Toggle Dropdown
Весь документ
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығымен бекітілген
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ереже
1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін және осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
1) _______________________________________________;
2) _______________________________________________;
3) ________________________________________ тұрады.
2-тарау. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.