• Мое избранное
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14624 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118, 120-1, 120-2 және 120-3-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.01.2022 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (26.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (16.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 23.12.2024 жылғы № 862 Бұйрығымен (30.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
 _________________Н.Айдапкелов
 2016 жылғы «_____»________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң  
2016 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 640 бұйрығы
  • 2
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.03.2017 жылғы № 201 Бұйрығымен (06.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.06.2018 жылғы № 601 Бұйрығына сәйкес (29.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.01.2022 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (26.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау тәртібін анықтайды.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша жартыжылдық, жылдық есептілікті жасайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 26.02.2021 жылғы № 157 Бұйрығымен (16.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.01.2022 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (26.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (16.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-3-бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі;
1-тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды Р Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 30.11.2023 жылғы № 1237 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 18.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган (бұдан әрі – бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.12.2024 жылғы № 862 Бұйрығына сәйкес (30.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, бухгалтерлiк есепті, бюджеттік есепті және республикалық бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.12.2024 жылғы № 862 Бұйрығына сәйкес (30.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
5) ведомство – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
7) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Бюджет кодексінің 120-2-бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік;
8) республикалық бюджетті атқару жөніндегі шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Бюджет кодексінің 120-1 бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған ведомствоның және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі;
9) элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен бюджет кірістерінің есебін жүргізетін уәкілетті орган арасында, өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар арасындағы операцияларды алып тастау.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мақсаты мүдделі адамдарды қаржылық қызметтің нәтижелері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайының өзгерістері, қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
4. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және осы Қағидаларды басшылыққа алу қажет.
5. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялар шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржылық есептілігінде ұсынылған құн бойынша беріледі.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 26.02.2021 жылғы № 157 Бұйрығына сәйкес (16.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындаған кезде қолданылатын қаржылық есептілік бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және олардың ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігі бір есепті күндегі жағдай бойынша дайындалады.
8. Осыған ұқсас мәмілелер мен басқа да оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік бірыңғай есептік саясат негізінде жасалады. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер бірыңғай есепке алу қағидаттарын қолданады.
9. Шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары онда көзделген көрсеткіштермен толық сәйкестікте толтырылады. Бекітілген қаржылық есептілік нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді.
9-тармақ өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.01.2023 жылғы № 30 Бұйрығымен (19.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ағымдағы есепті кезеңге де, алдыңғы кезеңге де жатқызылатын шоғырландырылған қаржылық есептіліктің деректерін (олар бекітілгеннен кейін) өзгерту бұрмалаушылықтар анықталған кезеңде жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікте жүргізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті тапсырғаннан кейін оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өзгерістерді осы Қағидаларға өзгерістер енгізу жөніндегі қағидалар мен талаптарды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 15594 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну ережесін міндетті түрде сақтай отырып, олардың есепті қарау нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жазбаша хабарламасының негізінде ғана енгізіледі.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке өзгеріс енгізілген кезде есептіліктің Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасына (келесі – Жоғарғы аудиторлық палата) бұдан бұрын жіберілген данасына тиісті өзгерістерді енгізу қажет.
10. Қаржылық есептілік нысандарының мекенжайлық бөлігі мынадай тәртіппен толтырылады:
«Мерзімділік» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі» деректемесі – «Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;
«Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган» деректемесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының атауы;
«Бюджеттің түрі» деректемесі – бюджет түрі көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» деректемесі – мың теңге.
11. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар нысандардың толық көлемінде электрондық түрде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы ұсынады. Есепті беру күні оны АЖ арқылы беру күні болып есептеледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.01.2022 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (26.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (16.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
11-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 30.11.2023 жылғы № 1237 Бұйрығымен (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті уәкілетті органдар ведомствода белгіленген мерзімде ведомствоға жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мерзімі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 8 ақпанынан кешіктірілмей, ал жергілікті уәкілетті органдары үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 13 наурыздан кешіктірілмей белгіленеді.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi нысандардың толық көлемінде электрондық түрде АЖ арқылы ұсынады.
12. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ішкі мемлекеттiк аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
12-тармақ өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.01.2023 жылғы № 30 Бұйрығымен (19.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес
12-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 30.11.2023 жылғы № 1237 Бұйрығымен (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ведомствоға ұсынады.
Бюджет Кодексінің 83-бабына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік құпиялар мәселелерін реттейтін актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.