1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 787 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 4-1) тармақшадағы «төлеуден босатылады деп белгіленсін.» деген сөздер «төлеуден босатылады;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мен мемлекеттің қатысу үлестеріне таза табысының бір бөлігін төлеуге жұмсайды деп белгіленсін.»;
мынадай мазмұндағы 2-5-тармақпен толықтырылсын:
«2-5. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза кірісінің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»;
«3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2), 3-3) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3 және 3-2-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 787 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 3-2-қосымша
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.
2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.
3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
5. «Қазконтент» акционерлік қоғамы.
6. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
7. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
8. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |