• Мое избранное
Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 17

Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қарашадағы № 14422 тіркелген

Редакция 11.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша күші жойылсын.
3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған  күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев  
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
М.Бекетаев_________
2016 жылғы «___» ________  
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов_________
2016 жылғы «___» ________ 
  • 1
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 207 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасының банктерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде, сондай-ақ осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі айқындалады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 жылғы № 139 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақтың бірінші абзацы 01.01.2026 жылға дейін 4-тармағының 1-тармақшаның редакциясында қолданылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес
2-тармақ өзгертілді ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысымен (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
серпінді сәйкестендіру – клиенттік банктік шот ашуға арналған өтінішке қол қою және банктік қызмет көрсету шартына қол қою құқығын біржолғы кодты қолдану арқылы бір мағыналы екендігін растау мақсатымен клиенттің жеке басын анықтау рәсімі.
3. Банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Қағидалардың 41-тармағын да көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.
4. Корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143350 болып тіркелген «Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды бекіту қағидаларында айқындалады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 жылғы № 139 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Банктік шоттар ашу
1-параграф. Жалпы ережелер
5. Банк белгілеген нысан бойынша банкке қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде ұсынылған клиенттің өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты (бұдан әрі – банктік қызмет көрсету шарты) жасалған кезде банктiк шот ашылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.01.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (17.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2024 жылғы № 58 Қаулысына сәйкес (27.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мақсаты үшін банктік шот шартын жасасқанға дейін ақпараттық өзара әрекеттесу арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган банкке ұсынған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін және тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) қоса алғанда, ол туралы ақпарат негізінде банктің клиентке жеке сәйкестендіру кодын беруіне рұқсат етіледі. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган жеке тұлғаның келісімімен жеке тұлға туралы ақпаратты ұсынады және ол клиенттің электрондық нысанда жіберілген банктік шотты ашу туралы өтінішіне теңестіріледі. Бұл ретте осы Қағидалардың талаптарына сәйкес банктік қызмет көрсету шарты жасалғаннан кейін ғана осы банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға рұқсат етіледі.
Тұрғын үй төлемдерін есепке алуға және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң) 101-5-бабына сәйкес мақсатта төлемдерді жүзеге асыруға арналған банктік шот банк, клиент – тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын қызметкер және қызметкері тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын мемлекеттік мекеме арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 1727 қағидалар) 9-қосымшаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 49 қағидалар) сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 872 қағидалар) 8-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 524 қағидалар) 5-қосымшаға сәйкес тұрғын үй төлемдері туралы шарт жасалған кезде ашылады.
Клиент пен банк арасында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33897 болып тіркелген «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасалған кезде «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес білім беру жинақтау салымына арналған банктік шот ашылады.
6. Тұрғын үй қатынастары туралы шартты және білім беру жинақтау салымы туралы шартты қоспағанда банктік қызмет көрсету шартына мыналар кіреді:
1) қосылу шартын қоспағанда клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
2) қосылу шартын қоспағанда жеке сәйкестендіру коды;
3) клиенттік банктік шотында тұрған ақшаны басқару тәртібі;
4) банктің қызмет көрсету талаптары және оларға ақы төлеу тәртібі;
5) клиенттік банктік шотын жабу туралы өтініші негізінде банктік шотты жабу мерзімі.
7. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.
8. Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде банктік шотты ашқаннан кейін банк клиентке еркін жазбаша нысанда немесе электрондық түрде растама береді, онда банктік шоттың нөмірі банктік қызмет көрсету шартында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 221 Қаулысына сәйкес (30.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Клиент Қағидалардың 27, 27-1, 28, 28-2-тармақтарында көзделген тәртіппен ашылған ағымдағы шотты растау үшін банкке өтініш жасаған жағдайда, банк есепке алу үшін осындай шот ашылатын төлемдердің атауын көрсете отырып «арнайы шот» белгісін қосымша қояды.
9. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді.  
Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Қағидаларға 
1-қосымшада  көрсетілген.
Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Қағидаларға 
2-қосымшада  көрсетілген.
10. Банк клиентке банктік шотты «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шараларды қабылдағаннан кейін, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды ескере отырып ашады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Егер клиент пен банк арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, клиент-жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде кәсіпкерлік қызметпен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі шеңберіндегі қызметпен, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқару құжаттарын орындау бойынша қызметпен, медиация тәртібімен дауларды реттеу бойынша қызметпен байланысты операциялардың банктік шот бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін өтініш береді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2025 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (17.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Клиент банкке электрондық түрде ұсынатын өтініште Қағидалардың 21-тармағында көзделген мәліметтерді қоса алғанда, КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттерді (оның өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру үшін қажетті мәліметтер бар.
13. Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, клиент электрондық түрдегі өтінішті банкке электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе серпінді сәйкестендіруді пайдалана отырып ұсынады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.01.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (17.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша банктік қызмет көрсету шартын банктің ішкі құжаттарында көзделген қауіпсіздік рәсімдерін қолдана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе динамикалық сәйкестендіруді пайдалана отырып, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды ескере отырып, электрондық түрде жасалады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)