ішінде ішкі істер органдарының жол полициясы қызметінің бұрын енгізген көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын шектеуді алып тастау мақсатында, сондай-ақ бекітілген әрі келісілген құрылыстың бас жоспарына сәйкес құрылыс аумағына енгізілген аумақтар иелерінде факт туралы хабарламаның бар-жоғы        
21 Құрылысты тоқтату (тоқтата тұру) және объектіні консервациялау туралы шешім қабылданған жағдайда техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде мердігерден аяқталмаған объектіні қабылдау туралы актінің бар-жоғы        
22 Құрылысы тоқтатылған, аяқталмаған объектіні консервациялау (консервациядан шығару) үшін әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бар-жоғы        
23 Объект бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерге жатқызылған жағдайда, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғамен шарттың бар-жоғы        
24 Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығы бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымда аккредиттеу туралы куәліктің бар-жоғы        
25 Үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау қызметін жеке жүзеге асыратын сарапшының аттестаты бар жеке тұлғамен шарттың бар-жоғы        
26 Үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын сарапшы аттестатының бар-жоғы        
27 Техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін шынайы бастапқы деректерді, мұрағат материалдарын сарапшыға (сарапшыларға) ұсынуды қамтамасыз ету        
28 Техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша қорытындылар мен нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз ету        
29 Жұмыс жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамадан және нормативтік талаптардан ауытқумен жүзеге асырылған жағдайда оларды тоқтата тұруды қамтамасыз ету        
30 Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқыған жағдайда келісімдер мен растайтын құжаттардың бар-жоғы        
31 Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету        
32 Мердігерден (бас мердігерден) объектiнiң дайындығы туралы жазбаша хабарламаның бар-жоғы        
33 Сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғы        
34 Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының бар-жоғы        
35 Орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындының бар-жоғы        
36 Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы бекітілген актінің бар-жоғы        
37 Мердігердің кепілдік мерзімі шеңберінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі        
38 Тапсырысшы мен мердігер (бас мердігер) арасында құрылысқа шарт жасасқан кезде салынған объектіні (жалпы құрылыстың күрделі сыныбына немесе жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының жекелеген түрлеріне сәйкес) пайдалануға берудің нормативтік мерзіміне байланысты белгіленген кепілді мерзімге сәйкестігін (объект пайдалануға қабылданған күнінен бастап екі жылдан кем болмайды) қамтамасыз ету        
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _____________________________ ____________
                                      (лауазымы) (қолы)
 _____________________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 Тексерілетін субъектінің басшысы_____________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
 _____________
    (қолы)
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 міндетін атқарушының
 2016 жылғы 2 қыркүйектегі
 № 395 бұйрығына
 2-қосымша