Bestprofi Logo

Қаулы № 753 от 2016-12-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 16.10.2023 г.

Документ на казахском языке

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 753 қаулысы

Осы Қаулы күшін жояды 2023 жылғы 16 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 03.10.2023 жылғы № 854 Қаулысына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 122-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары»;

«1. Осы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзiрлендi және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртiбiн айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) берiледi.

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртiсi, халық суретшiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;

2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.»;

«5. Мемлекеттік стипендияны алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталардан бұрын екі айдан кешіктірмей уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;

«7. Комиссияның мемлекеттік стипендияны беруге кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.

Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

Уәкiлеттi орган тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание