• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2019 г

Отправить по почте

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күшін жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 389 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
1
Қазақстан Республикасының
 Президенті мен Үкіметі актілерінің
 жинағында жариялануға тиіс
1. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатымен тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, транзит әлеуетін іске асыру»;
«1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз ету»;
«11) «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасының жобаларын инфрақұрлыммен қамтамасыз ету;»;
1) 2019 жылы 2014 жылға қатысты ЖІӨ-нің 8,7 %-ға дейін өсуін қамтамасыз ету;
2) 2015 - 2019 жылдары 511,2 мың адамға арналған жұмыс орнын құру, оның ішінде:
3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін 57-орынға дейін жоғарылату;
4) 2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде теміржол және автомобиль көлігі түрлерімен транзиттік жүктердің көлемін 18,1 млн. тоннаға дейін ұлғайту.»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары және инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттер, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдарының қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестициялар арқылы 7,8 трлн, теңге жалпы индикативтік сомасында қаржыландырылатын болады, оның ішінде:
Қаржыландыру көздері
Барлығы бағдарлама
бойынша шығыстар:
Республикалық бюджет
Ұлттық қор
Жергілікті бюджет
Халықаралық қаржы
институттары мен
ұйымдары
Ұлттық компаниялар
мен даму
институттарының
меншікті қаражаты
Жеке инвестициялар мен
МЖӘ
Қажетті қаражат (млрд. теңге)
7 751,9 429,4
2 355,9
299,4 3 954,2
673,7

39,3
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары институционалдық реформаларының бесінші бағытын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын ұлттық және халықаралық деңгейдегі заманауи инфрақұрылымы бар хаб-қалалар ретінде айқындай отырып және мемлекеттік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесімен интеграциялай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған.»;
«Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасын әлемдік жүйемен сәтті интеграциялау үшін мультимодальды тасымалдарды дамыта отырып, халықаралық заманауи көлік дәліздері жұмыс істейтін болады.»;
«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудан кешенді, синергетикалық нәтиже алу үшін ілеспе іс-шаралар қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» ) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.»;
«Екіншіден, экономика мен экономикалық байланыстардың өсуі, бизнестің жоғары көліктік және әкімшілік шығыстары, сондай-ақ жаңа қалыптасып келе жатқан өңірлік нарықтар елдің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін арттыруды және жаңа деңгейдегі көлік қызметтерін ұсынуды айқындап берді.»;
«Үшіншіден, Азия-Еуропа бағыты бойынша өсіп келе жатқан жүк айналымы мен елдің транзиттік әлеуеті Қазақстанның халықаралық көліктік-коммуникация легіне одан әрі интеграциялануын негіздейді.»;
мынадай мазмұндағы қырық үшінші, қырық төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазіргі көлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары оның тым тозғандығы және өткізу қабілетінің төмендігі болып табылады. Қазақстан автомобиль жолдарының тозуы бүгінгі таңда 33 %-ды құрайды, бұл елде жүк тасымалының дамуына мүмкіндік бермейді. Қазіргі автожол инфрақұрылымы қолданыстағы автомобиль жолдарын реконструкциялауды, оларды сақтауды және жаңаларын салуды қажет етеді.
2001 - 2014 жылдар аралығындағы кезеңде автожолдардың тозуын азайту үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын 58 мың км жол жөнделді, оның ішінде 14,8 мың км толық қалпына келтірілген, бұл жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар жай-күйінің 31 %-ға жақсаруына әкелді.»;
«Бүгінде еліміздің барлық ірі қалалары қолданыстағы жолдар арқылы өзара байланыста, Алайда, көлік құралдары қозғалысының орташа тәуліктік қарқындылығының болжамды артуына қарай хаб-қалаларды байланыстыратын жолдарды реконструкциялап, неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыру қажет. Бұл өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне әкеледі.»;
мынадай мазмұндағы қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сонымен қатар, автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартумен қатар, автожолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, авария деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге назар аудару қажет.
Көлік процесіне қатысушылар біліктілігінің жеткіліксіздігі мен тәртібінің төмендігі, көліктік бақылау органдарының материалдық-техникалық жағынан жеткіліксіз жарақтандырылуы, сондай-ақ көлік құралдарының физикалық тозуы және қанағаттанарлық емес техникалық жай-күйі көліктегі авариялылықтың жоғары деңгейіне себепкер негізгі факторлар болып табылады.
Автожолдардың қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдарының қанағаттанғысыз жай-күйін төмендету үшін уақтылы жөндеу жұмыстары және тиісінше күтіп ұстау қажет. Жолды нормативтік емес жағдайда ұстаудан келтірілетін нұқсан оның қызмет ету мерзімін 30 %-дан артық, 15 жылдан 10 жылға дейін, қысқартады. Жыл сайын жөндеумен қамту республикалық маңызы бар жолдың 1 000 км ғана құрайды, тиісінше барлық желіні қамту үшін ұсынылған 5-7 жылдың орнына кем дегенде 20 жыл қажет. Жөндеуаралық мерзімдердің сақталмауы жыл сайын ақаулықтардың жинақталуына әкеледі, оларды қалпына келтіру мемлекет үшін 2 есе қымбатқа түседі.