Toggle Dropdown
2
Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 677 қаулысы
Toggle Dropdown
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 қарашадағы
№ 677 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын
жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен
қамтамасыз ету қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Toggle Dropdown
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – атқарушы орган);
Toggle Dropdown
3) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе), мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
Toggle Dropdown
4) өтініш беруші – тұратын мекенжайы бойынша атқарушы органға, ал ауылдық жерде – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкіміне өзімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің атынан ақысыз жалғама алуға өтініш берген және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
5) телевизиялық абоненттік жалғама (бұдан әрі – жалғама) – абоненттің ұлттық спутниктік және/немесе цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіндегі цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал;
Toggle Dropdown
6) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы (бұдан әрі – ұлттық оператор) – мемлекет атынан меншік иесі телерадио хабарларын таратудың ұлттық желілерін күтіп ұстау және дамыту жөніндегі міндеттерді жүктеген, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға.
Toggle Dropdown
2. Жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібі
Toggle Dropdown
3. Жалғамалар DVB T2, MPEG 4 хабар тарату стандарттарында (цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін) цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауды қамтамасыз етуі, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісімен ықпалдасуы тиіс.
Toggle Dropdown
4. Жергілікті атқарушы орган цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толығымен ауысқанға дейін атқарушы орган мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
5. Жалғамалармен қамтамасыз ету өтініш берушіге ақысыз негізде жеткізу және орнату нысанында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
6. Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.
Toggle Dropdown
7. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамтылған елді мекендерде өтініш берушілер цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде ұлттық оператор тарататын цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауға арналған жалғамалармен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
8. Елді мекендер бөлінісінде цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуды пайдалануға енгізу мерзімдері және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамту туралы мәліметтерді ұлттық оператор белгіленген жергілікті атқарушы органның әкімшілік аумағына жататын цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуды елді мекендерде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату пайдалануға енгізілгенге дейін үш ай бұрын жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Toggle Dropdown
9. Жергілікті атқарушы орган халықты өтініш берушілердің жалғамаларды ақысыз алу мүмкіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді және оларды жалғама алу тәртібі мен шарттары туралы толық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
10. Өтініш беруші жалғама алу үшін тұратын мекенжайы бойынша жалғамаларды ақысыз негізде жеткізу туралы өтініштерді тіркеу журналына құжаттарды тіркейтін және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы растау беретін атқарушы органға, ал ауылдық жерде – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкіміне өтініш береді.
Toggle Dropdown
Өтінішке өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама қоса беріледі. Салыстырып тексерілгеннен кейін, жеке куәлігінің түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Toggle Dropdown
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкімі өтінішті құжаттармен бірге алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушы органға жібереді.
Toggle Dropdown
11. Атқарушы орган өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігі деректерін тексеруді, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес фактілерді белгілеуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
Атқарушы орган өтініштердің негізінде тізбесі мен санын көрсете отырып, жалғамаларға қажеттілікті айқындайды.
Toggle Dropdown
12. Өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкімінен құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган өтініш берушіні ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз ету (үш дана) немесе онымен қамтамасыз етуден бас тарту (екі дана) туралы шешім шығарады, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді, бас тартқан жағдайда – оның себебін көрсетеді.
Toggle Dropdown
13. Өтініш берушіні ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған жағдайда, шешімнің бірінші данасы өтініш берушіге, екіншісі өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жалғамаларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіге жіберіледі және үшінші данасы атқарушы органда қалады.
Toggle Dropdown
Ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз етуден бас тартылған жағдайда, шешімнің бірінші данасы өтініш берушіге жіберіледі, екінші данасы атқарушы органда қалады.
Toggle Dropdown
14. Егер:
Toggle Dropdown
1) өтініш беру сәтінде өтініш беруші мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылмаса;
Toggle Dropdown
2) өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын өзге тұлғаларға осы Қағидаларға сәйкес бұрын жалғама берілген болса, бұл жағдайлар ақысыз негізде жалғама беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
15. Өнім беруші атқарушы органның ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз ету туралы шешімін алған сәттен бастап мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген мерзім шегінде өтініш берушінің шешімде көрсетілген мекенжайы бойынша жалғаманы жеткізуді, сондай-ақ орнатуды және қосуды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
16. Өтініш беруші жалғаманы қабылдау-тапсыру актісіне оны жеткізіп берген, орнатқан және қосқан сәттен бастап бір күн ішінде қол қояды.