• Мое избранное
"Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 633 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 250 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) мынандай шекті мәндері айқындалсын:
1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,08;
2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,10;
3) борыштық жүктеме деңгейі 7:1 аспайтын мөлшерде.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесінде:
5-тармақтың 5) тармақшасындағы «реттелген борышы;» деген сөздер «реттелген борышы алып тасталады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын.
6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер шартта қарыз алушының не акционердің бастамасы бойынша қарызды мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) өтеу мүмкіндігі, онда мұндай жабу Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына және/немесе банктің осы әдістемеде айқындалатын капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін сақтамауына әкеп соқтырмауға тиіс екендігі көзделген жағдайда, банктің акционерінен тартылған, 4) тармақшаны қоспағанда, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін қарыз да банктің реттелген борышы болып танылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев