• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 33 бұйрығы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің біріңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің біріңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 187-ө-н бұйрығының күші жойылсын.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова