Toggle Dropdown
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
Отправить по почте
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы КЕЛІСІМ
ҚР 30.06.2010 жылғы 325-IV Заңымен ратификацияланды Осы Келісім қолданысын тоқтатады Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартқа негізделе отырып,
кеден одағы Кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағына, 85-бабының 5-тармағына, 93-бабының 3-тармағына, 217-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,
кеден одағының үшінші елдермен саудасына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдасуын дамыту мақсатында,
халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім тауарларды кеден одағының кеден аумағы бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжаттарды толтыру мен ұсыну тәртібін, нысанын, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың тұрған орнын белгілеу (растау) тәртібін, Тараптардың осындай тауарларға қатысты бюджеттері арасында өндіріп алынған соманы есептеу тәртібін және кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктерін айқындайды.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
«шетелдік валютадағы шот» - осы Тараптың уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте басқа Тараптың валютасында басқа Тараптардың әкелу кедендік баждарын бөлуден түсетін түсімдерді есептеу үшін ашылған шот;
«кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шоты» - Қазақстан Республикасының кеден органына уәкілетті органда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын есептеу үшін ашылған шот;
«уәкілетті органның бірыңғай шоты» - уәкілетті органға ұлттық (орталық) банкте, не ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда аталған Тараптың бюджеттері арасында түсімдерді есептеу мен бөлу үшін ашылған шот;
«орталық кеден органдары» - Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
2-баптың бесінші абзацы өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартпен (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
«Тараптардың мемлекеттік органдары» - Армения Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Беларусь Республикасы мемлекеттік басқармасының республикалық органдары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Ресей Федерациясы атқарушы билігінің федералдық органдары;
2-баптың алтыншы абзацы өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартпен (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
«уәкілетті орган» - осы Тарап бюджетінің орындалуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Тараптың мемлекеттік органы;
«салық төлеушінің нөмірі» - Тараптың салық органына есепке қою кезінде берілетін нөмір және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер егер кеден одағының шарттық-құқықтық базасында аталған терминдер пайдаланылмаса кеден одағының шарттық-құқықтық базасында не Тараптардың заңнамасында қандай мағынада пайдаланылса, сол мағынада қолданылады.
2-бап өзгертілді ҚР 19.02.2013 № 80-V Заңымен. (30.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
3-бап
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжат осындай қамтамасыз етуді ұсынылған тұлғаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдаған Тараптың кедендік органы берген және тіркеген, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі - Сертификат) болып табылады.
Сертификаттың нысаны және оны толтырудың тәртібі осы Келісімге, оның ажыратылмас бөлігі болып табылатын 1 және 2-қосымшаларымен айқындалады.
Сертификат Тараптың кеден органына ұсынылған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасына үш данада ресімделеді.
Тіркелген Сертификаттың бірінші данасы Сертификатты тіркеген кеден органында қалады.
Тіркелген Сертификаттың екінші және үшінші даналары кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынылған тұлғаға беріледі.
Сертификатты тіркеген кеден органы, осы Келісімнің 10-бабына сәйкес Сертификат берілгені туралы жөнелтуші кеден органын хабардар етеді.
Сертификат кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес бір Тараптың кеден органы жүзеге асырған кезде, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету екінші Тараптың кеден органына берілген жағдайда пайдаланылады.
Егер кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асыратын Тараптың кеден органына берілсе, Сертификатты не кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын, нысаны мен қолданылу тәртібі осы Тараптың заңнамасымен белгіленген өзге құжатты қолдануға жол беріледі.
4-бап
Кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты жөнелтуші кеден органына Сертификаттың екінші және үшінші даналарын транзиттік декларациямен бір уақытта табыс етеді.
Сертификатты мойындау кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асыратын Тараптың кеден органының қабылдауы болып табылады.
Ұсынылған Сертификат кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжат ретінде аталған Сертификатты осы Келісімнің 10-бабына сәйкес тіркеген кеден органынан Сертификат берілгені туралы ақпарат болған жағдайда Сертификатты пайдаланудың мерзімі өткенге дейін қабылданады.
Сертификат кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес бір транзиттік декларация бойынша қабылданады. Бір транзиттік декларация бойынша бірнеше Сертификат қабылдануы мүмкін.
Жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін Сертификаттың екінші және үшінші даналарының 3-бөлімін осы Келісімнің 2-қосымшасына сәйкес толтырады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарғаннан кейін Сертификаттың екінші данасы жөнелтуші кеден органында қалады, Сертификаттың үшінші данасы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты болып табылатын тұлғаға межелі кеден органына табыс ету үшін беріледі.
Тауарды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарған кезде Сертификатты қабылдағаны туралы жөнелтуші кеден органы Сертификатты осы Келісімнің 10-бабына сәйкес тіркеген кеден органын хабардар етеді.
5-бап
Кедендік транзит кезінде Тараптардың кеден органдары, егер:
Тауарлар шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген халықаралық ұйымдар органдарының және (немесе) миссияларының ресми пайдалануына арналған болса, ол туралы жөнелтуші кеден органын әрбір нақты тасымалдау бойынша өз Тарабының сыртқы істер министрлігі не шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі, сондай-ақ өз Тарапының аумағында орналасқан, артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың органы және (немесе) миссиясы хабардар еткен болса;
Тауарлар бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, дипломатиялық өкілдіктің персонал мүшелері, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметкерлері немесе артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген органдар және (немесе) халықаралық ұйымдар миссияларының персоналы, сондай-ақ егер болу мемлекетінде тұрақты тұрмайтын болса және болу мемлекетінің азаматы болып табылмаса, өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған болса, ол туралы жөнелтуші кеден органын әрбір нақты тасымалдау бойынша өз Тарапының сыртқы істер министрлігі не дипломатиялық өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оған теңестірілген орган және (немесе) өз Тарапының аумағында орналасқан халықаралық ұйымның миссиялары хабардар еткен болса;
тауарлар мәдени, ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануға, спорттық жарыстарды не оларға дайындықты өткізуге, дүлей апаттардың, авариялардың, апаттардың салдарын жоюға, Тараптардың қорғаныс қабілеттілігін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыруға, Тараптардың мемлекеттік шекараларын қорғауға, Тараптардың мемлекеттік органдарының пайдалануына арналған болса, ол туралы мүдделі Тараптың орталық кеден органы жөнелтуші кеден органына ұсынған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынбастан осындай тауарларды шығару туралы қолдауды мүдделі Тараптың тиісті мемлекеттік органы растаған болса;
Тараптардың кеден органдары, егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты салықтар мен кедендік баждардың сомасын Сертификатта көрсетілген соманы тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне және тіркелген күнге қолданыстағы транзиттік декларацияға сәйкес декларацияланған Тараптың заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша 500 (бес жүз) евро баламасынан аспаса, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қосымша ұсынуды талап етпейді.
5-бап өзгертілді ҚР 19.02.2013 № 80-V Заңымен. (30.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
6-бап
Жеткізу орнында тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларациямен және онда бар өзге құжаттармен бірге Сертификаттың үшінші данасын оны өтеу үшін ұсынады.
Межелі кеден органы Сертификатты өтеу кезінде осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Сертификаттың үшінші данасының 4-бөлімін толтырады. Сертификаттың үшінші данасы жоғалған кезде 4-бөлім толтырылмайды.
Сертификатты өтеу мына жағдайларда:
кедендік транзит кедендік рәсімі тиісінше аяқталғанда;
Сертификат пайдаланылмағанда, оның ішінде Сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанда, жөнелтуші органның Сертификаттың пайдаланылмағаны туралы ақпараты болған жағдайда;
белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіргенде (төлегенде) жүзеге асырылады.
Сертификатты өтеу туралы межелі кеден органы жөнелтуші кеден органын осы Келісімнің 10-бабына сәйкес хабардар етеді.
7-бап
Кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығармаған Тараптың аумағында тауарлардың болу фактілерін растау Тараптардың заңнамасына сәйкес құзыретті органдар жүргізетін әкімшілік процесі барысында, қылмыстық істер бойынша тергеулер барысында не тексеру барысында жүзеге асырылады.
Кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығармаған Тараптың аумағында тауардың болуының дәлелдемесі осы Тараптың құзыретті органдарының әкімшілік, қылмыстық істердің материалдарына не тексеру материалдарына негізделген растауы болып табылады.
Тауарлардың Тарап аумағында болу фактін растау тауарды кедендік транзит кедендік режиміне сәйкес шығарған Тараптың мойындауы үшін жеткілікті болуға тиіс.
Мұндай фактіні мойындамаған жағдайда даулар осы Келісімнің 12-бабына сәйкес реттеледі.
7-бап өзгертілді ҚР 19.02.2013 № 80-V Заңымен. (30.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
8-бап
Аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме туындаған Тараптың кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген не тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген Тараптың кеден органына құзыретті органның әкімшілік, қылмыстық істер не тексеру материалдары бойынша шешімінің куәландырылған көшірмесін және кедендік баждарды, салықтарды өндіру қажеттігі туралы шешімнің не аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған Тараптың заңнамасына сәйкес ресімделген өзге де осыған ұқсас құжатты ілеспе хатпен жібереді. Ілеспе хатта транзиттік декларацияның, Сертификаттың (ол болған жағдайда) тіркеу нөмірі және кедендік төлемдердің түрлері бойынша кедендік баждардың, салықтардың өндіріп алуға және аударуға жататын сомасы туралы мәліметтер, сондай-ақ түскен өндіріп алынған сомалар есептеуге жатқызылатын бюджеттік сыныптау коды болуға тиіс.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген Тараптың кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың негізінде, кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
9-бап
Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар мынадай мерзімдерде:
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қаржы қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз еткен кезде - осы Келісімнің 8-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 12 жұмыс күні ішінде;
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қаржы қаражатынан (ақшадан) өзге тәсілмен қамтамасыз еткен кезде, сондай кедендік тасымалдаушылардан өндіріп алған кезде - кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына (кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына) ақша қаражаты (ақша) түскен күннен бастап 12 жұмыс күні ішінде кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Тараптың шетелдік валютадағы шотына аударуға жатады.
Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 3-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар Армения Республикасында, Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында уәкілетті органның бірыңғай шотында өндіріп алынған сомаларды басқа Тараптарға аударуға арналған бюджеттік сыныптаудың жекелеген кодтары бойынша есепке алынады.
9-баптың төртінші абзацы өзгертілді 10.10.2014 жылғы Шартпен (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 3-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасында кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотында есепке алынады.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылған Тараптың кеден органы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде, бірақ белгіленген мерзім өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өз Тарапының уәкілетті органына Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған сомаларын, кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Тараптың шетелдік валютадағы шотына аударуға тапсырма жібереді.
Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған сомаларды кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Тараптың шетелдік валютадағы шотына аударуды уәкілетті орган кеден органының тапсырмасы түскен күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде толық көлемде жүзеге асырады.
Есеп айырысу (төлем) құжатында (нұсқаулықта) оған сәйкес ақша қаражаттарын аудару жүзеге асырылатын осы Келісімнің 8-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы ілеспе хатынан өндіріп алынған сомаларды аудару бойынша бюджеттік сыныптау коды, ілеспе хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған және басқа Тараптардың уәкілетті органдарынан кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Тараптың шетел валютасындағы шотына түскен сомалар әкелу кедендік баждарын бөлуден түскен сомаларды Тарап бюджетінің кірісіне аудару бөлігінде, осы Тарап бюджетінің кірісіне әкелу кедендік баждарын (балама күші бар өзге баждар, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу және бөлу үшін белгіленген тәртіппен аударылады.
Тарап бюджетінің кірісіне басқа Тараптардан келіп түскен өндіріп алынған сомалар осы Тараптың шетел валютасындағы шотына ақша қаражатын есепке жатқызу күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы Тараптың кеден органы бюджеттік сыныптаудың тиісті кодтарына кедендік баждардың, салықтардың есебіне есепке жатқызуға тиіс.
10-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсаты үшін Тараптардың кеден органдары мынадай:
тіркелген және берілген, қабылданған, жабылған Сертификаттар туралы;
белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алумен (төлеумен) байланысты Сертификатты жабу мүмкіндігі туралы;
Кеден одағы кеден кодексі 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомасы Тараптардың бюджеттері арасында аударылғаны туралы ақпарат алмасады.
Орталық кеден органдарының келісімі бойынша осы Келісімнің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін өзге ақпарат алмасу жүргізіледі.
Жоғарыда аталған ақпарат алмасу орталық кеден органы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Ақпарат алмасудың құрамын, құрылымын, форматы мен регламентін, оны қорғау тәсілдерін орталық кеден органды келісім бойынша айқындайды.
11-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсаттары үшін уәкілетті органдар шетелдік валютадағы шоттары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Бір Тараптың шетелдік валютадағы шотының деректемелері өзгерген жағдайда осы Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, басқа Тараптардың уәкілетті органдарына шоттың нақтыланған деректемелерін жеткізеді.
Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер өзгерген жағдайда Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, басқа Тараптардың уәкілетті органдарына көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.
12-бап
1. Тараптар арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
2. Егер дауласушы Тараптардың бірінің келіссөздер мен консультациялар жүргізу туралы екінші Тарапқа жіберген ресми жазбаша өтінішінің күнінен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемеген болса, онда Тараптар арасында дауды шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға бере алады.
3. Кеден одағының комиссиясы дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін берілгенге дейін оны реттеуде Тараптарға жәрдем көрсетеді.
13-бап
Осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
14-бап
Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Келісім күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге 1-қосымша
Оң жақ беті
№ ОООООООО/ДДММГГ/ННННН Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаты
1-бөлім. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің не (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)
атауы, нөмірі немесе сәйкестендіру нөмірі не
_____________________________________________________________________
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және паспорттық деректері (жеке
нөмірі, ол болмаған кезде паспорттың сериясы мен нөмірі)
_______________________________________________________________берді.
тұрған не тұратын орны (елі, облысы, қаласы, көшесі,
үйінің, пәтерінің нөмірі),
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растауға
_____________________________________________________________________
(Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілі,
сондай-ақ осындай қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың
деректемелері)
_____________________________________________________сомаға ұсынылды.
(валютаның сандық және жазбаша атауы)
Осы Сертификатты кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, нөмірі, немесе сәйкестендіру нөмірі,
тұрған орны (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)
_____________________________________________________________________
не кедендік транзит кедендік рәсімі декларантының тегі, аты,
әкесінің аты және паспорт деректері (жеке нөмірі, ол жоқ болған
жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттардың атауы)
жөнелтуші кеден органынан:___________________________________________
(кеден органының атауы)
межелі кеден органына:_______________________________________________
(кеден органының атауы)
сәйкес тасымалданатын шетелдік құжаттарға қатысты пайдаланады.
Кедендік баждарды, салықтарды
төлеуді қамтамасыз етуді
ұсынған тұлға
_____________________ _____________
(аты-жөні, тегі) (қолы)
Мөрдің орны
Артқы беті
2-бөлім. Осы Сертификат_________________________________тіркелді және
(кеден органының атауы)
20__ жылғы «__»__________________________________дейін пайдаланылады.
Кеден органының
лауазымды адамы ________ _______________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
3-бөлім. Осы Сертификат _______________________ транзиттік декларация
(транзиттік декларациялар нөмірі)
бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді
ұсынуды растау үшін қабылданды.
Кеден органының
лауазымды адамы ________ _______________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
4-бөлім. Осы Сертификат ___________________________ байланысты өтелді
(өтеу себебі көрсетіледі)
Кеден органының
лауазымды адамы_________ _______________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге 2-қосымша
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібі
2-қосымша өзгертілді ҚР 19.02.2013 № 80-V Заңымен. (30.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген кеден органы тіркеу нөмірін бере отырып Сертификатты тіркеуді жүзеге асырады.
2. Тіркеу нөмірінің құрылымы мынадай:
ОООООООО/ККААЖЖ/НЕШНН, мұнда:
ОООООООО1 - Сертификатты тіркеген кеден органының коды;
КК - тіркеу күні;
ММ - тіркеу айы;
ЖЖ - соңғы екі сан тіркеу жылдары;
ННННН - Сертификаттың реттік саны.
Осы Келісім күшіне ену күнінен бастап Сертификаттың реттік санын нөмірлеу бірден басталады. Әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Сертификаттың реттік санын нөмірлеу бірден басталады.
3. Сертификаттың 1-бөлімін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлға толтырады.
Сертификаттың 1-бөлімінде:
1) салық төлеушінің атауы, нөмірі2, тұрған жері кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және төлқұжат деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі), тұрған орны3 не тұрғылықты жері (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі);
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілін (банк кепілдігі, қаржы қаражаты (ақша), кепілгерлік, мүліктік кепіл, осындай қамтамасыз етуді қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де тәсіл), осындай қамтамасыз етуді беруге негіз болған құжаттың нөмірі мен күні;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген сома (цифрмен және жазбаша, валютаның атауы);
4) кедендік транзит кедендік рәсімі декларантының атауы, салық төлеушінің нөмірі4, тұратын жері5 не тегі, аты, әкесінің аты және төлқұжат деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі), тұрғылықты жері (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі);
5) коммерциялық, көлік (тасымалдау) құжаттарының (болған жағдайда) нөмірі;
6) жөнелтуші кеден органының атауы;
7) межелі кеден органының атауы көрсетіледі.
Сертификаттың қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап 30 күннен аспауға тиіс. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебінен төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша ықтимал шаралар қабылдау мерзімі оны берген күннен бастап үш айдан кем болған жағдайда Сертификат тіркелмейді және берілмейді.
Сертификаттың 1-бөліміне кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның басшысы қол қояды және мөр басылып куәландырылады. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді жеке тұлға ұсынса, онда 1-бөлімге осы тұлға қол қояды және мұндай тұлға дара кәсіпкер болып табылса, мөрмен (ол болған жағдайда) куәландырылады.
4. Сертификаттың 2-бөлімін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Сертификаттың 2-бөлімінде:
1) Сертификатты тіркеген кеден органының атауы;
2) Сертификаттың пайдаланылу мерзімі көрсетіледі. Сертификаттың 2-бөліміндегі жазбалар Сертификатты тіркеген кеден органы лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
5. Сертификаттың 3-бөлімін жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Сертификаттың екінші және үшінші парағындағы 3-бөлімде транзиттік декларацияның нөмірі көрсетіледі, ол бойынша табыс етілген Сертификат кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің қабылданғанын растайтын құжат ретінде қабылданады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері үшін көрсетіледі Заңды тұлғалар, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар және дара кәсіпкерлер үшін көрсетіледі
Сертификаттың 3-бөліміндегі жазбалар Сертификатты жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
6. Сертификаттың үшінші парағының 4-бөлімін межелі кеден органының лауазымды тұлғасы:
кедендік транзит кедендік рәсімі кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің туындауына әкеп соғатын бұзушылықтарсыз аяқталғаннан кейін «тасымалдаудың тиісінше аяқталуы» деген жазуды енгізу жолымен;
Сертификаттың пайдаланылу мерзімі өткеннен кейін және оны пайдаланылмағаны туралы ақпарат болған жағдайда, «сертификат пайдаланылмаған» деген жазуды енгізу жолымен;
Сертификатты пайдалану мерзімі өткенге дейін жөнелтуші кеден органынан оны қабылдау туралы ақпарат болмаған жағдайда, егер тұлға тиісті жазбаша өтініш жасаса, «сертификат пайдаланылмаған» деген жазуды енгізу жолымен;
кедендік транзит кедендік рәсімі кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің туындауына әкеліп соғатын бұзушылықтармен аяқталғаннан кейін, төлеуші кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеуіне байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер тоқтатылған жағдайда «кедендік баждарды, салықтарды төлей отырып» деген жазбаны енгізу жолымен толтырады
Сертификаттың 4-бөліміндегі жазбалар межелі кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
______________
1 Егер Армения Республикасының кеден органы, Беларусь Республикасының кеден органы немесе Қазақстан Республикасының кеден органы Сертификатты тіркеуші кеден органы болып табылса, мұндай кеден органының коды мынадай ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі:
1-сілтеме жаңа редакцияда жазылды 10.10.2014 жылғы Шартқа сәйкес (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
Армения Республикасы үшін - 051000 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (05100000);
Беларусь Республикасы үшін - 112 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (11200000);
Қазақстан Республикасы үшін - 398 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (39800000).
2 Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері үшін көрсетіледі
3 Заңды тұлғалар, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар және дара кәсіпкерлер үшін көрсетіледі
4 Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері үшін көрсетіледі
5 Заңды тұлғалар, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар және дара кәсіпкерлер үшін көрсетіледі
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.
Қаржы министрі Б. Жәмішев