Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Жауапты хатшысының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 276 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 45-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысының м.а. 2014 жылғы 06 қарашадағы № 218 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысының 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 935 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына өзгеріс енгізу туралы» жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы A. А. Ахетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы А. Құрманғалиева
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі жауапты
хатшысының 2016 жылғы 12 сәуірдегі
№ 276 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
төрағасының орынбасары (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
төрағасының орынбасары (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-3
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
аумақтық департаментінің басшысы (16 бірлік), С-О-1 санаты, 24-2-1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің
аумақтық департаментінің басшы орынбасары (16 бірлік), С-О-2 санаты, 24-2-2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің
аумақтық департаменті басшысының орынбасары (2 бірлік), С-О-2 санаты, 24-2-3