• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 тамыздығы № 684 бұйрығына 14-қосымша

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құзыреті шегінде медициналық қызметтерді көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бақылау және оны іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Департамент азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департамент, егер ол заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарда тарап болуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент директордың бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымын және штат санын штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы (бұдан әрі - Комитет төрағасы) бекітеді.
8. Департаменттің орналасқан жері: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9 мөлтек ауданы, 23-үй.
9. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Департаментке оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке Қазақстан Республикасы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің негізгі мақсаттары мен функциялары,
құқықтары мен міндеттері
1) медициналық қызметтерді көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау саясатын іске асыру;
2) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын: қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуін мониторингтеу;
3) медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
2) медициналық қызметтер көрсетуді бақылау саласында, соның ішінде медициналық қызметтер сапасының ішкі сараптамасы шеңберінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның денсаулық сақтау саласындағы қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата түру бойынша шаралар қолдану;
6) өз құзыреті шегінде лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін сақтауға мемлекеттік бақылау жүргізу;
8) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуіне мемлекеттік бақылау жүзеге асыру;
9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
10) медициналық қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
11) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде дәрілік заттарды ұтымды тағайындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
12) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканы тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсететін субъектілердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету;
15) клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
16) медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру;
17) аккредиттеу стандарттарына ұйымдардың қызметінің сәйкес келуін мойындау мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеуді өткізу;
18) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу шеңберінде үміткерлердің құжаттарын қабылдау және тест өткізу;
19) денсаулық сақтау саласының аккредиттелген субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу;
20) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісу және (немесе) қорытынды (рұқсат құжаты) беру;
21) денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық холдингке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ «Назарбаев Университет» немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы медициналық ұйымдарына кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды санамағанда, клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдіктерге маман сертификатын беру;
22) фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру;
23) медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлікті қайтарып алуды жүзеге асыру;
24) денсаулық сақтау саласы субъектісінің жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкес келуін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізу;
25) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысу;
26) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының мониторингін жүзеге асыру;
27) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;
28) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау;
29) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) халық денсаулығын қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жетілдіру, тұжырымдамаларды, стратегияларды, нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуде өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
3) медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бақылау бойынша бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік және салалық (секторалды) бағдарламаларды, сондай-ақ аурухана ішіндегі менеджмент бағдарламаларын әзірлеуге және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиімділігін бағалауға қатысу;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
6) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Департаментте басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты Басшы жүзеге асырады.
17. Департаменттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Департаментті оған жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап беретін Басшы басқарады.
1) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымдық тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және жұмыстан босатады;
2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
4) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамай өзге де ұйымдарда Департамент атынан өкілдік етеді;
6) заңнамаларға сәйкес Департаменттің атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап-арыздар қою туралы шешімдер қабылдайды;
7) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және құқықтық актілерге қол қояды;
8) Департаментте жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды;
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Департамент Басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
21. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлік өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.