Toggle Dropdown
27
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 28.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы 1-тармағы 3) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14129 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров
Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) айқындалған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттары үшін белгіленген және оларға жатқызылан лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
Toggle Dropdown
2. Үлгілік біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) білімі бойынша талаптарды;
Toggle Dropdown
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
Toggle Dropdown
3) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды қамтиды.
Toggle Dropdown
3. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында басшы лауазым ретінде өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшенің, ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген ұйымның құрылымдық штаттық бірлігі түсініледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік органдардың ведомстволық біліктілік талаптарында:
Toggle Dropdown
мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін ескерумен, осы Үлгілік біліктілік талаптармен көзделмеген құзыреттердің болуы бойынша;
Toggle Dropdown
А-1 және В-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын иелену үшін міндетті түрде С-О, C-R, D, D-О, D-R, Е, E-R және E-G санаттары лауазымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша талаптар қойылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
5. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі деп:
Toggle Dropdown
- мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
- әкімшілік мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
- құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдардағы жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
- әскери қызмет өтілі.
Toggle Dropdown
6. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі деп мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілін қоспағанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілі түсініледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша үлгілік біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
7. А-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
Toggle Dropdown
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Toggle Dropdown
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
Toggle Dropdown
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-2, C-1, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-2, C-1, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі алты жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығының орынбасарынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жеті жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-2, C-1, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
8) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежелері (бұдан әрі – ғылыми дәреже) болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
Toggle Dropdown
9) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Toggle Dropdown
8. А-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
Toggle Dropdown
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Toggle Dropdown
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;