Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған инфекциялық ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдыру жоспары;
2) Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдыру жоспары бекітілсін.
2. Жоғарыда көрсетілген жоспарларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жыл сайын 20 желтоқсанға қарай Жоспарларды іске асыру жөнінде ақпаратты ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Т. Дүйсенова
(1-қосымша түпнұсқаға сәйкес болмаған)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған инфекциялық емес аурулардың профилактикалау және алдын алу бойынша ресурстарды әлеуметтік жұмылдыру жоспары
№ |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты адамдар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. Ұйымдастырушылық-дайындық іс-шаралары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары |
|||||
1. |
Инфарктқа, инсультке әкелетін ҚЖА аурулары бар халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде профилактикалау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу |
Әдістемелік ұсынымдар |
2016 жылғы 3-тоқсан |
ДСӘДМ (МКҰД), КІАҒЗИ (келісім бойынша), СӨСҚПҰО (келісім бойынша) |
|
2. |
Халық арасында инфекциялық емес ауруларды, жарақатты скринингтеу және профилактикалау бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарын әзірлеу |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016 жылғы 3-тоқсан |
ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша) СӨСҚПҰО (келісім бойынша) облыстардың, Астана және қалаларының ДСБ (келісім бойынша) Алматы |
|
3. |
Жүктілігі бойынша фертильді жастағы әйелдерді ерте есепке алу бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарын әзірлеу |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016 жылғы 3-тоқсан |
СӨСҚПҰО (келісім бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
2. Скринингтен өту және профилактиканың қажеттілігі туралы халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары |
|||||
4. |
ҚР ДСӘМ интернет-ресурстарына скрининг жүргізу және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы туралы баспасөз-релиздерін орналастыру |
Баспасөз-релизі |
2016-2019 жылдар тоқсан сайын |
ДСӘДМ (МКҰД) |
|
5. |
Жұртшылықтың аталған мәселеге назарын аударту мақсатында скринингтің және инфекциялық емес аурулар профилактикасының маңыздылығы мәселелері бойынша телевизиялық арналарда, радиостанцияларда сөз сөйлеулерді ұйымдастыру. |
ДСӘМ басшылығына ақпарат |
2016-2019 жылғы желтоқсан |
ДСӘДМ (МКҰД), СӨСҚПҰО (келісім бойынша), ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
6. |
Мерзімдік республикалық және/немесе өңірлік баспа басылымдарында профилактикасы Аурулардың, мүгедектіктің және өлімнің алдын алуға мүмкіндік беретін негізгі құрал ретінде скрининг және профилактикалық қарап-тексерулер тақырыбында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жарияланымдар орналастыру |
ДСӘМ басшылығына ақпарат |
2016-2019 жылғы 3-тоқсан |
СӨСҚПҰО (келісім бойынша), ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
7. |
Жыл сайынғы профилактикалық қарап-тексерулер мен скринингтерден өтудің маңыздылығы туралы (брошюралар, парақшалар) халық көп жиналатын және демалатын орындарында (саябақтар, сауда ойын-сауық орталықтары, аэропорттар), сондай-ақ қоғамдық тамақтану орталықтарында (республикалық, облыстық маңызы бар қалалардағы тамақтану орындарында) орналастыруды қамтамасыз ету |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016 жылғы 3-тоқсан |
СӨСҚПҰО (келісім бойынша), ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АҒПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
8. |
Профилактикалық қарап-тексерулер мен скринингтен бас тартумен байланысты салдарлар және саламатты өмір салтының басымдықтары туралы аудио-бейне роликтерді LED-мониторларда, қоғамдық көлікте, метрода, халық көп жиналатын жерлерде, әуежайларда, авто/теміржол вокзалдарында, кинотеатр желілерінде, ірі сауда орталықтарында орналастыру |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016-2019 жылғы желтоқсан |
СӨСҚПҰО (келісім бойынша), ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
9. |
Облыстық, республикалық маңызы бар қалаларында скринингтің және профилактикалық қарап-тексерудің маңызы туралы сыртқы жарнама (жүгіртпе жолдар, плакаттар) орналастыру |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016-2019 жылғы 3-4-тоқсан |
ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
10. |
Халық көп жиналатын жерлерде (сауда орындарында, сауықтыру орындарында, сапаржайларды, темір жол вокзалдарында, әуежайларда) скринингтен және профилактикалық қарап-тексеруден уақтылы өтуге тарта отырып, денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша радиотораптар арқылы халықты хабардар ету |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016-2019 жылғы 3-4-тоқсан |
СӨСҚПҰО (келісім бойынша), ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
11. |
Саяси және қоғам қайраткерлерін, белсенділерді, дін көшбасшыларын және ҮЕҰ тарта отырып, оқу орындарында (мектептер, ЖОО-лар, СОО-лар) білім алатын студенттердің, оқушылардың арасында саламатты өмір салтының және профилактикалық қарап-тексерулердің маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016-2019 жылғы 4-тоқсан |
СӨСҚПҰО (келісім бойынша), ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
3. Медицина қызметкерлерін жұмылдыру |
|||||
12. |
Қазақстан Республикасының 16 өңірінде халық арасында жүргізу ерте диагностика және скрининг алгоритмі мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін кейіннен каскадтық оқыту үшін өңірлік жаттықтырушы-мамандардың (аудандық онколог, терапевт, хирург, психолог және әлеуметтік қызметкер) тренингтерін өткізу |
ДСӘМ-ге ақпарат |
2016-2017 жылдар 3-тоқсан |
ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
13. |
ДСӘМ-мен келісілген кесте бойынша 16 өңірде ерте диагностика және скрининг алгоритмі мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту: 1) терапевт дәрігерлерді, хирургтерді, рентгенологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді және психологтарды; 2) орта медицина персоналын (қарап-тексеру кабинеттерінің медицина қызметкерлері). |
кесте және ДСӘМ-ге ақпарат |
2017 жылғы мамыр - желтоқсан
2016-2017 жылдар |
ҚазОРҒЗИ (келісім бойынша), АБҰҒО (келісім бойынша), АГПҰО (келісім бойынша), ТОҒЗИ (келісім бойынша), КІАҒЗИ (келісім бойынша), НҒО (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ (келісім бойынша) |
|
|
|
|
|
|
|
Аббревиатуралар мен қысқартулардың тізімі:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚазОРҒЗИ - Қазақ Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
КГПҒЗИ - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
АБМ - ақпараттық білім беру материалдары
ДСБ - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары
ҚДСЖМ - қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
МКҰД - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті;
АБҰҒО - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
АГПҰО - Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
ТОҒЗИ - Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы
НҒО - Нейрохирургия ғылыми орталығы
СӨСҚПҰО - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
ҚЖА - Қан айналым жүйесі аурулары