• Мое избранное
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 11

Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14419 болып тіркелді

Редакция 11.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы:
1) Қағидалардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 55-тармағын, 128, 137, 138, 139-тармақтарын;
2) Қағидалардың жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бөлігіндегі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының жетінші бөлігін, 16, 35, 36, 38, 40, 42, 60-тармақтарын және 80-тармағының 4) тармақшасын;
3) Қағидалардың 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 72-тармағының екінші бөлігін, 79-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Қағидалардың 72-тармағының бірінші бөлігі және 79-тармағының бірінші бөлігі 2017 жылғы 1 маусымға дейін қолданылады.  
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі  
__________ Б. Имашев
2016 жылғы «___»  _______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы «___»  _______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі  
__________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___»  _______
  • 2
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 208 қаулысымен
бекітілген
 Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда банктердің (оның ішінде делдал банктердің), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі, төлем құжаттарын ресімдеу нысандары мен тәртібі айқындалады, сондай-ақ банктердің, банктердің төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттерінің және төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсеткенін растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді.
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 жылғы № 139 Қаулысымен (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысымен (19.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысымен (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) белгіленген талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бастама жасалған, банк практикасында қолданылатын шарттарда және іскерлік айналым дәстүрлерінде реттелетін халықаралық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Қағидалардың қолданысы төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына, Қазақстан Республикасының аумағында аударым және жай вексельдермен операцияларды жүргізуге және чектерді қолдануға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі төлем құжаттарының ресімделуін, төлем құжаттарының ұсынылуы мен орындалуын, банк шотын ашпастан қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін, банк шотын тікелей дебеттеу арқылы қолма-қол ақшасыз төлемнің орындалуын қамтиды.  
3. Қағидаларда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 1-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 221 Қаулысымен (30.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (27.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысымен (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақша аударуға өтініш – ақша жөнелтушінің Қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде пайдаланатын төлем құжаты;
2) банкаралық төлем тапсырмасы – ақша жөнелтуші және бенефициар банктер болып табылатын төлем тапсырмасы;
3) дебеттік аударымдар – ақша жөнелтушінің төлеуі үшін бенефициардың банкке төлем талабын, төлем ордерін, инкассолық өкімді ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
4) картотека – ақша жөнелтушінің банк шотында оларды орындау үшін қажетті ақша сомасы жоқ болғанда не жеткіліксіз болған кезде орындалмаған және (немесе) ішінара орындалған төлем құжаттарын баланстан тыс есепке алу;
5) кредиттік аударымдар – бастамашының ақша жөнелтушінің банкіне төлем тапсырмасын, жиынтық төлем тапсырмасын, төлем ордерін, төлем хабарламасын немесе ақша аударуға өтінішті ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
6) нақты төлеуші – міндеттемесін орындау үшін төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлға;
7) нақты (түпкілікті) бенефициар – ақшаның түпкілікті алушысы немесе пайдасына міндеттеме орындалатын тарап болып табылатын тұлға;
8) уәкілетті адамдар – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) талаптарына сәйкес (құрылтай құжаттары, сенімхат, бұйрық, өзге құжаттар) заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің (филиалдар, өкілдіктер, аумақтық оқшауланған бөлімшелері) атынан клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға өкілеттік берілген адамдар.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттардан қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-112-баптарында және «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығында айқындалады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ 01.01.2026 жылға дейін 4-тармағының 2-тармақшаның редакциясында қолданылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25, 45-57-баптарының, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 7-бабының, КЖТҚҚ туралы заңның 5, 7, 12 және 13-баптарының талаптарына және Қағидаларға сәйкес теңгедегі немесе шетел валютасындағы банк шоттарын пайдалана отырып және банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылады.
5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 221 Қаулысына сәйкес (30.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына ақша жөнелтуші және (немесе) бенефициар банк шоттарын пайдаланбастан жүзеге асыратын және ақша жөнелтуші көрсеткен бенефициардың пайдасына аудару үшін қолма-қол ақшаны салу және (немесе) бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары жатады.
6. Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары электрондық нысанда немесе қағаз тасымалдағышта ұсынылған, сондай-ақ қашықтан кіру жүйесін пайдалана отырып, банк жүйесінде қалыптастырылған жөнелтушінің төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағаз тасымалдағышта жасалатын төлем құжаттарының нысандары Қағидаларда айқындалады. Электрондық нысанда жіберілетін төлем құжаттары төлем құжатының әрбір түрі мен нысаны үшін Қағидаларда белгіленген деректемелерді қамтиды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың қағаз тасымалдағышта ұсынатын төлем құжаттарындағы уәкілетті тұлғалардың қолдары мөр бедерімен бекітіледі.
2-тарау. Төлем құжаттары
1-параграф. Төлем құжаттарын ресімдеу  
7. Шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті қоспағанда, қағаз тасымалдағыштағы және (немесе) электрондық нысандағы төлем тапсырмасында, төлем талабында, инкассолық өкімде, төлем ордерінде, төлем хабарламасында және ақша аударуға арналған өтініште (бұдан әрі – төлем құжаты) мынадай деректемелер қамтылады:
7-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 182 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (27.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының нөмірі, оның цифрлармен көрсетіліп жазылған күні, айы, жылы.
Қағаз тасымалдағышта берілген төлем құжаттарында айды жазумен белгілеуге жол беріледі;