Bestprofi Logo

Бұйрық № 454 от 2016-10-27г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г.

Документ на казахском языке

"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14482 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандазы № 454 бұйрығымен бекітілген

«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің су ресустарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хабарлама.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14238 болып тіркелген) бекітілген «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының бір күнтізбелік күні ішінде тіркеу нөмірі мен күнін қоя отырып, Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;

3) құрылымдық бөлімше басшысының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы және құжаттарды қарауға беруі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының жиырма жеті күнтізбелік күні ішінде Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беру;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарары;

3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және оған қол қою;

4) тіркелген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының бір күнтізбелік күні ішінде тіркеу нөмірі мен күнін қоя отырып, Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;

3) құрылымдық бөлімше басшысының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы және құжаттарды қарауға беруі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының жиырма жеті күнтізбелік күні ішінде Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.

«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Ескертпе: * ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание