Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 27.08.2020 жылғы № 540 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, осы қаулыға қосымшаның 8-тармағын, 9-тармағының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 13-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 187-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджет қаражаты есебінен зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы » 2005 жылғы 8 шілдедегі, «Өсімдіктерді қорғау туралы » 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Мемлекеттік сатып алу туралы » 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес жергілікті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысына қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |