Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 366 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
Toggle Dropdown
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
Toggle Dropdown
|
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
|
33
|
Toggle Dropdown
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
|
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
|
33
|
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
Toggle Dropdown
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
Toggle Dropdown
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі»;
Toggle Dropdown
16-тармақтың 2) тармақшасында:
Toggle Dropdown
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының функциялары:»;
Toggle Dropdown
жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«құрылыстың, қайта жаңарту мен күрделі жөндеудің ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының объектілерін салуды, қайта жаңарту мен күрделі жөндеуді ұйымдастырады, тұрғын үйді, әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалау мен салуды ұйымдастырады;»;
Toggle Dropdown
оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының балансындағы объектілерді пайдалануды, сондай-ақ оларға бекітілген үй-жайларды, жабдық пен өзге де мүлікті, сондай-ақ іргелес аумақты қалыпты жай-күйде күтіп ұстауды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметі үшін қажетті жағдай жасау мақсатында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына басшылық етуді, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;»;
Toggle Dropdown
он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:
Toggle Dropdown
он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
Toggle Dropdown
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Toggle Dropdown
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Toggle Dropdown
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат):
Toggle Dropdown
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымында оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы».
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды
Toggle Dropdown
5. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
Toggle Dropdown
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік саяси лауазымдар деген 1-тарауда:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы және оның орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары»;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар деген 2-тарауда:
Toggle Dropdown
«А» корпусы бөлімінде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары» деген жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
6. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
Toggle Dropdown
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
Toggle Dropdown
8-тармақтың 2) тармақшасындағы «төрағалары» деген сөз «төрағалары лауазымдарын қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылсын, 3) тармақшасы алып тасталсын.
Toggle Dropdown
1
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. «Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):
Toggle Dropdown
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы және оның орынбасарлары
|
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
|
Toggle Dropdown
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
|
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары
|
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
|