Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 72 бұйрығы
Редакция 13.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 22-тармағы 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының басшылары Регламентті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Заң департаменті осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы «28» қарашадағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің регламенті
Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің регламенті
(бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік), оның ведомствосы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (бұдан әрі – Ұлттық бюро) жүктелген функцияларды орындау процесіндегі Агенттіктің және Ұлттық бюро қызметінің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі.
2. Агенттіктің қызметі жариялылық жағдайларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін деңгейде жүзеге асырылады.
Агенттіктің және Ұлттық бюроның бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын ресми хабарламасына арналған материалдар, анықтамалар, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы қорытулар Төрағамен, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен және сәйкесінше Ұлттық бюроның басшысымен келісілгеннен кейін Агенттіктің баспасөз қызметіне беріледі. Осы материалдардағы мәліметтерді дайындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.
Агенттіктің және Ұлттық бюроның атынан ресми хабарламалар Төрағаның келісімі бойынша Агенттіктің және Ұлттық бюроның, сондай-ақ Агенттіктің өзге лауазымды тұлғалардың ресми өкілі арқылы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарды қабылдау, өңдеу мен бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» (бұдан әрі – Әкімшілік рәсімдер туралы Заң), 2007 жылғы
12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (бұдан әрі – Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы Заң), 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы» (бұдан әрі - Электрондық құжат айналымы туралы Заң) заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентте айқындалады.
Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы
14 наурыздағы № 390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
(бұдан әрі – Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Агенттікте ұзақтығы сегіз сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
5. Осы Регламентпен белгіленген талаптар Агенттіктің орталық аппаратының, Ұлттық бюро және олардың аумақтық органдарының, Агенттіктің ведомствоға бағынысты ұйымдардың (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйымдар) барлық жұмыскерлері мен қызметкерлеріне қолданылады.
6. Агенттік өз жұмысын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Агенттіктің стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Басшысы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы арасындағы Меморандумына (бұдан әрі - Меморандум), жыл сайынғы операциялық жоспарларына, жарты жылға жасалатын жұмыс жоспарларына, және өзге де жоспарларға сәйкес жүзеге асырады.
7. Әрбір үш жылда бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірленеді және мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша Төрағаның бұйрығымен бекітіледі.
Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті (бұдан әрі - СӘХБД) құрылымдық бөлімшелермен, Ұлттық бюромен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен бірлесіп Стратегиялық жоспардың жобасы әзірленеді және Төрағаның орынбасарымен, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларымен келісіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап, СӘХБД Стратегиялық жоспарды бір ай мерзімде әзірлеуін және бекітілуін, сондай-ақ Стратегиялық жоспар бекітілген күннен кешіктірмей оны он күнтізбелік күн ішінде Агентіктің
интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.
Стратегиялық жоспар, сондай-ақ Стратегиялық жоспарға өзгертулер мен толықтырулар Бюджеттік кодекспен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларымен бекітілген тәртіпте әзірленеді.
8. Стратегиялық жоспардың іске асыру мониторингісі операциялық жоспардың іске асыру барысының анализі негізінде СӘХБД-мен есептік жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.
Стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауын бақылау мақсатында СӘХБД Агенттіктің құрылымдық бөлімшелермен және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен, Ұлттық бюроның өкілдерімен кеңестер өткізе алады.
Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті дайындауды және Төрағаның орынбасарымен, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларымен келісуді және оны Төрағаның қолымен (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайлану үшін арналған ақпаратты қоспағанда) 20 ақпаннан кешіктірмей интернет-ресурсына орналыстыруды СӘХБД қамтамасыз етеді.
9. Қазақстан Республикасының он жылдық кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға СӘХБД Бюджеттік кодекспен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 2015 жылғы
31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларымен (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12944 болып тіркелген) бекітілген тәртіпте кезекті қаржы жылына арналған Меморандум жобасын әзірлейді.
10. Жыл сайын СӘХБД құрылымдық бөлімшілермен, Ұлттық бюромен және ведомствоға бағынысты ұйымдармен бірлесіп Агенттіктің ағымдағы қаржылық жылда нақты іс-әрекеттерді қамтитын, Стратегиялық жоспардың мақсатына және нысаналы индикаторларына жету бойынша ресурстармен,
іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жауапты орындаушылармен және мерзімдерімен байланыстырылған, сондай-ақ Агенттіктің ережесімен анықталған өзге де міндеттерді қамтитын операциялық жоспарды әзірлейді.
Операциялық жоспардың жобасы Төрағаның орынбасарымен, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларымен келісіледі.
СӘХБД Агенттіктің стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде операциялық жоспарды Төрағамен бекітілуін және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Операциялық жоспарды әзірлеу, сондай-ақ операциялық жоспарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
11. Операциялық жоспарды орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық бюро, ведомствоға бағынысты ұйымдар әр тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімнен кешіктірмей СӘХБД операциялық жоспарлардың іске асырылуы барысы туралы ақпаратты жолдайды.
Жолданған ақпараттардың негізінде СӘХБД операциялық жоспарды іске асыру туралы есепті дайындап, оны Төрағаның орынбасарларымен, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларымен келісіледі және есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде Төрағаға ұсынылады.
Операциялық жоспарды іске асыруды бақылау Төрағамен және ішкі аудит қызметімен (бұдан әрі - ІАҚ) жүзеге асырылады.
12. Агенттіктің жұмыс жоспарларын қалыптастыруды Әкімшілік департаменттің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (бұдан әрі – ӘД ҰББ) құрылымдық бөлімшелердің, Ұлттық бюроның, ведомствоға бағынысты ұйымдардың келісімі бойынша және одан әрі олардың уақытылы орындалуына бақылау жасайды.
13. Агенттіктің жұмыс жоспарлары жауапты орындаушылар
(тиісті құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық бюро немесе ведомствоға бағынысты ұйымдар), іс-шаралардың аяқталу нысаны, сондай-ақ орындау мерзімі көрсетілген іс-шараларды құрайды.
Агенттіктің жұмыс жоспарларының жобалары міндетті түрде мүдделі құрылымдық бөлімшелермен , Төрағаның орынбасарларымен және Агенттіктің аппарат басшысымен келісіледі.
Агенттіктің жұмыс жоспары Агенттіктің Төрағасымен жоспарланған кезеңнің басталуына дейін 5 жұмыс күні бұрын бекітіледі.
14. Агентттіктің бекітілген жұмыс жоспары жоспарланған кезеңнің басына дейін 3 жұмыс күні бұрын Төрағаның орынбасарларына, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларына, құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға бағынысты ұйымдарға танысуға және одан әрі орындауға жолданады.
15. Жоспарлық іс-шараларды орындау мерзімдеріне өзгерістер (орындаусыз бақылаудан алу, объектіні, субъектіні немесе тексеру затын өзгерту және т.б.), Агенттіктің жұмыс жоспарларына өзге де түзетулер туралы шешімді тек Агенттік Төрағасы (немесе оны алмастыратын тұлға) жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарымен, сондай-ақ Ұлттық бюроның басшысымен келісілген құрылымдық бөлімшенің, ведомство басшысының белгіленген мерзім өткенге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей қызметтік жазбасы негізінде қабылдайды.