«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте

Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйек № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14523 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2019 жылғы № 193/НҚ Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараттандыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице - министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 10 қараша
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 159 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы(бұдан әрі – Заң) 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу,іске асырылуын қолдап отыру және дамыту тәртібін айқындайды.
2. Ережелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелерге және құрамында мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтері бар, оларды өңдейтін және (немесе) тапсыратын ақпараттық-коммуникалық инфрақұрылымына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйелердің архитектурасы – мемлекеттік функцияларды автоматтандыратын және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің, қолданбалы бағдарламалық өнімдердің, олардың өзара іс-қимыл процестерінің және мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктеріне қатынасының сипаттамасы болып табылатын мемлекеттік орган архитектурасының жігі;
2) ақпараттық жүйелер интеграциясының моделі – өзара ақпараттық іс-қимылдарды стандарттауға және деректердің қайталанбауына арналған ақпараттық жүйедегі өзара іс-қимылдарының, форматтардың және іс-қимыл тәсілдерінің өзара іс-қимыл нүктелерінің жиынтығының көрінісі;
3) ақпараттық жүйелердің моделі – кешендерге топталған және мемлекеттік органдардың қызмет бағыттары бойынша бөлінген, ақпараттық жүйе жиынтығын сипаттауға және олардың арасындағы қиылысуларды анықтауға арналған ақпараттық жүйелердің көрінісі;
4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның архитектурасы (бұдан әрі – АК-инфрақұрылым) – бағдарламалық өнімдердің, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, телекоммуникация желілерінің, ақпараттық қауіпсіздік құралдары және инженерлік инфрақұрылымның сипаттамасы болып табылатын мемлекеттік орган архитектурасының жігі;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым моделі – физикалық серверлік алаңдар бойынша топтастырылған және өзара топологиялық байланыс желілері арқылы байланысқан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерінің көрінісі;
6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ведомствоаралық жоба (бұдан әрі – салалық АКТ-жобасы) - ақпараттық-коммуникациялық технология саласында бірнеше мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоба;
7) ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы ведомствоішілік жоба (бұдан әрі – ведомствоішілік АКТ-жоба) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бір мемлекеттік орган жүзеге асыратын жоба;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоба (бұдан әрі – АКТ жобасы) – бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының занмаларымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерініңесебінен қаржыландырылатын ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және қызмет көрсетуібойынша экономикалық негізделген жұмыстар кешені;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалық құжаттар жобасы (бұдан әрі – жобалық құжаттар) –инвестициялық ұсыныстан, қаржы-экономикалық негіздемеден, мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобасының тұжырымдамасынан және бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінен тұратын, құрамында жобаның техникалық-экономикалық параметрлерін, іске асыру мақсаттылығын, сонымен қатар негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдерді ашатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаның сипаттамасы бар құжаттар жиынтығы;
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар портфелі (бұдан әрі – АКТ жобалар портфелі) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында олардың жүзеге асырылуын тиімді басқару мақсатында біріктірілген жобалар жиынтығы;
11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы салалық жоба (бұдан әрі – салалық АКТ-жоба) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында коммерциялық кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың қатысуымен белгіленген саланың (сфераның) уәкілетті мемлекеттік орғаны іске асыратын жоба;
12) ақпараттық қамтылым – шешім қабылдау үшін пайдаланылатын құжаттардың, деректер мен электрондық ақпараттық ресурстардың қол жетімділігін сапалық бағалау шарасы;
13) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
14) ақпараттық өзара іс-қимыл – мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы мәліметтер мен ақпараттар алмасу процесі;
15) ақпараттық өзара іс-қимыл моделі – мемлекеттік органдардың өзара ақпараттық іс-қимылының басымдықтарын анықтау, стандарттау және оңтайландыруға арналған мемлекеттік ақпараттық өзара іс-қимыл көрінісі;
16) деректер архитектурасы – ақпараттық ресурс ииспаттамасы болып табылатын, ақпараттық өзара іс-қимыл деректері, сондай-ақ деректерді және оларды басқару туралы мәліметтер бар ақпараттық ресурстар енгізілген мемлекеттік органның архитектура жігі;
17) деректер моделі – мемлекеттік органның үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі деректер, олардың жағдайы мен өзара байланысы;
18) қызмет архитектурасы – стратегиялық басымдықтарды, мақсаттарды, міндеттерді, ұйымдастырушы құрылымды, қызметінің бағытын, функционалдық мүмкіндігін, мемлекеттік органның функциялары мен қызметтерін сипаттайтын мемлекеттік орган архитектурасының жігі;
19) қызмет моделі – мемлекеттік орган жұмысының негізгі қағидаттарын сипаттауға арналған құрылымдық, операциялық және қаржылық тетіктері, оның жұмысы мен қызметінің негізгі нәтижелерінің көрінісі;
20) қызмет уәждемесінің моделі –мемлекеттік органның қажетті өзгерістерін жүзеге асыруға арналғанмемлекеттік органның өзара байланыс құралдары және қол жеткізу тәсілдері, борышы, мақсаттары мен міндеттерінің көрінісі;
21) мемлекеттік орган архитектурасының ағымдағы жағдайы (бұдан әрі – ағымдағы архитектура) – белгілі уақыт мезетіндегі мемлекеттік орган архитектурасы компоненттерінің мемлекеттік органның қазіргі қажеттіліктерін қолдау үшін пайдаланылатын және олардың арасындағы қарым-қатынастарды көрсететін ұсынымдар жиынтығы және ол ұзақ мерзімді жоспарлау мен қысқа мерзімді өзгерістер үшін негіз болып табылады;
22) мемлекеттік орган архитектурасының ауқымы – (бұдан әрі – архитектура ауқымы) – құрылымдық бөлімшелерінің және қарамағындағы ұйымдардың санымен, мемлекеттік органның архитектуралық жіктерімен, компоненттерін нақтылау мен мемлекеттік органның архитектурасын ұсынумен, сондай-ақ жоспарланған өзгерістердің уақытша шегімен сипатталатын мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу және дамыту жөніндегі жұмыстардың шекарасы;
23) мемлекеттік орган архитектурасын басқару жөніндегі процестің дайындық деңгейін бағалау – мемлекеттік орган архитектурасы ауқымыныңәділ бағасын анықтауға және іске асырудың тиімділігіне бағытталған және кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін және жетілдірудің келешегін анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығы;
24) мемлекеттік орган архитектурасыныңжүзеге асырылуын қолдау (бұдан әрі – архитектураныңжүзеге асырылуын қолдау) – мемлекеттік орган архитектурасының сәйкестігін, мемлекеттік орган архитектурасын басқару және мемлекеттік орган архитектурасында бекітілген өзгерістерді басқару жөніндегі процестердің дайындығын бағалау, мемлекеттік орган архитектурасын жүзеге асыруды тиімді басқару жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
25) мемлекеттік орган архитектурасының жігі (бұдан әрі – архитектура жігі) – мемлекеттік органның қызметін, немесе деректерін, немесе ақпараттық жүйесін немесе АК-инфрақұрылымын сипаттау арқылы мемлекеттік органның жағдайы мен бір болашағын сипаттайтын мемлекеттік органның құрамдас бөлігі;
26) мемлекеттік орган архитектурасының компоненті (бұдан әрі – архитектура компоненті) – мемлекеттік орган қызметіндегі бір объектінің ағымдағы және (немесе) жоспарланған жағдайын көрсететін мемлекеттік орган архитектурасының элементі;
27) мемлекеттік орган архитектурасының мәнмәтіні (бұдан әрі – архитектура мәнмәтіні) – мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу және дамыту шеңберінде мемлекеттік орган қызметінің ішкі және сыртқы жағдайы;
28) мемлекеттік орган архитектурасының нысаналы (жоспарланған) жағдайы (бұдан әрі – мақсатты архитектура) – қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға және мемлекеттік жоспарлау Жүйесі құжаттары нәтижелері көрсеткіштерінің мақсатына, міндеттеріне, және нысаналы индикаторларына жетуге бағытталған қажетті өзгерістерін анықтау үшін пайдаланылатын мемлекеттік орган архитектурасының жоспарланған компоненттер жиынтығын және олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсететін ұсынымдар жиынтығы;
29) мемлекеттік орган архитектурасы мен ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жобаның мүдделі тараптары (бұдан әрі – мүдделі тарап) –мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу немесе дамыту міндетіне жататын, мемлекеттік органның архитектурасынан, немесе архитектураның жекелеген компоненттерінен және ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жобадан нәтиже күтетін және мүдделі заңды тұлға (мемлекеттік заңды тұлға, қазыналық кәсіпорын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, квазимемлекеттік сектор субъектісі);
30)мемлекеттік орган архитектурасының моделі (бұдан әрі – архитектура моделі) – мемлекеттік орган архитектурасының графикалық формат түрінде ұсынылған компоненттері;
31) мемлекеттік орган архитектурасына сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – архитектураға сәйкестік бағасы) – бекітілген мемлекеттік орган архитектурасын әзірлеу, жобалау сатысында, техникалық және конкурстық құжаттары, ақпараттандыру объектісінде жүзеге асыру мен енгізу кезеңдерінде ақпараттандыру объектісі «электрондық үкімет» объектісінің құрылымы мен мазмұнына сәйкестігін бағалау;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |