• Мое избранное
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы КЕЛІСІМ

ҚР 30.06.2010 жылғы № 313-IV Заңымен ратификацияланды 
Осы Келісім қолданысын тоқтатты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартына сәйкес
Редакция 10.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып;
кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында, сондай-ақ кеден одағына мүше бір мемлекеттің кеден органдары және кеден одағына мүше басқа мемлекеттің өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін нормативтік құқықтық базаны құру мақсатында;
кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғауды, сыртқы және өзара саудасының дамуын және кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының мемлекеттік функцияларын орындау тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары алған ақпаратпен алмасады.
Кеден одағына мүше бір мемлекеттің кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары алған ақпаратты кеден одағына мүше басқа мемлекеттің өзге мемлекеттік органына кеден одағының кеден заңнамасына және осы Келісімге сәйкес кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органы арқылы ұсынады.
2-бап
Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген ақпарат кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының ресми деректерінен қалыптастырылады және ақысыз негізде ұсынылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен таратылуы шектелген ақпаратқа жатқызылған ақпарат (мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия, сондай-ақ өзге де құпия ақпарат) оны қорғау бойынша кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын сақтай отырып алмасуға жатады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге мемлекеттік органдары осы баптың бірінші бөлігінде аталған ақпаратты үшінші тарапқа осы ақпаратты ұсынған мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз бермеуге міндеттенеді.
Осы Келісімде үшінші тарап ретінде осы Келісімге сәйкес ақпарат алмасуға қатыспайтын тұлға танылады.
3-бап
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында ақпарат алмасудың құрамы мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің жасалған халықаралық келісімдерімен және өзге де халықаралық нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
  • 1
4-бап
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында кеден одағы шеңберінде құрылатын ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалана отырып ақпарат алмасу орталық кеден органдарының деңгейінде жүзеге асырылады.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналар орталық кеден органдары болып табылады:
Армения Республикасынан - Армения Республикасының Қаржы министрлігі;
4-бап абзацпен толықтырылды 10.10.2014 жылғы Шартқа сәйкес (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті,        Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті,        Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі.
  • 1
5-бап
Осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген және ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалана отырып ақпарат алмасуды ұйымдастыруды көздейтін жасалған халықаралық келісімдердің және өзге де халықаралық нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары Техникалық шарттарды және (немесе) Ақпараттық өзара іс-қимыл технологияларын әзірлейді.
Техникалық шарттар ақпараттың құрылымы мен пішінін, сондай-ақ есептеу техникасы құралдарына, бағдарламалық құралдарға,  телекоммуникация, байланыс құралдарына және ақпаратты қорғау құралдарына қойылатын талаптарды және ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін қажетті өзге техникалық талаптарды айқындауға тиіс.
6-бап
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары:
берілетін ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда оған жедел өзгерістер енгізуге;
күтпеген жағдайлар туындаған кезде ақпарат берудің мүмкін еместігі туралы уақтылы ге міндетті.
7-бап
Ақпарат беруді тоқтатуға ниет еткен кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары бұл туралы өзінің ниетін жазбаша түрде және кемінде алты ай бұрын білдіруге тиіс.
8-бап
1. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, ең алдымен, консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
2. Егер даудың бір тарабы даудың екінші тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары дауды консультациялар мен келіссөздер жолымен реттемеген болса, онда дау тараптарының арасында оны шешудің тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына бере алады.
3. Кеден одағының комиссиясы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына дауды қарау үшін бергенге дейін Тараптарға дауды реттеуге көмек көрсетеді.
9-бап
Осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
10-бап
Осы Келісім ратификациялануға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
Осы Келісім депозитарий Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімнің күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь              Қазақстан              Ресей 
Республикасының        Республикасының       Федерациясының 
Үкіметі үшін           Үкіметі үшін         Үкіметі үшін
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.
Министр Б. Жәмішев