Toggle Dropdown
1
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 қазанда № 14333 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 11.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 17) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13068 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашыкбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. О. Пірматовқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 211 Қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу Қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 17) тармақшасына, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) болып табылатын банкаралық клиринг жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Жүйенің операциялық орталығы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Жүйе қатысушылардың нұсқауларын көпжақты клиринг жолымен оның қатысушылары арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі болып табылады.
Toggle Dropdown
Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару жүйеде оның қатысушыларының банкаралық ақша аудару жүйесінде (бұдан әрі – банкаралық жүйе) ақшаны пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) аудиторлық iз – ақпараты жүйеде және жүйе қатысушыларында сақталатын, жүйедегі электрондық хабарларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі тіркеу;
Toggle Dropdown
2) аутентификация – төлем және ақпараттық хабарлар алмасу кезінде қатысушылардың тұпнұсқалығын, сондай-ақ төлем және ақпараттық хабарламалардың түпнұсқалығын растау үшін шаралар кешені;
Toggle Dropdown
3) бағдарламалық-техникалық жүйе кешені – жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйеден, серверден және жүйе терминалынан, коммуникация құралдарынан (деректерді беруден) тұратын техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдар;
Toggle Dropdown
4) басымдық коды – жүйеде төлем хабарларын өңдеу кезектілігін айқындайтын код. Төлем хабарына басымдық кодын қатысушы-жөнелтуші тағайындайды;
Toggle Dropdown
5) дебеттік аударым – қатысушы-бастама жасаушы қатысушы-бенефициар болып табылатын ақша аударымы;
Toggle Dropdown
6) дебеттік төлем хабары – қатысушы-ақша жөнелтушіге белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талаптан тұратын, дебеттік аударымға бастама жасайтын төлем хабары;
Toggle Dropdown
7) жүйе қатысушысы (бұдан әрі – қатысушы) – жүйеге қатысу туралы шарт жасаған тұлға, сондай-ақ Ұлттық Банк;
Toggle Dropdown
8) жүйеге қатысушының позициясы (бұдан әрі – қатысушының позициясы) – жүйе арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттан жүйе қатысушысы аударған ақша сомасын есепке алуға арналған позиция;
Toggle Dropdown
9) жүйелік тәуекел – бір немесе бірнеше қатысушының міндеттерін орындамауынан туындаған, бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше қатысушы міндеттемелерінің орындалмау тәуекелі;
Toggle Dropdown
10) қатысушының дебеттік кезегі – осы қатысушының басқа қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге жүйедегі орындалмаған төлем хабарларының жүйелі қатары;
Toggle Dropdown
11) қатысушының кредиттік кезегі – басқа қатысушылардың осы қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша белгілі бір күнгі жүйедегі орындалмаған төлем хабарларының жүйелі қатары;
Toggle Dropdown
12) қатысушы-ақша жөнелтуші – позициясынан ақша аударылатын (есептен шығарылатын) қатысушы;
Toggle Dropdown
13) қатысушы-бастама жасаушы – төлем хабарын жүйеге жіберген қатысушы. Қатысушы-бастама жасаушы қатысушы-ақша жөнелтуші немесе қатысушы-бенефициар болып табылады;
Toggle Dropdown
14) қатысушы-бенефициар – позициясына ақша аударылатын қатысушы;
Toggle Dropdown
15) кредиттік аударым – қатысушы-бастама жасаушы қатысушы-ақша жөнелтуші болып табылатын ақша аударымы;
Toggle Dropdown
16) кредиттік тәуекел – қарсы агенттің өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекел;
Toggle Dropdown
17) операциялық тәуекел – ақпараттық жүйелердің немесе ішкі процестердің кемшіліктерімен, адамдардың қателіктерімен, жүйені басқарудағы, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болатын іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты тәуекел;
Toggle Dropdown
18) өтімділік тәуекелі – қатысушы-ақша жөнелтушінің ақша аудару жөніндегі өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекелі;
Toggle Dropdown
19) төлем күні – төлем хабарын орындау күні;
Toggle Dropdown
20) электрондық ақпараттық хабар (бұдан әрі – ақпараттық хабар) – электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, төлем хабарларына жатпайтын және ақпараттық сипаттағы, оның ішінде үзінді-көшірмелер бар электрондық хабар;
Toggle Dropdown
21) электрондық төлем хабары (бұдан әрі – төлем хабары) – жүйедегі қатысушылардың позициялары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық хабар;
Toggle Dropdown
22) электрондық хабар – Орталық әзірлеген форматтағы электрондық түрдегі ақпарат жиынтығы.
Toggle Dropdown
Қағидаларда пайдаланылатын тәуекелдер ұғымы Қағидалар шеңберіндегі жүйеге қатысты қолданылады және Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер мен нарықтық инфрақұрылымдар жөніндегі комитеті (Базель, Швейцария, 2003 жылғы наурыз) әзірлеген төлем және есеп айырысу жүйелерінде пайдаланылатын Терминдер глоссарийіне сәйкес жазылған.
Toggle Dropdown
4. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуін және оны басқаруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда белгіленген жүйе операторының өзге де функцияларын орындайды.
Toggle Dropdown
5. Операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыруды, оның ішінде қатысушылармен төлемдік және ақпараттық хабарларды өңдеу және беру бойынша шарт (бұдан әрі – жүйеде қызмет көрсету туралы шарт) және жүйенің жұмыс істеуі үшін қызмет көрсететін үшінші тұлғалар шарт жасасуды Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша Орталық жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жүйеге қатысу талаптары
Toggle Dropdown
6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Респуликасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен қатысушының Ұлттық Банкте ашылған теңгедегі корреспонденттік шотының болуы және қатысушының банкаралық жүйеге қатысуы қатысушы мәртебесін алуы үшін міндетті талап болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Жүйеде қызмет көрсету туралы шарт жасасу үшін заңды тұлға Орталыққа мынадай құжаттар ұсынады:
Toggle Dropdown
1) жүйеге қосуға арналған еркін нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
2) қатысушының Ұлттық Банкпен корреспонденттік шот шартына (бұдан әрі – корреспонденттік шот шарты) қосуға өтініштің көшірмесі және Ұлттық Банкпен жасасқан жүйеге қатысу туралы шарттың (бұдан әрі – жүйеге қатысу туралы шарт) көшірмесі. Корреспонденттік шот шарты мен қатысу туралы шарттың талаптары қамтылатын аралас шарт жасасуға рұқсат беріледі.
Toggle Dropdown
Аралас шартты жасауға жол беріледі, онда корреспонденттік шот шартының және жүйеге қатысу туралы шарттың талаптары жазылады.
Toggle Dropdown
Қатысушымен қатысу туралы және банкаралық жүйеде қызмет көрсету туралы шарттарды жасасу кезінде оның бұған дейін қалыптастырылған ісінде олар болған жағдайда, корреспонденттік шот шартының көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Toggle Dropdown
8. Заңды тұлға ұлттық Банкпен жүйеге қатысу туралы шарт жасасқаннан кейін қатысушы мәртебесіне ие болады. Төлем жүйесіне қатысу туралы және жүйеге қызмет көрсету туралы шарттарды бұзу заңды тұлғаның қатысушы мәртебесінің жойылуына әкеледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк жүйеде өзінің төлемдерін және (немесе) ақша аударымдарын және клиенттердің нұсқаулары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде қатысушы ретінде қатысады және жүйеде қызмет көрсету туралы Орталықпен жасасқан шарт негізінде жүйені қатысушы мәртебесін алады.
Toggle Dropdown
9. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң, Қағидалар, қатысу туралы шарттар, жүйеде қызмет көрсету туралы шарттар жүйе жұмысының құқықтық негізін құрайды.
Toggle Dropdown
10. Жүйеге қатысу туралы шарт мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) шарттың мәні;
Toggle Dropdown
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Toggle Dropdown
3) шарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
Toggle Dropdown
4) шарттың талаптарын өзгерту және бұзу тәртібі;
Toggle Dropdown
5) дауларды шешу тәртібі;
Toggle Dropdown
6) Орталықтың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі;
Toggle Dropdown
7) ақпараттық қауіпсіздік, жасырындылық, банктік құпияны сақтау және дербес деректерді қорғау режимін сақтау тәртібі;
Toggle Dropdown
8) тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.
Toggle Dropdown
11. Қатысу туралы шарттың жекелеген ережелерінің қолданылуы Қаулыда және (немесе) корреспонденттік шот шарттарында көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатыла тұрады.
Toggle Dropdown
Қатысушының жүйеге қатысуын уақытша тоқтата тұру заңды тұлғаны қатысушы мәртебесінен айырмайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Жүйеде көрсетілетін қызметтері және операциялардың түрлері
Toggle Dropdown
12. Орталықтың өндіретін және өткізетін тауарлардың жұмыстардың және жүйедегі қатысушыға көрсетілетін қызметтердің бағасын Орталық Ұлттық Банкпен келісе отырып бекітеді.
Toggle Dropdown
13. Операциялық орталық жүйеде қатысушыға:
Toggle Dropdown
1) төлем хабарларын қабылдау мен өңдеу бойынша;
Toggle Dropdown
2) жасалған операциялар бойынша қатысушыларға ақпараттық хабарларды қабылдау, өңдеу және ұсыну бойынша;
Toggle Dropdown
3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 8-бабында айқындалған өзге де операциялық және технологиялық функцияларды орындау бойынша қызметтер көрсетеді.
Toggle Dropdown
14. Оператор Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 8-бабында белгіленген жүйе операторының функцияларына сәйкес жүйеде қызмет көрсетеді, оның ішінде жүйедегі тәуекелдерді басқару жүйесін айқындау және қолдану бойынша жүйенің операциялық күнін ұзарту қызметтерін көрсетеді.
Toggle Dropdown
15. Жүйе арқылы қатысушылардың төлем хабарлары негізінде дебеттік және кредиттік аударымдар жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Жүйеде ағымдағы және болашақ төлем күндері бар төлем хабарлары қолданылады. Қатысушы-бастама жасаушы төлем хабарын Орталыққа беру күнін қоспағанда, төлем күнін ағымдағы күннен үш операциялық күнге дейін белгілейді. Болашақ төлем күні бар төлем хабарлары төлем хабарында көрсетілген төлем күні басталғанға дейін жүйеде сақталады.
Toggle Dropdown
17. Орталыққа берілген ағымдағы немесе болашақ валюталау күні бар төлем хабарын қатысушы Орталыққа төлем хабарын кері қайтару туралы ақпараттық хабарды жіберу жолымен кері қайтарады.
Toggle Dropdown
18. Кері қайтарылған төлем хабарлары күші жойылған деп саналады және оларды Орталық пен қатысушы электрондық нысанда тіркейді. Қатысушының төлем күніне сәйкес келетін операциялық күн өткеннен кейін жүйеден төлем хабарларын кері қайтаруына жол берілмейді.
Toggle Dropdown
19. Қатысушы-бенефициар жүйенің операциялық күнінің ағымдағы күнінен кемінде екі операциялық күнге асатын төлем күнімен белгілі бір қатысушы-ақша жөнелтушінің мекенжайына жүйеге дебеттік төлем хабарын жібереді. Дебеттік төлем хабарын қою туралы талап қатысушы-ақша жөнелтуші мен қатысушы-бенефициар арасындағы шартта көзделеді.
Toggle Dropdown
20. Қатысушы-ақша жөнелтуші мен қатысушы-бенефициар арасындағы шартқа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қатысушы-ақша жөнелтуші Орталыққа мынадай мәліметтерді жібереді:
Toggle Dropdown
1) қатысушы-ақша жөнелтушінің атауы, оның банктік сәйкестендіру коды;
Toggle Dropdown
2) қатысушы-бенефициардың атауы, оның банктік сәйкестендіру коды;
Toggle Dropdown
3) шарттың нөмірі мен күні, оның қолданылу мерзімі;
Toggle Dropdown
4) бенефициардың атауы және жеке сәйкестендіру коды;
Toggle Dropdown
5) қатысушы-ақша жөнелтуші мен қатысушы-бенефициар арасындағы шартта тараптар келіскен өзге де мәліметтер.
Toggle Dropdown
Дебеттік төлем хабарлары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының пайдасына жіберілмейді.
Toggle Dropdown
21. Орталыққа жіберілген, төлем күні кемінде екі операциялық күн болатын дебеттік төлем хабары қатысушы-бенефициардың кредиттік кезегіне және қатысушы-ақша жөнелтушінің дебеттік кезегіне келіп түседі, оған осы төлемді орындау күніне белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талап қойылады.
Toggle Dropdown
22. Орталық дебеттік төлем хабарын алған күннен бастап операциялық күннен кешіктірмей оны қатысушы-ақша жөнелтушіге жібереді.
Toggle Dropdown
23. Қатысушы-ақша жөнелтуші Орталықтың дебеттік төлем хабарын өңдеуіне және ол бойынша төлем жасауына келіспеген жағдайда, қатысушы-ақша жөнелтуші Орталыққа қатысушының дебеттік кезегінен дебеттік төлем хабарының күшін жою туралы хабар жібереді.
Toggle Dropdown
24. Егер дебеттік төлем хабары бойынша төлемді орындау мерзімі басталғанға дейін Орталық қатысушы-ақша жөнелтушінің оның дебеттік кезегінен дебеттік төлем хабарының күшін жою туралы хабарын алмаса, дебеттік төлем хабарын Орталық орындайды.
Toggle Dropdown
25. Дебеттік төлем хабарын кері қайтару оны Орталық орындағанға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
26. Дебеттік төлем хабары кері қайтарылғаннан не күші жойылғаннан кейін Орталық бұл туралы қатысушы-бенефициарға және қатысушы-ақша жөнелтушіге хабарлайды.
Toggle Dropdown
4-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі рәсімдері, қатысушылардың оператормен және операциялық орталықпен өзара іс-әрекет ету тәртібі, ақпараттық қауіпсіздік шаралары
Toggle Dropdown
1-параграф. Жүйенің жұмыс істеуі және жүйеде электрондық хабарлармен алмасу, ақпараттық қауіпсіздік шаралары
Toggle Dropdown
27. Қатысушылар Ұлттық Банкпен келісу бойынша Орталық әзірлеген және жүйеде қолданылатын хабарламалармен алмасу рәсімдеріне және форматтарына (бұдан әрі – Рәсімдер) сәйкес электрондық хабарлармен алмасады.
Toggle Dropdown
28. Орталықтың ресми интернет-ресурсында жариялау арқылы Рәсімдерді Орталық жүйеде қызметтер көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде қатысушыларға жібереді.
Toggle Dropdown
29. Электрондық хабарларды беру фактісін айқындау және оларды беру кезінде қателерді анықтау үшін жүйеде Орталық белгілеген ақпараттық қауіпсіздік рәсімдері сақталады.
Toggle Dropdown
30. Орталық электрондық хабарларды аутентификациялау тәртібін әзірлейді және бекітеді.
Toggle Dropdown
31. Төлемдік және ақпараттық хабарларды, оның ішінде төлем хабарларын кері қайтару туралы ақпараттық хабарларды беру және қабылдау Ұлттық Банк төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу кестесіне сәйкес айқындаған операциялық күн ішінде жүйеде электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
32. Егер төлем хабарын немесе ақпараттық хабарды Орталық операциялық күн аяқталғаннан кейін алса, оларды Орталық келесі операциялық күннің басында алды деп есептеледі. Орталық бастама жасаушы қатысушыға төлем хабарын өткізбеу туралы себебі көрсетілген ақпараттық хабарды жібере отырып Орталыққа өткен операциялық күннің төлем күнімен келіп түскен төлем хабарын орындаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
33. Егер қатысушы жүйе үшін операциялық күн болып табылатын жұмыс күні жүйеде операцияларды жүзеге асырмаса, Орталық осы қатысушының пайдасына келіп түсетін төлем хабарларын қабылдайды, оның таза позициясын айқындайды және клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
34. Орталық және қатысушылар ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді және жіберілетін және алынатын электрондық хабарларының мониторингін жүзеге асырады. Орталық және қатысушылар өңдеген барлық электрондық хабарлардың Орталықтың және қатысушылардың ішкі бағдарламалық жүйелерінде аудиторлық ізі қалады.
Toggle Dropdown
35. Орталық төлем хабарларын өңдеген кезде оларды өзгертуге жол бермейді.
Toggle Dropdown
35-1. Орталық жиынтық төлем хабарының құрылымынан қателер анықтаған жағдайда, Орталық құрылымында қате жіберілген, оған салынған төлем хабарын қоспағанда, жиынтық төлем хабарын өңдейді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының 21-тармағында айқындалған төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қалыптастырылған жиынтық төлем хабарын Орталық оның құрылымында қателер анықталған кезде толығымен өңдемейді.
Toggle Dropdown
36. Электрондық хабарлармен алмасу кезінде конфиденциалдылықты, тұтастықты, авторлықтың расталуын және электрондық тапсырмалардың түпнұсқалығын қамтамасыз ету үшін Орталық және қатысушылар ақпаратты қатысушыларға Орталықпен берілетін «Тұмар» криптографиялық қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба құралымен пайдаланады.
Toggle Dropdown
37. Жүйеде қатысушысы ғана емес, Орталық та сәйкестендірілетін, екіжақты сәйкестендіру крипто-хаттамасында құрылған қатысушыларды сәйкестендіру қолданылады.
Toggle Dropdown
Қатысушыны сәйкестендіргеннен кейін Орталық пен қатысушы арасында ақпаратпен алмасу жүргізіледі. Байланыс арнасы бойынша берілетін ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету үшін берілетін ақпаратқа қасақана немесе байқаусызда өзгерістер (бұрмалаулар) енгізуден қорғау шараларын қолдануды көздейтін имитокірістеме есептеледі. Конфиденциалдылықты қамтамасыз ету үшін осы ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғауға кепілдік беретін және ақпараттың бұрмалануын болдырмауға мүмкіндік жасайтын ақпараттың ашық арналары бойынша сақталатын немесе берілетін шифрлеу жүргізіледі.
Toggle Dropdown
38. Төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 7-бабымен реттеледі.
Toggle Dropdown
2-параграф. Көпжақты клиринг рәсімі
Toggle Dropdown
39. Операциялық күн аяқталғаннан кейін Орталық аяқталған операциялық күні төлем хабарларын қабылдауды тоқтатады, қабылданған төлем хабарларының клирингін жүргізеді және әрбір қатысушының таза позициясын айқындайды.
Toggle Dropdown
40. Клиринг рәсімі басымдық кодтарына сәйкес жүргізіледі. Басымдықтың бір кодының шегінде бір кезекке жатқызылған төлем хабарлары олардың жүйеге келіп түсу тәртібімен өңделеді.
Toggle Dropdown
41. Басымдық кодтарын Орталық Ұлттық Банкпен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Toggle Dropdown
42. Кезекте тұрған төлем хабарының басымдығын өзгертуді қатысушы-бастама жасаушы жүйеге төлем хабарын кері қайтармай басымдықты өзгерту туралы ақпараттық хабарды жіберу арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
43. Әрбір қатысушының таза позициясын айқындағаннан кейін Орталық дебеттік таза позициясы бар қатысушылардан осы қатысушының дебеттік таза позициясына тең ақша сомасын банкаралық жүйеде резервтейді.
Toggle Dropdown
44. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару банкаралық жүйедегі жүйе позициясы (бұдан әрі – жүйе позициясы) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
45. Банкаралық жүйедегі клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару Қағидалардың 43-тармағына сәйкес резервтелген ақша сомасын пайдалана отырып әрбір қатысушының таза позициясына сәйкес жүргізіледі. Ақша аудару Орталықтың әрбір қатысушының таза позициясы сомасына ақшаны есептен шығару (есептеу) туралы нұсқаулары негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
46. Орталық банкаралық жүйеде клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позициясы бар қатысушылардың позициялары тұрғысынан ақша аударуды жүйе позициясына жүзеге асырады, одан кейін банкаралық жүйедегі жүйе позициясынан клиринг нәтижелері бойынша кредиттік таза позициясы барқатысушылардың позицияларына ақша аударуды жүзеге асырады. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейін жүйенің банкаралық жүйедегі позицияларына қалдық нөлге тең болады.
Toggle Dropdown
3-параграф. Операциялық күннің ішінде және соңында ақпараттық хабарларды ұсыну
Toggle Dropdown
47. Операциялық күн ішінде қатысушының сұратуы бойынша Орталық қатысушыға:
Toggle Dropdown
1) осы қатысушының Орталыққа берген және осы қатысушының пайдасына келіп түскен төлем хабарларының тізбесін қамтитын қатысушы позициясының жай-күйі туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабар;
Toggle Dropdown
2) әрбір төлем хабарын өткізбеу себептерін көрсете отырып өткізілмеген төлем хабарларының тізбесін қамтитын өткізілмеген төлем хабарлары туралы ақпараттық хабар жібереді.
Toggle Dropdown
48. Орталық қатысушыларға ағымдағы, сол сияқты болашақ төлем күні бар төлем хабарлары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық хабарларды ұсынады. Қатысушының үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарды алуға арналған сұратуында қатысушының үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарын алуды сұратқан күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
49. Орталық ақша аударымын аяқтағаннан кейін қатысушыға үзінді-көшірме түрінде, жүйеде өңделген төлем хабарлары туралы ақпаратты және қатысушының клиринг нәтижелері бойынша таза позициясы туралы ақпаратты қамтитын соңғы ақпараттық хабарды, сондай-ақ өткізілмеген төлем хабарларының ведомосын және осы қатысушының пайдасына келіп түскен және соңғы ақпараттық хабарда үзінді-көшірме түрінде көрсетілген барлық төлем хабарларын жібереді.
Toggle Dropdown
50. Егер қатысушының жүйедегі позициясының жай-күйі туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарында қатысушының Орталыққа берген электрондық хабары туралы ақпарат болмаса, қатысушы бұл туралы Орталыққа хабарлайды және Орталықпен бірлесіп келесі операциялық күннен кешіктірмей электрондық хабарды жоғалту себебін анықтайды.
Toggle Dropdown
Электрондық хабарларды уақтылы алмаған немесе олар болмаған жағдайда қатысушы Орталыққа хабарлайды.
Toggle Dropdown
5-тарау. Жүйедегі тәуекелдерді басқару жүйесі
Toggle Dropdown
51. Жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмыс істеу ерекшеліктері Орталықтың құжаттарымен белгіленеді.
Toggle Dropdown
52. Өтімділік тәуекелдерін, кредиттік және жүйелік тәуекелді анықтау, өлшеу және мониторинг жүргізу мақсатында жүйені қадағалауды (оверсайт), оның ішінде жүйенің халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне талдауды және бағалауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қатысушының таза позициясын (қатысушылардың таза позицияларын) есептеу үшін банкаралық жүйеде ақша жеткіліксіз болған кезде өтімділік тәуекелін, кредиттік және жүйелік тәуекелдерді басқару мақсатында жүйе қажетті сомаға төлем хабарларының күшін жояды және қатысушылардың таза позицияларын қайта есептейді (кезекті тарқату әдісі).
Toggle Dropdown
53. Операциялық тәуекелді басқару үшін мынадай әдістер пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес Ұлттық Банк жүйенің ұйымдастырылуына және жұмыс істеуіне бақылау және қадағалау жүргізеді;
Toggle Dropdown
2) Орталықтың операциялық тәуекелді басқару жөніндегі ішкі құжатында айқындалған әдістерге сәйкес Орталық жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің үздіксіз жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізеді және қолдайды;
Toggle Dropdown
3) жүйе жұмысының тоқтап қалуының ықтимал сценарийлерін және Ұлттық Банктің Орталықпен бірге жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа кем дегенде жылына екі рет ауыстыра отырып, аталған жоспарды тестілеуін ескере отырып, жүйенің қызметін қалпына келтіру жоспарын маңызды жағдайда ұстау;
Toggle Dropdown
4) резервтік орталықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
5) негізгі орталықта қалпына келтіруге болмайтын жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысында іркілістер немесе тұрып қалулар орын алған кезде жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыру.
Toggle Dropdown
54. Ұлттық Банк Орталықпен және қатысушылармен бірлесіп тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістеріне екі жыл ішінде кемінде бір рет талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару әдістерін сақтау немесе өзгерту туралы шешім қабылданады.
Toggle Dropdown
6-тарау. Жүйенің мониторингі және қадағалау (оверсайт)
Toggle Dropdown
55. Ұлттық Банк жүйеге нақты уақыт режімінде мониторингті және жүйеге қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
56. Жүйеге нақты уақыт режіміндегі мониторингті Ұлттық Банк операциялық күн ішіндегі жүйе қатысушыларының позицияларын қадағалау жолымен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
57. Жүйені қадағалау (оверсайт) Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
58. Қатысушылар өздерінің жүйедегі позициясының жай-күйіне, оның ішінде, Орталықтан үзінді-көшірмелер алу жолымен мониторинг жүргізеді.