• Мое избранное
"Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 462 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 14508 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.01.2020 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес   
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11176 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларында:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны шығындар есептемелерін қоса бере отырып, екі данада облыс әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына ұсынылады.
Министрліктің шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын қарау мерзімі хат түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Оң нәтиже болған жағдайда Министрлік шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнының бір данасын тиісті ілеспе хатпен қайтарады.
Теріс нәтиже болған жағдайда Министрлік дәлелді негіздемесі бар хатпен шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнының екі данасын да пысықтауға жібереді.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаулы қабылданғаннан кейін облыс әкімдігі оны екі жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Қаулы ресми интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін Министрлік екі жұмыс күні ішінде оны бұрын келісілген шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 7 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі 
___________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 11 қараша