1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына 1-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 жылғы № 1056 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығымен (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 жылғы № 1461 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
аттестаттауға жіберуден бас тарту немесе аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда - күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына орналастырады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін:
1) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініші;
2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігі не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
10. Мыналар аттестаттауға жіберуден бас тарту негізде:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оқызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу болып табылады;
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.
3- тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың мемлекеттiк қызметкөрсету мәселелерi бойынша лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13-кіреберіс.
11-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, «электрондық үкіметтің» веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.
Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттiкқызметкөрсетумекенжайлары
1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуына болады.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» көмегімен қашықтықтан қолжеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.
16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша
үмiткердi аттестаттау /аттестаттамау туралы шешiмi
_______________ қаласы 20___ жылғы «___» _______
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша
_______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) тестiлеу бойынша ____________________________ балл практикалық тапсырма бойынша _______________ балл жинады. Мына құрамдағы Комиссия: Төраға Мүшелерi шешiм шығарды:
_________________________________ аттестаттаудан өтті/өтпеді деп (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) саналсын.
Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Адвокаттық қызметпен айналысуға
үмiткер адамдарды аттестаттау
жөніндегі комиссияның төрағасына
кімнен _________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiңаты
(бар болғанкезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы ________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
(елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
Аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Маған адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.
_________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
I. Диплом туралы мәлімет:
1. жоғары оқу орнының атауы ________________________________________
2. мамандықтың шифрі _______________________________________________
3. дипломның нөмірі ________________________________________________
4 дипломның берілген күні __________________________________________
5. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
_______________________________________________________________
1. сериясыжәненөмірі:
2. негіздеме: күніжәненөмірі ______________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________
II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні______________
2. _____________________________облысының/қаласының адвокаттар алқасы
3. тағылымдама жетекшісі_____________________________________
4. тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі_______________
5. тағылымдаманың басталу күні__________________________________
6. тағылымдаманың аяқталу күні_________________________________
Осымен:
шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін;
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
күні:________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |