Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
2016 жылғы 13 қазандағы
№ 10 бұйрығына 5-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне,сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 070003, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4.
Toggle Dropdown
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) және олардың ведомсволарының қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту.
Toggle Dropdown
14. Департаменттің функциялары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау салаларында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
4) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік органдарда персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерін үйлестіруге қатысу;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
9) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерінің кадр құрамы жай-күйінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының мониторингін жүргізу;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі, оның ішінде шетелдерде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіру;
Toggle Dropdown
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеуді ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
14) "Б" корпусының төменгі болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурсты мемлекеттік органда өткізуді келісу;
Toggle Dropdown
15) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалауды оның тиісті қорытындысының нәтижесін бере отырып жүргізу;
Toggle Dropdown
16) "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыруға қатысу;
Toggle Dropdown
17) мемлекеттік органдар әзірлейтін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен босатуды келісу;
Toggle Dropdown
18) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
19) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
Toggle Dropdown
20) мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
21) мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
Toggle Dropdown
22) Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету, Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралатын қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік істер бойынша материалдарды дайындау;
Toggle Dropdown
23) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
Toggle Dropdown
24) әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
25) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) қызметін үйлестіру және әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
26) лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға олардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
Toggle Dropdown
27) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынулар енгізу;
Toggle Dropdown
28) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;
Toggle Dropdown
29) мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
Toggle Dropdown
30) азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық барынша азайтуға бағытталған өзара іс-қимыл;
Toggle Dropdown
31) мемлекеттік органдар басшыларының қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізу;
Toggle Dropdown
32) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
33) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингілеу;
Toggle Dropdown
34) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға және жетілдіруге қатысу, халықты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар етуді арттыру;
Toggle Dropdown
35) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманың жобасын дайындау үшін Агенттікке ақпаратты ұсыну;
Toggle Dropdown
36) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жүргізілген мониторинг және жоспарлы іс-шаралардың орындалуына бақылау туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру және Агенттікке жолдау;
Toggle Dropdown
37) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
Toggle Dropdown
38) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеу және тарату;
Toggle Dropdown
39) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;
Toggle Dropdown
40) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау;
Toggle Dropdown
41) мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұрату;
Toggle Dropdown
42) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
43) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
44) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
Toggle Dropdown
45) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсету;
Toggle Dropdown
46) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жасалатын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша тексерістер өткізу, мемлекеттік органдармен келісім бойынша тексерістер өткізуге олардың қызметкерлерін тарту;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізу;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және қызмет тиімділігіне бағалау жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
6) Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерімен пайдалану;
Toggle Dropdown
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
8) басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен Департамент қызметінің негізгі бағыты бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
16. Департаментті Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы басқарады.
Toggle Dropdown
17. Департамент басшысын Агенттіктің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары(лары) болады.
Toggle Dropdown
19. Департамент басшысының өкілеттігі:
Toggle Dropdown
1) Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Toggle Dropdown
2) департаменттің жұмыскерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
Toggle Dropdown
3) өз өкілеттіктері шегінде Департамент жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте Департаменттің жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;
Toggle Dropdown
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
Департамент басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Департамент басшысының Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Департаменттің мүлкі
Toggle Dropdown
21. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Департаменттің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.