• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ 
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 28.11.2016 жылғы № 745 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді 
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат):
1) 31-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы соттың судьялары, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауыстырылған кезде судья, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылуы мүмкiн.»;
2) 34-баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: