«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.07.2018 жылғы № 444 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.10.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне берсін.
6. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2017 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2017 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2017 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салаларында мемлекеттік реттеу.
15. Міндеттері:
1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, жастар саясаты, волонтерлік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2017 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2) Министрліктің құзыретіне жататын қызметі салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
16. Орталық аппараттың функциялары:
1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2017 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2) Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру;
3) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
4) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдер, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде Министрлік реттейтін салаларда халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
5) Министрлік реттейтін салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
6) Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;
7) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |