• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына 2-қосымша

«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 жылғы № 1461 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталына жіберіледі және «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылып сақталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін кезiнде бюджетке қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес мынаны:
1) лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);
2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, онда төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбiртек) берiледi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес арыз;
2) мәліметтер нысаны, мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптарды қамтитын ақпарат;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
4) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;
5) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, прокуратура немесе тергеу органдарындағы жұмыс өтiлiн растайтын, атқаратын қызметiнен босатылу себептерi қамтылған құжаттың электрондық көшiрмесі – теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі.
Лицензияны қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар:
1) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;
3) тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін (егер тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылға дейін жүргізілген болса) ұсынады.
Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетiлетiн қызметтi берушiге портал арқылы мынадай құжаттарды:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетілетін қызметті алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігін не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
10. Бас тарту негіздері:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) лицензиялық алым төленбесе;