Bestprofi Logo

Бұйрық № 217 от 2013-04-02г./Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне жолдасын;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тұрғымбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 7 наурызда № 2194 болып тіркелген);

2. «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 21 маусымда №4263 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 132 (1112), «Официальная газета» газетінің 2006 жылғы 26 тамыздағы № 35 (297) санында жарияланған);

3. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 тамызда № 4341 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің бюллютеннінде 2006 жылғы қазан айында № 15, 226-б санында жарияланған);

4. «Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 24 қаңтарда № 2137 болып тіркелген);

5. «Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 3582 болып тіркелген);

6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2007 жылғы 26 ақпандағы № 83 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 26 наурызда № 4587 болып тіркелген);

7. «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 483 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 6014 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2010 жылғы 30 сәуірде № 9, 2010 жылғы 7 шілдеде № 10 болып жарияланған);

8. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына өзегерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 қыркүйекте № 6500 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 2 қазанда № 260-261 (26321-26322) санында жарияланған);

9. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7140 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 10 сәуірде № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание