Bestprofi Logo

Бұйрық № 648 от 2015-08-03г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардағы автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызудың тиістілік нормативтерін белгілеу және өлшемдерін айқындау туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардағы автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызудың тиістілік нормативтерін белгілеу және өлшемдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 648 бұйрығы

«Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары осы бұйрықпен белгіленген көлік құралдарын арнайы көлік құралдары ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық органдарында 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін тіркеуді қамтамасыз етсін және 2015 жылғы 5 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментіне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 648 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.08.2016 жылғы № 753 Бұйрығына сәйкес (03.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы автокөлік құралдарының тиістілік нормативтері

Тағайындауы

 

 

 

 

Ұйымның

атауы

Пациенттерге шұғыл көмек көрсету, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында пациенттерді басқа медициналық ұйымдарға тасымалдау, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізу үшін

Медициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізу үшін

Бұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтау, қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалау, туберкулезді және кеуде қуысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп-қарау жүргізу, шығу жағдайында донорлық қан алу үшін

Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және шығару, сұйық қалдықтарды алу және жою, аумақты жинау, жүктерді тасымалдау үшін

қызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студенттерді тасымалдау үшін (автобустар және шағын автобустар)

1

2

3

4

5

6

7

1

«Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

4

 

 

3

1

2

«Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2

 

 

2

 

3

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

3

 

 

 

 

4

«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

4

 

 

 

 

5

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

 

 

1

1

6

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

3

 

 

4

3

7

«Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1

 

 

1

 

8

«Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1

 

1

2

1

9

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

4

 

 

7

4

10

«Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

7

2

1

 

11

«Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

6

 

 

 

 

12

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

 

2

 

 

13

«Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

 

 

 

1

14

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

4

 

 

1

1

15

«Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1

 

 

1

1

16

«Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

 

1

1

1

17

«Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

3

 

 

1

2

18

«Бурабай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

4

 

 

9

4

19

«Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1

 

 

1

1

20

«Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1

 

 

2

2

21

«Республикалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

2

1

1

2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 648 бұйрығына 2-қосымша

Автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері

1. Пациенттерге жедел көмек көрсетуге, консультациялық- диагностикалық көмек көрсету мақсатында басқа медициналық ұйымдарға пациенттерді тасымалдауға, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізуге арналған арнайы көлік құралы

1. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру: ИВЛ аппараты, 2 л баллонымен оттегілік редуктор-ингалятор, қабылдау құрылғысы;

2. Науқасты тасымалдау үшін кушеткамен немесе шешілетін кресло зембілдері бар сырғытқы-арбамен жарақтандыру;

3. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру;

4. Каркассыз зембілдермен жарақтандыру;

5. Жиналмалы көліктік шиналардың жиынтығымен жарақтандыру;

2. Медициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізуге арналған арнайы көлік құралы

7. Тоңазытқыш жабдығымен жарақтандыру;

3. Бұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтауға арналған арнайы көлік құралы - мобильдік экспресс зертхана

9. Жақын инфрақызыл диапазонды шаң-, діріл- ылғалға төзімді спектрометрмен жарақтандыру.

4. Қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалауға арналған арнайы көлік құралы

10. Көп функциялы дербес өңдегішпен жарақтандыру;

11. Бензиндік айнымалы ток генераторымен жарақтандыру;

13. Жуғышы бар зертханалық үстелмен және приборларға арналған сөрелермен жарақтандыру;

14. Приборлармен (газ талдауыштар, шу-діріл өлшейтін жабдық және аппарат, электромагниттік айналаны өлшеуге, микроклиматтық параметрлерді өлшеуге, жарықтықты өлшеуге арналған аспаптар) жарақтандыру.

5. Туберкулезді және кеуде қуысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп- қарау жүргізуге арналған арнайы көлік құралы

15. Рентгендік флюорографиялық жылжымалы цифрлық аппаратпен жарақтандыру.

6. Шығу жағдайында донорлық қан алуға арналған арнайы көлік құралы

16. Донорларға арналған креслолармен және кішкене үстелдермен жарақтандыру;

19. Термоконтейнерлермен жарақтандыру.

7. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға және шығаруға арналған арнайы көлік құралы

20. Бүйір/артқы манипулятормен жарақтандыру;

21. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.

8. Сұйық қалдықтарды алуға және жоюға арналған арнайы көлік құралы

23. Қалдықтарға арналған сыйымдылықпен жарақтандыру;

24. Арнайы шлангісі бар қабылдайтын люкпен жарақтандыру;

9. Аумақты жинауға арналған арнай көлік құралы

26. Аспалы жабдықпен, қар тазалағышпен жарақтандыру;

27. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.

10. Жүктерді тасымалдауға арналған арнайы көлік құралы

Ескертпе: Арнайы көлік құралдарына жоғарыда көрсетілген өлшемдердің бірі бар көлік құралдары жатқызылады.

11. Қызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студенттерді тасымалдау үшін арнайы көлік құралы (автобустар және шағын автобустар)

2-қосымша 11-тараумен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.08.2016 жылғы № 753 Бұйрығына сәйкес

30. Адамдарды тасымалдауға арналған берік бекітілген отыратын орындармен (салонда 7 орыннан аса), тұтқалармен және терезелерде күнге қарсы құрылғылармен (перделер немесе шыныларды күңгірттеу), сондай-ақ авариялық люктармен жарақтандыру.

31. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру.

32. Салонды жылыту және суыту жүйелерімен жарақтандыру.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание