Toggle Dropdown
14
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 261 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 26.03.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесі;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қалдықтары туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орналастырылған салымдар туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кері репо, репо операциялары туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес дебиторлық берешек туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиторлық берешек туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес акционерлер туралы мәліметтердің нысаны;
Toggle Dropdown
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес инвестициялық қызметтен түскен кірістер (шығыстар) туралы есептің нысаны;;
Toggle Dropdown
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес кепілдік төлемдерді, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүзеге асыру бойынша шығыстар туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес активтер туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес резервтер есебінен сатып алынған активтер туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес резервтер есебінен инвестициялау лимиттерін сақтау туралы есеп нысаны;
Toggle Dropdown
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде ай сайын электрондық форматта есептілікті ұсынады.
Toggle Dropdown
3. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы
Toggle Dropdown
№ 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Toggle Dropdown
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
______________ Н.С. Айдапкелов
2016 жылғы «___» _____________
Toggle Dropdown
13
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 261 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесі
Toggle Dropdown
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының есептілігіне мыналар кіреді:
Toggle Dropdown
1) ақша қалдықтары туралы есеп;
Toggle Dropdown
2) орналастырылған салымдар туралы есеп;
Toggle Dropdown
3) бағалы қағаздар туралы есеп;
Toggle Dropdown
4) кері репо, репо операциялары туралы есеп;
Toggle Dropdown
5) дебиторлық берешек туралы есеп;
Toggle Dropdown
6) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есеп;
Toggle Dropdown
7) кредиторлық берешек туралы есеп;
Toggle Dropdown
8) акционерлер туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
9) инвестициялық қызметтен түскен кірістер (шығыстар) туралы есеп;
Toggle Dropdown
10) жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп;