Toggle Dropdown
27
Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14623 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 15.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 112-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_____________ Н. Айдапкелов
2016 жылғы
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы № 629
бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқау) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 112-бабына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
Бюджеттік мониторинг - міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау.
Toggle Dropdown
Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық, жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мақсаты мен міндеттері
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулықтың әзірлену мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттерді тиімді атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мониторинг рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсімдерінің атқарылуын қадағалап отыру.
Toggle Dropdown
3. Түсімдердің атқарылуы кезінде және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері:
Toggle Dropdown
түсімдердің атқарылуын талдау;
Toggle Dropdown
төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын және төленген міндеттемелерді салыстыру жолымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеруін талдау;
Toggle Dropdown
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жоспар) сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілмеу және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жоспар) сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептерін анықтау болып табылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Бюджеттің атқарылуын талдау
Toggle Dropdown
1-параграф. Бюджеттің түсімдерінің атқарылуын талдау
Toggle Dropdown
4. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау объектілері: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; тиісті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінде көзделген ресми трансферттер түсімдері болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау субъектілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, өндіріп алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады.
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша талдау жүргізеді.
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары облыстың, атап айтқанда облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандар бюджеттерінің, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы бойынша талдауды, сондай-ақ бюджеттің төмен тұрған деңгейіне бөлінген нысаналы трансферттердің талдауын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Бюджеттік мониторинг бюджеттің атқарылуына талдау жүргізу функциясына кіретін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері алған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Бюджеттің кіріс бөлігін талдау кезінде пайдаланылатын негізгі құраушы база бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын есепті деректердің айлық көлемі және Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамаларға сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатып алудан түсетін түсімдерді, трансферттерді есептіден кейінгі айдың 12-не дейінгі мерзімде өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар ұсынатын түсімдердің тиісті түрлерін орындамау немесе асыра орындау себептері болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мен трансферттер түсімдерін өндiрiп алуға жауапты құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 12-сі күнінен кешіктірмей, жылдың басынан бастап республикалық бюджетке түсетін түсімдердің түрлері бойынша жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 17-сі күнінен кешіктірмей, республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттің атқарылуын талдау жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
Toggle Dropdown
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсетін түсімдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Toggle Dropdown
Жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін республикалық бюджет жоспарының асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Toggle Dropdown
9. Бюджеттік кредиттерінің өтеуін талдау объектілері бюджетке түсетін түсімдердің түрлері: республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару болып табылады.
Toggle Dropdown
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттеріне бюджеттік кредиттерінің өтеуін бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау тоқсан сайын осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің атқарылуын талдау объектілері заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Toggle Dropdown
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттеріне мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша жыл басынан бастап жоспар орындалу талдау мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, акциялардың және түсімдердің жоспар мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер жоспар асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау көрсетіле отырып, тоқсан сайын осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Toggle Dropdown
11. Қарыздар түсімі атқарылуын талдау объектілері қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың шығаруымен және (немесе) қарыздар шарт жасасулармен байланысты бюджетке түсетін қаражат.
Toggle Dropdown
Республикалық бюджетіне қарыздар түсімі бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау тоқсан сайын осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Toggle Dropdown
Қарыздар түсімдерінің жоспарын орындау талдауында жылдың басынан бастап ерекшеліктер бөлігінде қарыздар түсімдерінің жоспарын артығымен орындау немесе орындамау себептерін көрсете отырып жоспарланған және іс жүзіндегі түсімдердің сомасының салыстырмалы талдауы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
11-1. Тиісті қаржы жылындағы түсімдер бойынша талдамалық есепте осы Нұсқаулыққа 2-1-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем құжаттары негізінде шетел валютасындағы шоттар бағдармалық сыртқы қарыз қаражатар бойынша деректер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
12. Республика бойынша және аумақтар шеңберінде есептік мерзімде мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) салықтардың және төлемдердің түсімі жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы салдарына талдау жүргізу барысында төлемдермен салықтардың түсуіне ықпал еткен факторлар (сыртқы сауда айналымының мөлшерінің өзгеруі, минералдық шикізатқа әлемдік баға, салық салу базасының өзгеруі, салықтық және кедендік заңнамадағы өзгерістер, жүйелік сипаттағы бер реттік төлемдер және басқа да факторлар) айқындалады.
Toggle Dropdown
13. Республика бойынша және аумақтар шеңберінде ағымдағы жылдың есептік мерзімінде былтырғы жылдың осындай мерзімін салыстырмасы мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыстық бюджет, (республикалық маңызы бар қала, астана)) түсімдерді талдау Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құрастырылады, және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органмен (жергілікті атқару органдарымен) тоқсан сайын 25-інші күнге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.
Toggle Dropdown
14. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың есепті кезеңінде республикалық және жергілікті (облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің талдау бойынша кірістер түсімдерін талдау осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.