Toggle Dropdown
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттер,
Отправить по почте
Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі КЕЛІСІМ
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 312-IV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттер,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты, кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
1) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекет аумағының кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектердегі бір бөлігі, мұнда кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін;
2) порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - халықаралық қатынас және шетелдік су кемелерінің кіруі үшін ашық теңіз порты, өзен порты аумағының бір бөлігінде немесе халықаралық әуе тасымалын орындайтын әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін ашық әуежай аумағының бір бөлігінде және теңіз портының, өзен портының немесе әуежай аумақтарының жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған мүліктік кешендер орналасқан бөліктерін қоспағанда, осындай теңіз портына, өзен портына немесе әуежайға іргелес аумақта құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ;
3) логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль және (немесе) темір жол өткізу пункттеріне іргелес кеден одағына мүше мемлекет аумағының бір бөлігінде құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ;
4) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың резиденті (қатысушы) - осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.
2. Келісімнің 21-бабында пайдаланылатын терминдер 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімде белгіленген мәндерде қолданылады.
3. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге терминдер 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексінде (бұдан әрі - Кеден одағының Кеден кодексі) белгіленген мәндерде қолданылады.
2-бап Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар құрудың мақсаты
Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар (бұдан әрі - ЕЭА) кеден одағына мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, инвестициялар тарту, жаңа технологияларға негізделген өндірістерді құру және дамыту, көлік инфрақұрылымын, туризмді және санаторийлық-курорттық салаларды дамыту мақсатында немесе ЕЭА құру кезінде анықталатын өзге де мақсаттарда құрылады.
3-бап ЕЭА құру және олардың жұмыс істеу тәртібі, кеден одағының кедендік аумағында ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімі
1. ЕЭА құру және олардың жұмыс істеу тәртібі, ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімі және кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі осы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында ЕЭА құру мақсаттарына байланысты олардың түрлері белгіленуі мүмкін.
Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА-ны басқару осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттер Кеден одағының комиссиясына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА құру туралы ақпараттың жіберілуін қамтамасыз етеді.
4-бап ЕЭА-ның жұмыс Істеуін тоқтату (тарату, жою)
1. Егер ЕЭА құрылған мерзім ұзартылмаса, көрсетілген мерзім өткен соң ол өзінің жұмыс істеуін тоқтатады (таратылады, жойылады) (бұдан әрі - ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату).
ЕЭА-ның жұмыс істеуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаудың негіздері мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттер осы Келісім күшіне енгеннен кейін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпараттың Кеден одағының комиссиясына жіберілуін қамтамасыз етеді.
5-бап ЕЭА аумағында жүзеге асырылатын қызмет түрлері
ЕЭА аумағында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге қызмет жүзеге асырылуы мүмкін.
Кеден одағының комиссиясы ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеуге құқылы. Бұл ретте ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы консенсус арқылы қабылдайды.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлері белгіленуі мүмкін.
6-бап ЕЭА резиденттерін (қатысушыларды) тіркеу және ЕЭА резиденттерінің (қатысушылардың) тізілімін жүргізу
1. ЕЭА резидентін (қатысушыны) (бұдан әрі - резидент) тіркеу тәртібі мен шарттары, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген жеріне және (немесе) тұрған жеріне немесе резидент мәртебесін алуға үміткер дара кәсіпкердің тұрғылықты жерінің мекенжайына қойылатын талап, резидент мәртебесін алуға үміткер заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талап кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында тұлғаны порттық немесе логистикалық ЕЭА резиденті ретінде тіркеу шарттарының бірі кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді беру болып табылатыны айқындалуы мүмкін.
2. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер кеден одағына мүше мемлекеттің резиденттер тізіліміне тиісті жазу енгізілген күннен бастап резидент деп танылады.
Нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын куәлік тұлғаны резидент ретінде тіркеуді куәландыратын құжат болып табылады. Кеден одағының комиссиясы тұлғаның резидент ретінде тіркелуін куәландыратын куәліктің бірыңғай нысанын айқындауға құқылы.
3. Резиденттердің тізілімін жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Кеден одағына мүше мемлекеттер резиденттердің тізіліміне енгізілген резиденттер туралы мәліметтердің Кеден одағының комиссиясына берілуін қамтамасыз етеді. Осындай мәліметтерді беру тәртібін Кеден одағының комиссиясы айқындайды.
Кеден одағының комиссиясы табыс еткен мәліметтердің негізінде резиденттердің жалпы тізілімін жасайды және оның кезеңдік жарияланымын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етеді.
7-бап Қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғалар
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес резиденттер, сондай-ақ резидент болып табылмайтын өзге де тұлғалар ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыра алады.
2. Резидент ЕЭА аумағындағы қызметін ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға) (бұдан әрі - ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісім) сәйкес жүзеге асырады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ЕЭА аумағында резиденттің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімде көзделмеген қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыруы кезінде резиденттің кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимін қолданбай осындай қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.
8-бап ЕЭА аумағында кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі
ЕЭА аумағында резиденттің кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін салық салудың ерекше режимін беруді, сондай-ақ ЕЭА аумағында кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында жалпыға бірдей белгіленген жағдайға қарағанда, өзге де неғұрлым қолайлы жағдай жасауды білдіретін кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады.
9-бап ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі туралы жалпы ережелер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. ЕЭА аумағы кеден одағының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған ЕЭА аумағына әкелінген тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағынан тыс тұрған тауарлар ретінде қаралады.
4. ЕЭА порттық және логистикалық шектері кеден одағының кедендік шекарасы болып табылады.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарлары, және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-бап Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің мазмұны
1. Еркін кедендік аймақ - тауарлар ЕЭА аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім.
2. Еркін кедендік аумақтың кедендік рәсімімен Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін және Армения Республикасында 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін тіркелген резиденттер орналастырған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Келісімнің 19-бабына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартымен 18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз) 2-тармақ өзгертілді Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартмен (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындауды мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 13-ФЗ Федералдық заңының (бұдан әрі - Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңы) негізінде қызметті жүзеге асырған тұлғалар осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, 2016 жылғы 1 сәуірге дейін осы Келісімнің 19-бабына сәйкес жүзеге асырады.
3. 2010 жылғы 1 мамырға дейін тіркелген резиденттер, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қызметті Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңының негізінде жүзеге асырған тұлғалар үшін Кеден одағының комиссиясы осы Келісімнің 19-бабында айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін орындауға қарамастан, шетел тауарлары мәртебесін алатын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар тізбесін белгілеуге құқылы. Көрсетілген тауарлар тізбесі, егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады.
4. 2010 жылғы 1 мамырға дейін тіркелген жекелеген резиденттерге, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қызметті Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңының негізінде жүзеге асырған жекелеген тұлғаларға қатысты Кеден одағының комиссиясы, егер мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағына шығару кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық саласына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қаупін туғызатындай өспелі көлемде және шарттарда жүзеге асырылған жағдайда, кеден одағының тауарлары болып танылуы мүмкін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар саны бойынша шектеу белгілеуге құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім Кеден одағының комиссиясы айқындаған тәртіппен консенсус арқылы және егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
14-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
18-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
19-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
20-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
21-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-бап Резиденттің мәртебесі туралы өтпелі ережелер
Осы Келісім күшіне енген күні резиденттер болып табылатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер осы Келісім күшіне енгенге дейін қолданылған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың резидент мәртебесін алған күнінен бастап резиденттер тізіліміне енгізілді деп танылады.
23-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
23-бап өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартпен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз) 23-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24-бап күшін жойды (ескертуді қараңыз)
24-бап күшін жойды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25-бап Өзгерістер енгізу
Осы Келісімге Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
26-бап Дауларды шешу
1. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар ең алдымен, келіссөздер және консультациялар өткізу жолымен шешіледі.
2. Егер даудың бір тарапы даудың екінші тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары дауды консультациялар және келіссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешуге қатысты басқа уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін жібере алады.
3. Кеден одағының комиссиясы Тараптарға дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бергенге дейін реттеуге жәрдем көрсетеді.
27-бап Қорытынды ережелер
Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімнің 5-бабы екінші бөлігінің, 11-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің, 13-бабы 5-тармағының ережелері осы баптың 1-бөлігіне сәйкес, бірақ депозитарий Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың бірінші пакетіне енгізілген келісімдер бойынша соңғы ратификациялық грамотаны алған күнінен ерте емес күшіне енеді.
2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын Кеден одағының комиссиясында сақталады және ол кеден одағына мүше әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасы Республикасы Федерациясы үшін үшін үшін