• Мое избранное
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 15

Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық Мемлекеттік Мекемесі басқармасының 2016 жылдың 31 тамыздағы № 213 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 19 қазанда № 14339 тіркелген

Қараңыз: ҚР Президентінің 15.03.2020 жылғы № 285 Жарлығымен енгізілген " Төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы" ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 жылғы № 42 Қаулысы
Редакция 11.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 жылғы № 90 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 96 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 19-тармағын және Қағидаларға 13-қосымшаны;
2) 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Қағидалардың 20-тармағын және Қағидаларға 14-қосымшаны;
3) осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 21-тармағын және Қағидаларға 15-қосымшаны қоспағанда, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы  Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы  
_________________ Н. Айдапкелов
2016 жылғы «______»_______________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру  
 қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 жылғы № 90 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 96 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) беру тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 жылғы № 139 Қаулысына сәйкес (20.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 96 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) алаяқтық операциялар – электрондық терминалдар, қашықтан қол жеткізу жүйелері, ақша аударымдары жүйелері арқылы, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үй-жайларында, оның ішінде төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылған заңсыз қолма-қол ақшасыз төлемдер, ақша аударымдары және (немесе) қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;
2) банктік киоск – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесіне қосылу арқылы немесе интернет-ресурсына кіру арқылы өзіне өзі қызмет көрсету режимінде электрондық банктік қызметті (оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол ақша беру (қабылдау) операцияларын, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, валюталарды конвертациялауды және банк операцияларының өзге түрлерін жүргізуді қоса алғанда) алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
3) басқа банктің қызмет көрсету желісі – кез келген басқа банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, кез келген басқа банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның иелігіндегі және электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;
4) виртуалдық төлем карточкасы – электрондық түрде шығарылатын және төлем карточкасының деректемелерінен тұратын, оны ұстаушыға төлемдерді интернет желісі арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
5) интернет-банкинг – КьюР-нұсқаулар (QR-нұсқаулар) арқылы жүргізілген төлемдерді қоспағанда, банктің веб-интерфейсі арқылы жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары;
6) интернет-эквайеринг – интернет желісі арқылы төлем карточкасын пайдалана отырып, төлемді қабылдауды және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға байланысты эквайердің қызметі;
7) кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкасы – төлем карточкасын беру және қызмет көрсету шартына сәйкес не төлем карточкасын ұстаушының өтініші бойынша эмитент берген қарыз сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі берілетін дебеттік төлем карточкасы;
8) корпоративтік төлем карточкасы – заңды тұлғаның шотына байланыстырылған және компанияның негізгі қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде жүкқұжаттарды, өкілдік, көлік және іссапар шығыстарын төлеуге арналған банк картасы;
9) КьюР-нұсқау (QR-нұсқау) – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы беретін штрих код (технология);
10) қосымша төлем карточкасы – клиенттің сенім білдірілген адамының атына эмиссияланған төлем карточкасы;
11) меншікті қызмет көрсету желісі – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның иелігіндегі және электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;
12) мобильді ПОС-терминал (POS-терминал) – төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған, мобильді құрылғыда орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) мобильді құрылғыға қосылатын қосымша құрылғы;
13) негізгі төлем карточкасы – ұстаушысы клиент болып табылатын төлем карточкасы;
14) ПОС-терминал (POS-терминал) – төлем карточкаларын пайдалану және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесімен қосылу арқылы тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақы төлеу, оның ішінде ПОС-терминал (POS-терминал) орнатылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу, сондай-ақ қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы немесе бағдарламалық қамтылым;
15) процессинг орталығы – төлем карточкаларымен операциялар бойынша процессингті және төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларымен жасалған шарттарда көзделген өзге функцияларды жүзеге асыратын оператор;
16) сауда нүктесі – тауарлар және (немесе) қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлеуді жүзеге асыру үшін орнатылған ПОС-терминалдың (POS-терминалдың) және (немесе) өзге құрылғының орналасқан жері;
17) стационарлық ПОС-терминал (POS – терминал) – төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған және тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы төлеуді қабылдау үшін сауда және сервис кәсіпорындарында (дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар), сондай-ақ төлемдерді қабылдау және қолма-қол ақша беру үшін банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда орнатылған физикалық жабдық (құрылғы);
18) төлем терминалы – төлемдер жүргізуге және қолма-қол ақша енгізу арқылы банктік шотқа ақшаны есепке алуға, өзіне өзі қызмет көрсету режимінде ақпараттық банктік қызметтерді алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электрондық-механикалық құрылғы.
4. Мәліметтер Ұлттық Банкке электрондық тәсілмен Ұлттық Банк белгілеген ақпарат беру форматтарымен ұсынылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 жылғы № 90 Қаулысымен (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 96 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Төлем ұйымдары Қағидалардың 7, 13, 21 және 22-тармақтарыңда көзделген мәліметтерді Ұлттық Банкке электрондық тәсілмен ұсынады.
5. Операция шетел валютасымен жүргізілген кезде ол бойынша Мәліметтер операция жүргізу күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге қайта есептеліп ұсынылады.
Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы 99 бұйрығына сәйкес айқындалады.
6. Егер Қағидаларда көзделген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бойынша Мәліметтер ұсыну мерзімі жұмыс істемейтін күнге дәл келсе, Мәліметтерді ұсыну мерзімінің аяқталу күні келесі жұмыс күні болып саналады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 жылғы № 90 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
7. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 221 Қаулысына сәйкес (30.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)